Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI792

Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу

Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан, бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басшысы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективтітүрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдинетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.

Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-материалын терең ұғына білуге баулу – мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.

Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Бұл аталған талаптармен бірге мұғалімнің күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеті дами түседі. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатынжеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс:

  1. Мұғалім, ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек;
  2. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек;
  3. Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;
  4. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет. 

Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек. 

         Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарама-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесән береді. 

         Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсіл көмегімен өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дамытып, оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану, оқушылардың шығармашылықдеңгейін бақылап отыру – әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.

         Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өршуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.

         Оқушының  өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.

         Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:

  1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
  2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
  3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу /анаграмма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б./;
  4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс /кері есеп қарастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру, т.б./;
  5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
  6. Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру;
  7. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;
  8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері: 

  1. Әр түрлі кездесулер өткізу;
  2. Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу;
  3. Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану;
  4. Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады. 

Қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын дамыта түседі.

Баланы оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі – бұл жылдар бойы көптеген ғалым-психологтардың, педагогтардың, практик-мұғалімдердің арасында пікірталас тудырып келе жатқан және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселе.

Теориялық мәселелерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады. Біріншісі – биологиялық фактор, екіншісі – әлеуметтік орта және үшіншісі – тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі. Ғалымдардың пікірінше, осы фактордың ішінде тәрбиенің, яғни оқу-тәрбие үрдісінің рөлі зор. Көптеген ғалым-педагогтардың, практик-мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рөлді, ең алдымен, оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады. Себебі, сабақ қаншалықты сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.

Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел – оқушыны дамытуға бағыттала құрылға, жаңа бастауыш білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде ө бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген жіне ол жөнінде еңбек жазған қазақ ғалымдарының бірі, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов болды. Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар көрсету. Бұдан біз А.Байтұрсынұлының 1920-1930 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары Ресей ғалымдары В.Давыдов пен Л.Зенковтың дамыта оқыту теориясының негңзң болған өз бетіндік танымдық әрекеттің рөлін көре біліп, оныі бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз. Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда, оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі.

Өз бетіндік жұмыс – бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай – бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады. Сол себепті де бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра білген мұғалімге оның берер маңызы зор. Өз бетіндік жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізіндебіз шығармашылық жұмысқа баулуда, оқушылардың, белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін негізгі үш жұмыс түрін атай аламыз. Олар:

  1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар өз бетімен жұмыс түрлері;
  2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері;
  3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар.

Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушыларды ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.

Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетте қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:

  1. Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
  2. Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу;
  3. Шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру.

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Осыған байланысты «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбын алдыма келелі мәселе етіп таңдап алдым. Бұл мәселені алудағыбасты мақсатым – оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу, шығармашылығын дамыту. Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі» - деп атап көрсете келіп, тәрбиешң баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді. Шығармашылыққа баулудың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:

  1. Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;
  2. Арнайы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
  3. Шығарма, шағын әңгіме құрау;
  4. Сөзжұмбақ құру, шешу;
  5. Қиялдау арқылы сурет салу, рөлдерге бөлу;
  6. Мазмұндама түрлерін жазу.

Сондай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.

Балашақ данышпандарды тәрбиелейтін, дарындылардың талантының көзін ашатын бірден бір орта – мектеп. «Білім – теңіз, мектеп – кеме» демекші, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын – мұғалім.

Олай болса, қоғамымыздағы әрбір адам өз ойын өз тілінде – өз ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады. Халықтың мәңгі ғұмыры – тілінде. Ендеше білім беру мен тәрбиеге қатысты нәрсенің бәрі де шығармашылыққа бет бұруы керек. Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.

Қорыта айтқанда, оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

538 0
Гулжауган Султанова, №75 бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000349
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: