Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI802

Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдыларын жетілдіру

Ауызша сөйлеу ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты. Диалогтік оқыту оқушыларды қажетті қарым-қатынас жасай білуге қалыптастырып, әңгімелесушіні тыңдай білуге, тілдесуге кірісуге және  оқушылардың кітаппен жұмыс істей білу сияқты т.б. тәрізді оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруға белгілі бір үлесін қосады. Диалогтың жүзеге асырылуы мақсаттың қалыптасуы арқылы қарым-қатынастың пайда болуымен байланысты, ал ол өз кезегінде сөйлеушілердің қатысым жасауының қажеттілігін туындатады. 

     Диалогтың қалыптасуы, одан әрі дамуы сөйлеушілер мақсатына тікелей тәуелді. Тәжірибе барысында жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолдануға болады. Білім беру барысында диолог негізгі рөл атқаратыны белгілі. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігі жөнінде жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
      - Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.
     - Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінуіне көмектеседі.
       -Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі.
      -Оқушыларға білім беру барысында мұғалімдерге оқушылардың қандай білім деңгейінде екендігін түсінуге көмектеседі.    

          Сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету арқылы  оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыра аламыз. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен әңгіені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар өрбіп отырады. Сондай ақ берілген мәтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан жақты артып отырады. 

     Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.   Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Бұрынғы дәстүрлі сабақтардағы диалогтік оқыту жай ғана шығарып оқушыларды дайын сұрақтар мен жауаптар болатын болса, қазіргі сындарлы оқыту тәсілі бойынша бала өз ойын еркін жеткізе алуына жол көрсетеді. Бір – бірімен ашық сұхбатқа түседі.  Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ — жауап, рөлдік ойын, тапсырманы орындату,  жұптық жұмыс,  диалогтік мәтінді оқу. Мысалы: сұрақ -   жауап әдісі — ағылшын тілі сабағында оқушылардың ынтасын арттырады, қызығушылығын оятады. Әрбір жаңа сабақты бастамас бұрын жаңа тақырыпқа байланысты кіріспе сұрақ жауап дайындалады. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Оқушылар сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік алады. Өзара талқылау арқылы түрлі ойлар болады, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Диалогтік тәсіл оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі.

    Диалогтық байланыс процесс диалогтың бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінің идеяларымен дамытады және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады.

Біліктіліктері:

  1. Сұрақты мәселені талқылауға қатысу және өзінің ойын      жеткізе білу;
  2. Пікірлестерден алынған хабарды толықтыра алу, нақтылай алу;
  3. Сөйлесушінің айтқандары дау айта алу, келіспеу, өз дәлелін келтіру;
  4.  Диалогта келесі айтылғандар орын алады:
  5.  Фразаларды, сөйлемдерді аяқтамау
  6.  Сөздің орнына қимыл, мимика қолдану

    Диалогтік оқытуда іс-тәжірибеде кездескен сәтті тұстары өте көп болды. Диалогтік оқытудың топтық жұмыс түрі балаларға өте ұнайды, ізденеді, қызығады, бір-бірінен білмегенін сұрайды. Сөйтіп, достық, жолдастық қарым-қатынас орнайды. Өз ойын еркін айтуға талпынады, сол арқылы өзін-өзі басқару қабілеті пайда болып, өзіне деген сенімі күшейеді. Өз тобын басқаруға, қасындағы оқушының пікірін тыңдауға, қатесін түзеп айтуға, басқа топтан қалыспау, яғни намыс, жігері оянады. Осының негізінде баланың пәнге деген қызығушылығы артады. Топтық жұмыста жақсы, нашар оқитын бала болып бөлінбейді, нашар үлгереді деген оқушының өзі де өз үлесін қосып пікірін айтуға тырысады. Бұл қазіргі заман ұғымымен түсіндергенде, оқушының коммуникативтілік құзырлылығын қалыптастырады. Қоғамда өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны дайындауға өз нәтижесін береді. Мен өзімнің диалогтік оқыту негізінде өткізген сабақтарымның нәтижесінде осындай қорытынды жасадым. 

