Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI803

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану

Мақсаты: Заман талабына сай оқыту жүйесінде тәрбие жұмысында әрбір жұмысты сыни тұрғыдан ойлау, жаңа тәсілдерді енгізудің қажеттіліктері мен жеке мәні бар тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған әдістерді пайдалану.

А. Байтұрсынұлы: – Әдістің жақсы, жаман болғаны жұмсалатын орнының керек қылуына қарай деген екен. Олай болса оқу-тәрбие жұмыстары бастауыш сыныпта оқитын оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруға, өз ойын еркін жеткізуге бағытталады. Сыни тұрғыдан ойлау, ол маңызды мәселелерді талқылау және ой елегінен өткізуді қамтиды. Сондықтан бастауыш сыныбы үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы болып саналады. Ол үшін жаңа мектептің табалдырығын аттаған оқушыға білім беруде ұстазға қойылатын басты талаптар мыналар:

Баланы оқи білуге үйрету;

Баланы ойлауға үйрету;

Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Өз басым сыни тұрғыдан ойлаудың кейбір әдіс-тәсілдерін сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қолданған тиімді деп ойлаймын. Жалпы мектепте жүргізілетін тәрбиелік іс-шараларының бірі: сыныптағы тәрбие сағаттары. Оны өткізудің мақсаты: оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологиялар мен әдістерді кеңінен қолдану арқылы патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу. Сонымен бірге өздігінен оқу материалдарын талдап, салыстырып, қорыта білуге үйрету, алған білімнің өмірге қажет екенін білу, өмірде болып жатқан үрдістерге өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.

Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты болып табылады.

Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – тәрбие жұмысын түсінікті, қызықты, тиімді өткізу. Қазіргі уақыттағы оқу бағдарламасында ұсынылған модульдердің ішінде сыни тұрғыдан ойлауды дамыту модулі тәрбие жұмысын жетілдіруге барынша ыңғайлы.

Біздің мақсатымыз – шығармашылық ізденіске бейім, дүниетанымдық көзқарасы дамыған, бейбітшілік пен келісімді сақтайтын еркін, толерантты, өз ойын ашып айта алатын рухты тұлға тәрбиелеу. Сонымен бірге өздігінен оқу материалын талдап, салыстырып, қорыта білуге үйрету, алған білімінің өмірге қажет екенін түсіну, өмірде болып жатқан жағдаяттарды жедел меңгеру үшін сыни тұрғыдан ойлаудың кейбір әдіс-тәсілдерін сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қолданып отырған жөн.

Ғалымдардың айтуынша адам бір жаңа нәрсені ойлар алдында бұрын бұл жайлы не ойлағанын жете түсініп, ұғынуы керек дейді. Олай болса, бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептердегі іс-шараларда қолданылатын сценарийлер алдын-ала жасалғандықтан, оқушылар бір қалыптан шыға алмайды. Себебі, жоспарланған сценарий оларға ой толғау жасауға мүмкіндік бермейді. Ал сонда бұл сценарийлердің мақсаты не? Ол оқушының Ұлттық патриоттық сезімін ояту, еркіндікке, батылдыққа тәрбиелеу емес пе? Керісінше жоспарланған сценарийлерде баланың еркін сөйлеуі мен өз ойын батыл жеткізуі, жабық жағдайда қалып отыратыны анық. Себебі, мәтінді қайталап айтып беру оқушының сыни ойлау көзқарасын қалыптастыра алмайды. Ол үшін сыныптағы тәрбие жұмыстарын жүргізгенде оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін қолданған жөн. Оны жүзеге асырудың бір жолы – сабақ уақытын ұтымды пайдалануға, мұғалім мен оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін технологияны тиімді қолдана білу. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен жан-жақты зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технлогиялар баршылық. Солардың бірі – сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыс оқушыларда мына дағдыларды қалыптастырады:

Өз бетінше тұжырым жасап, қорытындыға келу;

Ұқсас құбылыстардың арасынан өздеріне тиімдісін таңдай білу;

Проблемаларды шеше білу;

Пікір таласты жүргізе білуге деген қабілет қалыптасады.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың әдіс-тәсілдерін тәрбие жұмысында қолданудың нәтижесі:

Әдіс түрлері;

Бесенді практикалық іс-әрекетте болуы;

Басқалармен қарым-қатынас жасай білуді, өз ойын қорғай білу;

Қажет болса,өз көзқарасын өзгерту;

Топтық тұжырымда өз ойын еркін айта білу;

Топ алдына шығып, өз тұжырымын қорыту.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерін қолдану сабақта көп нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мынадай қағидаларды есте ұстап отыру керек.

Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оны үнемі алға жылжуға деген талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасау.

Өзін-өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру.

Мен өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының бірнеше стратегияларын қолданып отырамын. Жалпы әр сабақ психологиялық дайындықтан басталады. Сабағымды бастамас бұрын оқушыларымның психологиялық жағынан көңіл-күйлерін қалыптастыру үшін достық қарым-қатынас орнату мақсатында түрлі көңіл көтеретін тренингтер қолданамын. Сабақты бастамас бұрын оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, өздерін сабаққа дайындап алады. Оқушылардың ұйымшылдық қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында оларды түрлі-түсті фишкалар арқылы топқа бөлеміз. Оқушылар өздеріне берілген фишка түстес көрсеткіші бар партаға барып отырады. Бұл сабақты мынандай кезеңдерден құрдым:

Болжау стратегиясы

Екі жақты күнделік стратегиясы

Топтастыру стратегиясы

Болжау стратегиясының мақсаты: оқушыға қызықты әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізу.

             Екі жақты күнделік стратегиясы:

Мәтіннен өздеріне әсер етіп, бойыңда қалған үзіндіні жазу.

Көктем мезгілі.

Көктем мезгілінде атқарылатын еңбек.

Топтастыру стратегиясы. Көктем мезгілі оқушылар көктем мезгілін өз беттерінше қағаз бетіне түсіреді.

Ал сабақтың нәтижелілігін көрсететін кезеңнің бірі – бағалау. Балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше. Өйткені, әр топ қорғаған сәтте оқушылардың қошеметі күш-жігер беріп отырады. Топ басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайды.


Қорытынды

Қашанда мұғалім сұрақ қояр алдында терең ойланып, сапасына ерекше көңіл беру керек. Себебі, қойылған жабық сұрақтар оқушының өзіндік ой-пікірін қалыптастыруына мүмкіндік бермейді: жабық сұрақтың тек бір ғана «тұйықталған» нақты жауабы ғана бар. Ашық сұрақтар оқушының сыни көзқарасын жетілдіруге ой толғам жасауға, өмірдегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға ықпал жасай алады. Ұсынылған әдіс-тәсілдерді тәрбие жұмыста қолдану сабақтың негізгі мақсатына жетуге үлкен септігін тигізері айқын. «Адамзат баласына ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек» деген екен ұлы ойшыл ғалым Әл-Фараби. Ендеше білім саласындағы жаңарған реформаның тәрбие беруге де өзіндік ерекше жаңалық әкелері сөзсіз. Біз өз ойын таза ана тілінде жеткізіп сөйлей алатын, өзіндік ерекше ой қорыта алатын жеке тұлға тәрбиелеуде сыни тұрғыдан ойлаудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін тәрбие саласында қолдана білсек нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Мұнда батыл назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше екенін айта кеткім келеді. «Сын тұрғысынан ойлаудың» қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын байқадым.

 

484 0
Әлібекова Салтанат, Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Түркістан облысы, Төлеби ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000359
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: