Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI805

Тәуелсіздік алғаннан бастап білім беру жүйесіндегі өзгерістер

Қазақстан  өз   тәуелсіздігін алғаннан  кейін білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасып, білім беру мекемелерінің өзіндік құзіреті кеңейді. Жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді.Әрбір бала тегін оқуда құқылы.Сонымен бірге  үш тілде оқыту жүйесі енгізілді.  2004 жылы қабылданған «ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» қабылданып білім беру саясатын дамытудың ұзақ мерзімді құжаты енді.Тұжырымдама – білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат.

Тұжырымдама ҚР Конституциясына, «Білім туралы» ҚР Заңына, «Ғылым туралы» Заңға, «Қазақстан-2030» Стратегиясына, «Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына», «Білім» мемлекеттік бағдарламасына, Балалардың құқықтары туралы конвенцияға және т.б отандық және халықаралық маңызды құжаттарға сәйкес әзірленді.

         Елбасының әр жылдық жолдауын тыңдай отырып әр  ұстаздың  заманның өзгерістеріне бейім болуын, инновациялық дамудың көшінен қалып қоймауы   керектігін ұғынып отырдық. Жаңа бағытта қайта  білімімізді   жаңғырттық.  Оқыту бағдарламасы  жаңартылды. Дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім алу  қолға алынды. Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тірелетіні белгілі.Сол үшін де алдымен білім  жүйесінің сапасын  жетілдіру керек болды.Ал ол үшін  бірінші   кезекте жастарға сапалы  білім  беретін   ұстаздардың жалпы  педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік озық тәжірибені меңгерулері басты  назарда тұрды.Қазақстан ұстаздарының алдына үлкен міндет қойылды. Ғылым мен техниканың даму деңгейіне қарай оқушыға білімді терең меңгерту, сыни ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын білімді тұлғаны қалыптастыру. Сол үшін білім саласына көптеген міндеттер, талаптар қойып отырды. Біздің бүгінгі ұрпақтарымыздың «Жаңартылған білім мазмұны» бойынша білім алуыда осы талаптардан шықты. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – білім алушы оқушылардың оқу, білім алу нәтижелерін жетілдіру, арттыру. Бұл бағдарламадағы ең маңыздысы үштілділікті қолға алу, ақпараттық -комуникациялық технологияларды қолдана алуына аса көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, электронды журнал, электронды күнделікпен жұмыс істеп, үй тапсырмаларына аз ғана уақытта орындайтын тапсырмаларды беру болып отыр. Жаңартылған білім жүйесінде мұғалімнің берген бағыты бойынша сабақта қолданған әдіс-тәсілдердің, ойындардың оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға, тапсырмаларды орындауда шығармашылықпен айналасуына жауапкершілікпен айналысуына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған. Сонымен қатар бұл бағдарлама – озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

     Тәуелсіз елімізде білім жүйесінің өзекті мәселесі жастарға сапалы білім беру болып тұр. Жаңартылған оқу бағдарламалары 10 бөлімнен тұрады және сол бойынша қаншама жұмыс  атқарылып   келеді. Мен айтар  едім алдыға  қойған  мақсат   айқын болса бәрі де орындалады деп.Жаңа бағдарлама өз нәтижесін  беріп   келеді. Мектептер компьютерлік сыныптармен толықтырылды.Жастарды жаңа технологиялық қалыпқа бейімдеу (3Д принтер, робот техникасы, жасанды интеллект және т.б); жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқыту басталдлы, оқу орны мен кәсіпорын, корпорациялардың арасында   ынтымақтастық  нығайды.  

Тәуелсіздіктің тағы бір жемісі – «Бақытты бала» жобасы құрылды. Елімізде тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті балаларға арналған сауықтыру лагері, білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім)  сыныптары   ашылды. Бұл дегеніміз Қазақстанның әрбір  болашағына жағдай жасау, әртүрлі деңгейлі бабаларды білім нәрімен сусындату, қабілеттерін ашуға деген ниет еді.

       Педагог-мамандардың мәртебесі тұрақты көтеріліп келеді. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қаралды. Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қабылданды. Педагог мамандығының мәртебесін арттыру үшін жүктеме 18-ден 16 сағатқа дейін қысқартылып, мұғалімдердің есеп-қисап беретін құжаттарының саны 10-нан 2-ге дейін азайтылды. Өткен жылы педагогтердің жалақысы қосымша ақы мен үстемақылардың артуы есебінен 45 пайызға, ал осы жылдың қаңтарынан 25 пайызға артты. Дене тәрбиесі пәнінен беретін педагогтерге үйірмелер мен спорттық секцияларды жүргізгені үшін қосымша ақы төлене бастады. Еңбек демалысы 42 күннен 56 күнге ұзартылды. Ұлттық біліктілік тестілеу қорытындысы бойынша мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының жалақысын көтеру де қолға алынды. Олар лауазымдық жалақыларына 30-дан 100 пайызға дейін қосымша ақы алатын болды. Сонымен қатар елімізде педагогтерді қызметіне кірмейтін жұмыстарға тартуға заңмен тыйым салынған.

Қорыта  айтар   болсам заманауи білімді ұрпақ тәрбиелеп жетілдіру үшін алдымен мұғалімнің өзі білімді, ізденімпаз, күш-жігерлі болуы тиіс деп ойлаймын. Мұндай мұғалім алдына бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқат жету жолында шәкірттерінің жүрегінне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жеткенде, болашақ шәкірттердің білімді болуы сөзсіз.   Білімді ұрпақ арқасында тәуелсіз елдің тірегі мықты болады деген ойдамын.

 

2 948 0
Мирхакимова Махсуда, Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Түркістан облысы, Төлеби ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000361
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: