Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI797

Білім беруді жаңғырту – заман талабы

Білім беру саласы – күрделі жүйе. Ол көптеген құраушылардан (ішкі жүйелерден) тұрады. Сондықтан білім беру сапасын көтеру үшін оның барлық құраушыларының сапасын көтеру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуы қажет. Жалпы білім сапасын көтеру мақсатында жүргізілген реформалардың ғылыми негізі болуы керек. Ал ғылыми негізі бар істен олқылық кетпейтіні анық.

Уақыт  өткен сайын білім беру жүйесінде тың үрдістер еніп, заман талабына сай жаңаруда. Жақсы нәтижелерге қарамастан, қазіргі білім беру жүйесі жаңғыртуды қажет етеді. Еліміздегі бүгінгі бала, ертеңгі маман ХХІ ғасыр жағдайында табысты және бәсекеге қабілетті болу үшін, ол еңбек нарығында талап етілуге тиіс. Қазіргі білім беру жүйесі түлекке тек күнделікті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Ал, еркін ойлап, күрделі мәселелерді шешу үшін бұрыннан қалыптасып келген білімнен гөрі балаларда сыни ойлау, шығармашылық ойлау, қарым-қатынас жасай білу, командада жұмыс істей білу дағдыларын дамыту қажет. Балалардың бойында әуестікті, бастамашылдықты, табандылықты, көшбасшылық қасиеттерді, әлеуметтік және мәдени байлықты жетілдіру керек. Осының бәрі классикалық білімдермен қоса, бес күндік оқу аптасына көшу, үштілділік пен он екі жылдық білім беру арқылы мектептегі білім берудің жаңартылған білім мазмұнына кіргізілген. 

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау.  Жыл сайынғы Президентіміздің Жолдауында білім саласы қалыс қалып көрген емес. Бір сөзінде Елбасы «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» дегенді тілге тиек еткен еді.  Яғни, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының білім деңгейімен анықталады деген сөз. Сондықтан білім беру жүйесі заман талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды жаңартылған білім беру бағдарламасының талабына сай инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге белсенді түрде енгізіле бастауы көңілді қуантады.

Ұрпақ болашағын ойлайтын әрбір мұғалім өз шәкіртінің білімді, сауатты болып өсуін қалайды. Бұл ретте қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталары сөзсіз. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу – ұстаздың қолында. Өйткені, бүгінгі білім берудегі заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі –  оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Ал, ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ұстаздар қауымы, жаңа заманның көшбасшысы ретінде танылып, жан-жақты дами түсуіміз шарт. Бастауыш сыныптың оқушылары үшін бүгінде небір айрықша методикалар оқу бағдарламасына енгізілген. Және бұл бағдарламасы баланың ой-өрісін дамытып, көкжиегін кеңейтеді. Әрі оның есте жақсы сақта­луы­на, қорытылуына көмектеседі. Мұнымен қоса, сабақ барысында балдырғандардың өз ойын ауызша еркін жеткізуіне жәрдемдесетін ойындарды да жиі қолданылады. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай әдіс-тәсіл тілдің анықтығына, шұ­рай­лылығына, көркемдігіне үлкен үлес қосады.

Дамыған және мықты қоғамның тірегі – білім дедік. Сапалы қоғам саналы адамымен, терең білімді, тәрбиелі жастарымен ғана мықты. Қазір техника, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Білекке емес, білімге сенетін заманда жастарымыз бәсекеге қабілетті болуы керек. Сонда ғана болашағымыз айқын, алар асуымыз көп болмақ. 

               

296 1
Лязат Умбеталиева, Үштерек орта мектебінің, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алматы облысы, Қарасай ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000354
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Сакен
25 ноября 2021 17:01
Керемет жазылған. Сізге тілейтінім: жоғары нәтиже!