Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI793

Информатика сабақтарында мобильді SMART – құрылғыларын қолдану

 

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең-ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникативтік технологиялар педагогтер қызметінің барлық салаларынан көрініп,  оның табиғи ортасынан өз орнын алып отыр. «Білім берудегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары», «Смарт құрылғыларды белсенді түрде қолдану» тақырыптарымен тығыз байланысты.  

Қазіргі таңда  педагогтерге АКТ-ның білім саласына негізделген ең озық үлгілерін меңгерту жүйелі жолға қойылған. Соның ішінде сандық білім беру ресурстарымобильді  smart-құрылғылары, электрондық оқыту бағдарламасы мен білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізудің маңызы зор болып отыр.

Біліктілікті арттыруда «Өрлеу» ұлттық орталығы педагогтердің біліктілігін арттырудың жаңа моделін ұсынумен қатар әлемдік үдерістерге енуін, дамыған елдердің стандарттарына  қарай ұмтылысын, еліміздің жаңа сапалық деңгейге тез өту қажеттілігін  туындатады. Себебі, курс барысында  мобильді  smart-құрылғыларын кеңінен қолдану үстінде.

SMART технология – жаңа заманның құралы. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда шығармашылыққа көп мүмкіндік береді.

 SMART құрылғылар не үшін қажет?

  1. SMART телефон, планшет сияқты соңғы технологияларды қолдануда  бұл тақта түсінікті, әрі сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
  2. Сенсорлық экран тез жұмыс жасаумен қатар, бір уақытта бірнеше жұмыс жасауына көмектеседі;
  3. Технология жаңартылған сайын ол кешендендіріліп, сабаққа керекті материалдар да толықтырыла түседі.
  4. Сабаққа қажетті құралдарды ресурстар сайтынан алуларына немесе интернетпен жұмыс жасауға болады;
  5. 3D объектілерді түсіндіруге көп көмегі тиеді;
  6. Сабаққа керек материалдар әзір болса, жақсы өтуіне септігі тиеді.

            «SMART» технологиясының элементтерін пайдалана отырып информатика пәнін қызықты, өзгеше өткізу үшін, смарт телефон, планшет сияқты соңғы технологияны қолданып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Жалпы сабақ барысында бірнеше мобильді қосымшаларды атап айтуға болады: тест сұрақтарын қолдануда - Pollie, Pollock Technologies компаниясы  жасаған қалыптастырушы бағалаудың өте қызықты сандық құралы – Classtime, Smart-learning   -  бұл көптеген көздердің, мультимедианың (аудио, бейне, графика) алуан түрлілігінің, мобильді құрылғылардың көмегімен тыңдаушының деңгейі мен қажеттіліктеріне тез және қарапайым күйге келтіру қабілетінің болуын болжайтын икемді оқыту.

          Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. 

  «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын жүзеге асыруда да бұл технологияның қосар үлесі зор.

 

 

320 1
Гульмира Шынгисова, И.Жанболатова атындағы № 15 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000350
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Гулмира
25 ноября 2021 13:03
Рахмет, керемет журнал.