Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI795

Ұлтқа дара, ұрпаққа дана – ұстаз.

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, 

                                               өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

                                                                                   Ы. Алтынсарин 

     Аса көрнекті қазақ халқының ағартушысы, қазақ даласындағы жаңа мектептердің ұйымдастырушысы, этнограф, фольклоршы, ақын, прозашы, аудармашы, қоғам қайраткері  тұла бойы тұнған білім Ыбырай Алтынсариннің жастық шағына тоқталғанды жөн көрдім. Себебі, өзім бала тәрбиесімен айналысқандықтан ба, менің Ұлы адамдардың балалық және жастық шақтары туралы деректерді білуге деген қызығушылығым артып тұрады.

     1841 жылдың күзінде дәлірек айтсақ 20 қазан күні от ауызды, орақ тілді, өз заманында көрнекті әділ би Балғожаның тұңғыш немересі дүниеге келеді. Балғожа би немересіне ұлан асыр той жасап,  Ибраһим деп ат қояды. Ата салты бойынша тұңғыш немересін атасы бауырына басып, өз қамқорлығына бөлейді. Ибраһимнің анасы Әймен ал әкесі Алтынсары балаларын атасының баласы деп атын еркелетіп Ыбырай деп атап кетеді. Ыбырай 3-4 жасқа келгенде әкесі Алтынсары қайтыс болып, ата-әжесінің құшағында өседі. 

    Ыбырай аққұба келген, дөңгелек жүзді, өткір көзді, бойы сәл шағындау, аздап толықша келген дембелше, мінезі өте жұмсақ және ұялшақ, бірақ жасық емес, сәби кезінен адал, әділ, алған бетінен қайтпайтын батыл, бауырмал әрі өте сүйкімді еді. Атасы Балғожа биге келіп тұратын кіл жақсының әңгімелерін тыңдап, көкірегіне түйіп, өте зерек, алғыр болып өседі. Атасы немересінің ерекше қабілетті екенін аңғарып, қалайда орысша оқытуды ойлап, бес жасқа келген Ыбырайды әлі де ашыла қоймаған Орынбор Шекара комиссиясының мектебіне кезекке тіркеп қояды. 1850 жылы мектеп ашылып, Ыбырай осы мектепке қабылданады. Оқу басталған соң ауылдан алысқа шығып көрмеген бала Ыбырайдың жалғызсырамай алаңсыз оқуы үшін атасы оның қасына   аталас ағасы Жетібай Өтемісовті  бірге қалдырып кетеді. Бала Ыбырай өзінің аса пысықтығының арқасында ағасы Жетібайды елге қайтармай жеті жыл бойы қасында қалдырады. Ол үшін басшылардан рұқсатты өзі сұрап алады. Осы жерде ескере кететін жағдай тоғыз жасар елден келген қарапайым баланың тапқырлығы мен табандылығын көруге болады. Кейін осы Жетібай оқудағы барлық қазақ баласына қамқор аға әрі тәрбиеші болады. Атасы Ыбырайдың жақсы оқуы үшін бар жағдайын жасайды. Бұл мектеп балаларға орыс тілі мен татар тілін, арифметика, таза жазу, істі тергеу мен іс қағаздарын жүргізу сабақтары мен қоса діни оқуды да қоса  меңгертеді. Ыбырай жолдастарының көбінен кіші болса да, алғырлығымен мен ақылдылығының арқасында олардың біразына аға болып, айтқанын тыңдаттырады.Атасы Ыбырайға үнемі хат жолдап, жиі хабарласып тұрады. Сондай хаттарының бірі Үміт еткен көзімнің нұры балам – деп басталады. Адамның көзінің нұры, көңілінің шуағы, өмірінің жалғасы бала екенін әдемі жеткізеді.  Ата – анаңды өнер білсең, асырарсың,

Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың – деп надандықтың арты өкініш екенін  тағы да бала санасына құя түседі. Бұл өлең жолдарынан Ыбырай үлкендердің өзінен үміт күтіп отырғанын түсініп, бар зейінін оқуға аударады.Осы өлең жолдары есейе келе оның өмірлік тұмарына айналады. 

Мектепте дарынды да зерек Ыбырай қоғамдық әлеуметтік пәндер мен орыс әдебиетімен сусындап, оған деген ынта- ықыласы арта түседі. Әсіресе Пушкин мен Лермонтов поэзиясы жаңа дүниенің есігін ашқандай еріксіз тартып, талпындыра түседі. Орыс әдебиетіне деген қызығушылығы мен ынтасы ерекше болады. Алғыр жас орысша таза да жетік сөйлеу мен жазуға үйренді. Ыбырай 16 жасында мектепті үздік бітіреді.