Диалогтік оқытуда іс-тәжірибеде кездесетін кедергілер: оқушылардың ағылшын тілінде сөздік қорының аздығы, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін ауыстыруы, сұрау есімдіктерін дұрыс қолдана алмаулары, төменгі, жоғары деңгейдегі сұрақтардың құрылымын шатастырулары және жауап беруде өздеріне деген сенімсіздігі, интернет желісінің жетіспеушілігі, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының жетіспеушілігі орын алып жатты. 

     Диалог сөзді оқытуда қолданылатын жаттығулардың басым бөлігі тілдік жаттығулардан тұрады. Алайда, диалогқа тән қисындастырулардағы жаңа үлгілік фразалармен бастапқы танысу тілдік жағдаяттан бөлек өткізілуі мүмкін. Мұндай жаттығулардың мақсаты – оқушылардың жадында репликалардың арасындағы берік байланыстарды орнықтыру, ал олар үнемі немесе көбінесе аталған диалогтік бірліктің құрамында болады, яғни функционалдық негізде контекстік байланыстарды және репликалардың арасында құрылымдық байланыстарды меңгерту болып табылады. Тілдік жағдаяттардан тыс репликалардың сан алуандығын қамтамасыз етуге, репликаларды барынша кеңейтуді және тұтастыруды үйренуге, сондай-ақ репликаларды грамматикалық және лексикалық қайта құрудағы автоматизмдерді қалыптастыруға болады. 

          Диалогтік оқыту тәсілінің дұрыс жүргізілуі  сабақтың өту барысына ықпал жасайды. Неғұрлым оқушы диалогке жиірек түссе, солғұрлым оның тілді игеруі жылдамырақ іске асады. Сөйлеу кезінде бала тілі жаттығып, дамиды. Сөздік қоры молаяды. Бірақ, бұл жерде жалғыз ғана оқушының талпынысы аздық етеді. Ол үшін оқушының ата-анасының да, жақын туыстарының да көмегі қажет. Олар оқушыға «тілдік орта» жасауы керек. Бұл мәселені шешу де оңай болып табылмайды. Көп уақытты, қарқынды еңбекті, достары мен құрбыларының көмегін, оқушылармен кері байланысты қажет етеді. Өйткені, біз бастауыш сынып оқушыларынан  сұрақтарды дұрыс құрастырып, қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беруге,  проблемаларды  жан-жақты талдап, қорғай алуын талап етеміз, соны күтеміз. Диалогтік әдісті әр мұғалім пайдаланатынына сенімдімін,өйткені күнделікті сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы пікір алмасу да байланыс та сол диалог  арқылы  жүзеге асады,алайда осы диалогтік оқыту әдісі мұғалімнің тиімді пайдалана білу шеберлігіне байланысты қолданылады.

           Ауызша сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен жасауға болады:

А) «Көз алдыңа елестетіп көр» және «қиялдап кор» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру.

Ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамыта, күшейте түсетін суреттер тізімін қарап, соның көмегімен сөйлеу;

Б) Оқушыны қоршаған орта күнделікті өміріндегі болып жатқан жағдайына ұқсас, сәйкес келетін нәрселерді сипаттау. Ситуацияны бұлайша шектеу оны оқушыны ойландыратын тапсырмаларға айналдыруға мүмкіндік береді.

Шетел тілінде сөйлеуге , қарым-қатынас тіліне үйретуде оқушыларды әсіресе өз бетімен жұмыс істеуге, өзі ізденіп білім алуға дағдыландыруы керек. Бұл қазіргі уақыт талабы. Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп, қызығуын арттыратын сабақ арасындағы ойын түрлері үлкен роль атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сондай-ақ ойын оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігімен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.

Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Сынып оқушылары оған түгел қатынасуы шарт. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын  оқушыны бірігіп  жұмыс  істеуге бағыт  береді,іздендіруге  дағдысына  қалыптастыруына  мүмкіндік  туғызады.

Қорыта келе, диалогтік оқыту оқушылардың білім деңгейлерін анықтауда, өз идеяларын дәлелдеуде, бір-бірімен пікір алмасуда, білім алуға қомақты үлес қосатын шын мәніндегі оқытудың тиімді түрі болып табылады. Оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді. Әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

1 351 0
Ақтолқын Абдраманова , Әл Фараби атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Түркістан облысы Төлеби ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000358
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: