Тәуелсіздіктің арайлы азаттығының отызыншы жылына қадам басып отырмыз. Осы жылдар ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл ата-бабамыздың сан ғасырлар аңсаған арман-тілегі еді. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. . Қазақ елі асқақ рухының арқасында қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қала алды. Бұл – әрбір Қазақстандық үшін үлкен қуаныш болды. Тәуелсіздіктің бізге не бере алатынын түсінген асыл текті бабаларымыз оның жолында жан аямай күресіп бақты.Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды.
Тәуелсіздік алғанға дейін қазақтың басынан не өтпеді? Бүгінгі таңға дейін осыншама қиындыққа қарамай өз жері, халқы, діні, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жоймай біртұтас қазақ мемлекеті болуы әрине, бірінші ата-баба қанымен,білектің күшімен, найзаның ұшымен, сонымен қатар, ынтымағы жарасқан еліміздің осынау ұлтшылдығымен, қайсар рухымен , ел болам деген асқақ үмітімен жүзеге асты. Жер үшін қаншама қыран-қиғы соғыстар болды. Қаншама қан төгілді. Қазақ халқының жер бетінен жойылып кету қаупі төнген кездері де болды. Бұл адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ашаршылық зұлматы еді. Қолдан жасалған ашаршылықтан елімізде қазақтардың үштен бірі ғана аман қалды.
Ал саяси-қуғын сүргін кезінде репрессия зобалаңының құрбаны болған қазақ зиялыларын қалай ұмытарсың? Қазақтың талай ұлтжанды азаматтары тәуелсіздік жолында құрбан болды. Тәуелсіздіктің бізге не бере алатынын түсінген асыл текті бабаларымыз оның жолында жан аямай күресіп бақты.Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды.
Тәуелсіздіктің бүгінгі жетістігі – өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген нәтижелер. Бірақ алдымызда әлі де алар асулар, бағындырар белестер көп. Осы жылдар ішінде жеткен жетістігімізді келер ұрпақтың жадында қалдырып, еліміздің болашақ тағдырын, тарихын, салты мен дәстүрін дәріптеу біздің қолымызда. Қазақ елі 30 жыл бұрын өз тәуелсіздігін алған кезде дұрыс таңдау жасағандығын бүгінгі таңда уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Тәуелсіздігіміздің алғашқы таңынан бастап қазіргі кезеңіне дейінгі атқарылған істер, оңды өзгерістер Елбасымыздың тікелей бастамасымен болып жатқаны анық. Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстан жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қатарына қосылып келеді.
Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген сұрақтардың шешімі табылды. Ел қайғысына айналған Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, мәдениетіміз, қазақ тіліміз, дініміз қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымыз өз меншігімізге қайтарылды. Қазақстанның көрші елдермен шекарасы толық анықталып, құжатпен бекітілді. Бұл Президенттің жүргізіп отырған парасатты сарабдал саясатының көрінісі. Көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің арқасы деуге болады. Еліміздің бостандығы мен мемлекеттің нығая түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз келешегіне деген берік сенімі, қазіргі замандағы дамыған қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Елбасымыздың сол кезеңдегі басты таңдаған стратегиялық бағыты – ашық нарықтық экономикаға көшу болды. Түбегейлі құрылымдық өзгерістерді жүргізуде шетелдік инвестицияны маңызды фактор деп есептеді. Осындай тарихи шешімдердің арқасында біз қазіргі таңда әлемнiң 50 ең бәсекеге қабiлеттi елдері қатарына кірдік. Елімізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Түрлі жағдайларға байланысты қазақ жеріне әр кезеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да – Қазақстан. Біз көпэтностық сипатымызды артықшылығымызға айналдыра алғанымыз анық. Біздің ұлтаралық келісім саясатымыз әлемді мойындатты. Халқымыздың осындай ырыс-ынтымаққа негізделген жарасымын бағалай білуіміз керек. Бұл – кемел келешекке бастайтын бірден-бір дұрыс жол. Сондықтан, ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, еліміздегі тұрақтылық пен береке-бірлік үшін барлығымыз бірдей жауаптымыз. Осы уақытқа дейін тәуелсіздік үшін құрбан болған батырлардың есімдері мәңгі есімізде қалады. Осындай ұлан-ғайыр жерімізді қорғаған қайсар бабаларымыздың аруағына бас иеміз. Мен ұстаз ретінде оқушыларға қоғамдық дамудың рухани жаңғыруында тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғатын, Отанын, жерін сүйетін, шын мәніндегі патриоттық тәрбиенің дәнін құнарлы етіп сепкім келеді. Алайда бізге әлі де білімді жетілдіру,ғылымды дамыту, тіл мәртебесін өсіру керек.
Бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлу керек.Тәуелсіздік - ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік - арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
Ендігі ұрпақтың мақсаты мол біліммен қаруланып, кең - байтақ жерімізді теріс пиғылды басқыншылардан қорғау. Талай жерде құрсақта жатып, құрбан болып кете жаздаған тәуелсіздігімізді пәле жаладан аман сақтайық, ғұмыры ұзақ болғай. Ынтымағымыз жарасқан, бірліктегі ел бола берейік. Бұл мен сияқты мыңдаған қазақ халқының тілегі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!