    Ыбырай туған жеріне оралып, өз атасы Балғожаның көмекшісі, іс-қағаздарын жүргізуші болып қызмет істейді. Атасы оны елдің дау-жанжалын әділ шешуге баулиды. Атасымен бірге жүріп ел көреді, жер көреді, сөз қадірін біліп, сөйлеу парасатын үйренуге ұмтылады. Даланың жазусыз заңдары мен тәртібімен танысады. Бірде немере ағасы Ақдәулеттің елін тастап көшпек ойын естіген Балғожа төрелігін Ыбырайға айтуды тапсырады. Сонда Ыбырай Ақдәулетке келіп, былай дейді.

       Мұнан кетсең барарсың

       Бабаналы Бабырға.

       Аяғыңнан өзің барған соң,

       Жая мен жал түгіл

       Зар боларсың қарынға.

       Малыңа азық жинауға

       Жарисың ба, шабынға

       Өз тұяғы тұлпардың

       Өзіне дәрі деген бар

       Қайтыңыз, аға, ауылға! 

Осы өлең жолдарынан Ыбырайдың ағайын арасындағы араздықты әділ шешіп, үлкенге дұрыс жолды сілтегенін көруге болады. Осы тұста халықтың Қозы асығы деме, қолыңа жақса сақа тұт,

Жасы кіші деме, ақылы асса аға тұт – деген   нақылы тілге оралады.

Ыбырай татар тілін, орыс тілін толық меңгерсе де сөз арасында ешқандай бұрмалау қоспай, қазақ тілін шұбарламай таза сөйлейді. Әрі өзі өте қарапайым, халыққа жақын жанашыр болды. Осы қасиеті үшін де халық оны ерекше қадірледі. Ыбырай жас кезінде де, есейген кезде де жақсы көретін адамын құлай сағынатын, мейлінше сезімтал, нәзік жанды болды.Адамға бай мен кедей демей бәріне теңдей қарады. Қара халықтың қамын көп ойлады.

     Ыбырайға қазақ халқының сауатсыздығы қатты батты. Себебі, ол кездерде қазақ тілінде ешқандай оқулық болмады. Халық баласын татар тілінде оқыта бастады. Ал татарша оқу балалардың тілін мейлінше бұрмалауға әкелді. Туған халқын қалай сүйсе, оның тілін де соншалықты қастерлеген ол «Қазақ хестоматиясын» жазды. Орыс алфавитін қолданысқа енгізді. Болашақта білім мен ғылымды орыс тілінен алуға болатынын білді. Жастарды өнер, білімге шақырды. Хрестоматияның алғашқы бетіне 

         Бір құдайға сыйынып,

         Кел, балалар, оқылық!

         Оқығанды көңілге

         Ықыласпен тоқылық – дей келе балаларға оқуды бар ынта -  жігермен, зейінін аудара оқу керектігін түсіндірді.

         Істің болар қайыры,

         Оқысаңыз Аллалап – деп алладан қолдау күтіп, әр істің қайырлы болатынын айтты. Кеңес дәуірі кезінде өлеңнің осы тұстары жарияланбай қалды. Ыбырай 18 жасқа келген кезде атасы Балғожа би өмірден өтеді. Отбасындағы бас көтерер ересек адам Ыбырай болып қалады. Атасын барлық жөн-жоралғысымен шығарып салған оның алдында бүкіл бір әулетінің және халықтың жауапкершілігі тұрды. 

        Орынбор облыстық басқармасы төрағасының көмекшісі және оқу ісінің бастығы Лев Николаевич Плотниковтан хат алады. Онда Орынбор  облыстық басқармадан қызымет табу мүмкіндігін  бар екндігі туралы айтылған. Бұл хат Ыбырайды қатты қуантады. Осылайша ол енді білім жолына бар өмірін арнауға бел буып, үлкен өмірге қадам басады. 

     Ыбырайдың мектептер ашу, оқулықтар шығару, бала оқыту жұмыстары оңайшылықпен келмегені белгілі. 

     Осы жерден Ұлы ағартушының балалық, жастық шағы туралы жазған эссемді түйіндегім келеді. Болашақ ұрпақ үшін, ұлт үшін ұшан теңіз еңбек еткен ұлы тұлғаны дәріптеп, қастерлеп өту, оның қалдырған мұрасын қастерлеп өту барша қазақ баласына, білім сүйер ұрпаққа аманат.

441 19
Күлзира Ыбраева, М.Маметова атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Алматы облысы Ескелді ауданы,Шымыр ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000352
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Нұрсұлтан
25 ноября 2021 16:25
Мақала өте жақсы жазылған, Ыбырай Алтынсарин атамыздың жастық шағы туралы көп мәлімет алдым, көп рахмет, шығармашылық табыс тілеймін
Алмагул Диханбаева
26 ноября 2021 10:05
Өте жақсы жазылган Оқушыларға үлкен жақсы малемет Сабақта пайдалануға жақсы құрал Шығармашылық табыс тилеймин Енбегин жаңа бепсин табысты бол
Ұлжан
Ұлжан
26 ноября 2021 19:59
Мақала жақсы жазылған екен жұмысынызға табыс тілеймін быраз мәлімет алдым өзіме 👍🏻
Асанова Роза
26 ноября 2021 23:19
Педагог Г.Ыбыраева ұлы ағартушының балалық жастық шағы туралы эссені жақсы ізденіспен жазып,тақырыпты толық ашып,ұлы тұлғаны дәріптеп таныта білген.Гүлзира Ыбыраеваға еңбекте шығармашылық табыс тілеймін.Педагог оқырман назарын аударатын мазмұнды эссе жаза білген деп ойлаймын.
Асем
Асем
27 ноября 2021 08:42
Керемет!! Жұмысыңызға табыс тілеймін!
Иманбекова Ирина Омирсериковна
Иманбекова Ирина Омирсериковна
27 ноября 2021 08:42
Өте жақсы жазылған.Еңбегіңіз жана берсін! Жарайсыз!
ҚАЛАМҚАС
27 ноября 2021 09:14
Өте керемет, Еңбегіңіз жана берсін. 👍🏻👏👏👏
Багдат
27 ноября 2021 10:47
Ұлы адамдар туралы жазу ұлылық, қазіргі жастарға өнеге, азық. Еңбегіңіз жана берсін!
Жадыра
Жадыра
27 ноября 2021 10:52
Өте керемет мақала шығармашылық табыс тілеймін! Әрқашан ізденісте қанатыңыз талмасын!
Рыскулова Бакыт Имангалиевна
27 ноября 2021 11:20
Гүлзира апай мақаланыз өте жақсы. Сізге творчествалық сәттілік тілеймін.
Сатекова Гульнур Далелхановна
Сатекова Гульнур Далелхановна
27 ноября 2021 11:32
Рыскулова Бакыт Имангалиевна,
Мақала өте жақсы жазылған.Еңбегіңіз жаңа берсін.Творчествалық табыс сәттілік тілеймін.
Алуа
Алуа
27 ноября 2021 12:53
Мақала өте жақсы жазылған. Еңбегіңіз жана берсін....
Ы. Алтынсариннің балалық, жастық шағы туралы құнды мәліметтер алдым........
Ибраева  Бибижамал Абдуманапқызы
28 ноября 2021 13:07
Ұлағатты Ұлы Ұстаз Ы.Алтынсариннің өмірін тамаша жеткізген артымыздан ерген болашақ жастарымызға көптеген мәліметтер бар еңбегің жана берсін
Жадра
29 ноября 2021 21:39
Мақала өте керемет жазылған, біраз мәліметтер алынған. Еңбегіңіз жаңа берсін, өрлей беріңіз!
Балзира
1 декабря 2021 08:21
Ұстаздың зерттеуші,ізденімпаздығына риза болдым,Алтынсарин жайлы иың мәліметтерге қанықтым.Жарайсыз Күлзира
Жанар
1 декабря 2021 08:29
Керемет. Ұстаз мерейі аса қымбат.
Цитата: Балзира
Ұстаздың зерттеуші,ізденімпаздығына риза болдым,Алтынсарин жайлы иың мәліметтерге қанықтым.Жарайсыз Күлзира
Жадиева Гулзира Акниетовна
1 декабря 2021 08:49
Керемет мақала. Сәттілік тілеймін
Аймкуль Бахитжановна
1 декабря 2021 10:04
Ұлы тұлғаларды кейінгі ұрпақтарға дәріптеу мақсатында жазылған мақалаңызды жоғары бағалаймын.Сізге сәттілік серік болсын!
Өмірдің әрбір баспалдағы Сіз үшін сәтті қадам болсын! Еңбегіңіз жемісті болсын!
Рая
1 декабря 2021 11:29
Мағыналы макала. Керемет. Ұнады