Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI80

«Ұлылардың ұлысы - Абай » әдеби - сазды кеш

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.

Абай туралы қанатты сөздер: 
 « Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ »
 Ахмет Байтұрсынұлы
 Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
 Мұхтар Әуезов
 Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
 Ғабит Мүсірепов
 
 Орыстар үшін - Пушкин, ағылшындар үшін –Шекспир, грузиндер үшін - Руставели.... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдесіз құбылыс.
 Қайсын Кулиев

 Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін танытты.
 Шыңғыс Айтматов

 Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
 Нұрсұлтан Назарбаев 

 

Әдеби шара атасы мен немересінің диалогы арқылы басталады.

Атасы –немересі

Шығарма жаза алмай қиналып отырған 3 - сынып оқушысы. Теледидар қарап отырған атасы, қолында газет. Теледидардан дауыс: Абайдың «Қыс» өлеңінен үзінді оқылады:
 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
 Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
 Үсті - басы – ақ қырау, түсі суық,
 Басқан жері сықырлап келіп қалды...
 Немересі : қаламын тастай сала атасының қасына келіп:
 - Мен бұл өлеңді білемін, ата! Кеше ғана Әдебиет сабағынан өткен болатынбыз. Абайдың өлеңі.
 Атасы:
 - «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» (немересіне жақындай түсіп). Иә, бұл – Абайдың жазған өлеңі. Қатал табиғаттың сүреңін тамаша суреттеген. Сен біледі екенсің. Ендеше Абайдың кім екенін білетін шығарсың.
 Немересі: - Иә, бірақ толық білмеймін.
 Атасы: - Олай болса, ендігі жерде Абайды Абай атам «Абай атаның өлеңі» деп сөйле. Ол өте данышпан кісі, бүкіл қазақтың Абайы ғой. Оны білмеген адам қазақ емес.

Немересі: Ата! Бізге шығарма - эссе жазуға тапсырма берілді. Соған қиналып отырмын. Қайтсем екен?
 Атасы:
 - Абай туралы көп дерек айтсам, тыңдар ма едің, балам?
 Немересі:
 - Иә, сіз оны көрдіңіз бе? Ол туралы қайдан білесіз?
 Атасы:
 - Жүр, балам. Мен сені бір жақсы кешке алып барайын. Дәл сол Абай атаң туралы, жүре ғой!(Ертіп алып, шығып кетеді)

 

А. Құнанбаев туралы бейнематериал көрсетіледі

 

Саханаға жүргізушілер шығады

1-жүргізуші

-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы. Бүгінгі ойшыл, кемеңгер ақын Абай атамызға арналып отырған әдеби кешке қош келдіңіздер. 

- Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді тұңғыш Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
 2-жүргізуші
Көп адам дүниеге бой алдырған, 
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, 
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - 
деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді. Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
 1-оқушы
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? 
Жырымен жан сусынын қандырған кім? 
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті, 
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім? 
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім? 
Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
Құбажан, құр бақан құм, құла қырда, 
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 
 2-оқушы
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 
Арманын атандырып келешекке, 
Біздермен осы күнгі тілдескен кім? 
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? 
Жауына найза сөзін шанышқан кім? 
Өзендей құйған барын көк теңізге, 
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
 Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
 Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
 Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам.
 (Сахнаға Абай шығады): 
Жүрегімнің түбіне терең бойла, 
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. 
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма... 
 1-жүргізуші

- Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. 
 2-жүргізуші

Туғаннан дүние есігін ашады өлең, 
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең 
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен... - деп, Абай атамыз айтқандай келесі сөз кезегін өлең оқушы оқырмандарға берейік: 

«Өлсем орным қара жер сыз болмайма» -

1-жүргізуші
Әннің де естісі бар, есері бар. 
Тыңдаушының құлағын кесері бар, 
Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі. 
Тыңдағанда көңілдің өсері бар, - 
деп жырлаған Абайдың өлеңге, әнге қояр талабы мен талғамы өте жоғары болды. 
 Ән: Көзімнің қарасы
 2- жүргізуші
Құлақтан кіріп, бойды алар, 
Жақсы ән мен тәтті күй. 
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең менше сүй, 
 Ән: Желсіз түнде жарық ай
 
1-жүргізуші

Абай-лирик ақын. Олай дейтініміз, Абай өз шығармасына табиғат лирикасын қосқан. Жалпы табиғат, оның адам өміріндегі алатын орны ерекше. Табиғат қылқалам шеберлері мен ақын жазушылар және өнер иелерінің сүйікті тақырыбы екендігі. Бұл тақырып та Абай қаламына ілінді. Абай табиғаттағы тіршілік иелерінің өмірін, іс-әрекетімен байланысын сөзбен суреттейді.

   Табиғат лирикаларына арналған өлеңдеріне құлақ түрейік.

2- жүргізуші

Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің  шығармаларын қазақшаға   аударды. Соның бірі Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы.

Көрініс : Шегіртке мен құрмырсқа

1-жүргізуші

Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы қарасөздерін қалдырды.

Ақыл, Жүрек, Қайрат,Ғылым-

2-жүргізуші

Жаманға «жар» деген-ақ ,ән көрінер, 
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер 
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп 
Жабырқаған көңілің көтерілер,-деп бізде осы жерде ән салып жіберсек қайтеді

Ән:

1-жүргізуші

Абай - әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Сөз кезегін мектебіміздің кітапханашысы  .................................береміз ( Көрмемен таныстыру)

2-жүргізуші

Ұлы ақын, ағартушы Абай туралы пікірлер көп айтылған. Соның біразына тоқталсақ...

Абай туралы пікірлер (оқушылар сахнаға шығады)

Қазақ биі-

1-жүргізуші

Абай - әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі Абай – адамзат ақылшысы.

2-жүргізуші

Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында «Абайдан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп аса жоғары баға қояды.
 1-жүргізуші

Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық.

2-жүргізуші

Жастайынан алғыр болған нұр болған,

Ұрпақтарға ұлағаты жыр болған,

Ұлы жолды бастаған сен Абайсың,

Оқып, біліп осы біздер сыр қылған.

Халқым сені есте ұстар мәңгілік,

Есімің де тұр әлемде жаңғырып,

Сенің еткен еңбектерің халқыңа

Мына өмірде біздер үшін жаңғырық -деп «Ұлылардың ұлысы -Абай » атты әдеби сазды кешімізді аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп тыңдағандарыңызға рахмет.Қатысушылар мен көрермендерге өз алғысымызды білдіре отырып, біз сіздермен қоштасамыз. Сау болыңыздар!

    

 

504 0
Абдрахманова Гульсин Жамантаевна, №1 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы № 00016
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: