Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI790

Физика сабағында физикалық өлшемдер мен физикалық шамаларды ағылшын тілінде қолдану


 

        Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың дамуына ықпал етіп, өркениеттен қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны айтпасақ та білеміз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.Үштілділік саясатын дұрыс түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп әурешілікке салынудың қажеті жоқ. Одан да біз мемлекеттік тілді дамытып, сонымен қатар орыс тілі мен ағылшын тілін қажетімізге қарай үйренуіміз керек. Қазіргі таңда ағылшын тілі бастауыш сыныптарда оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік болады. Қазақ мектебінде оқыған бала жас қалада тұрғаннан кейін, орыс тілін де білетіні айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны дұрыс. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген түлектер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін арттырып жатыр.«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,– деп Елбасымыз айтқан  болатын. Шама келгенше көп тілді меңгеру қажет, дегенмен өз ана тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн.Қазақстандықтардың өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу ұмтылысы өте дұрыс деп ойлаймын. Ағылшын тілі ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір мұғалімінің міндеті. Сондықтан ағылшын тілін білу жас ұрпақтың міндеті.Қазіргі техника дәуірі дамыған заманда үш тілді қатар меңгеру бұл біз үшін, ұрпақ үшін қажет нәрсе.[1] Егерде біз тек өз ана тіліміз бен шектелсек, онда бәсекеге қабілетті ел бола алмаймыз. Біз білім берген, тәрбиелеген оқушылар өзіне қажетті білімді ала білуге, оны өмірде қолдана алуға және өмір бойы өз білімін жетілдіруге дайын болуы керек. Осы тұрғыда оқытудың Кембридж бағдарламасының маңызы өте зор. Бұл Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Ұсынылып отырған жеті модульдің әрқайсысы бір-бірімен тығыз байланысты, олардың әрқайсысын жеке бөліп қарастыру тиімсіз. Бір сабақ барысында бұл модульдерді өзара байланыстыра қарастыру оң нәтиже береді. Сондықтан өз тәжірибемде ағылшын тілін өз бетіммен оқып, жеке тілге қатысты өз білімімді толықтырып отыруды алдыма мақсат қылып қойғанмын. Ағылшын тілін әр сабағымда қалай қолданамын, қандай бағдарлама қолданамын сол жөнінде ашық айтып кеткенді жөн көрдім.Үштілділікпен сабақ өтетін әріптестеріме көмегі тиіп қалар деген ойдамын.

        8 сыныптың физика оқулығымен бірге «Core Physics» Кембридж оқулығын қатар қолданамын. Кей тақырыптар сәйкес келеді, кейбіреулері сәйкес келмейді. Сондықтан 8 сыныптың бағдарламасы бойынша физика сабақтарында ғылыми терминдер мен физикалық шамаларды орыс тілінде, ағылшын тілінде қолданып келемін. Сабақтың әр кезеңінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Мысалы, «Токтың жұмысы мен қуаты» тақырыбын өткен кезде сабақты қорытындылау кезінде «Жұмыс» сөзінің синонимі-еңбек, «Қуат» сөзінің синонимі-күш, энергия. [4]

        Оқушылар өздері ағылшын тілінен білімдерін пайдаланып, немесе АКТ-ны қолдану арқылы ғаламтор беттерін тауып жауабын айтады. Келесі «Элементар заряд. Кулон заңы. Кернеулік. Потенциал» тақырыбындағы сабақта кесте бойынша қазақ тіліндегі нұсқасын бердім, оқушылар екі тілдегі нұсқасын сәйкесінше сәйкестендіреді. Мұнда қазақша нұсқасын ғана бердім оқушылар берілген тапсырманы өз беттерімен топпен орындайды, ізденеді.

         9 сыныптармен "Тербелістер мен толқындар" тарауын өткенде https://phet.colorado.edu/ сайтына кіріп, simulation-physics бөлімін таңдап Pendulum lab зертханасына кіріп, қалағаныңша мәндерді өзгертіп, зерттеу жасаймыз. Барлық оқушылар өз бетімен үй жағдайында да осы сайтты тегін қолданып, зерттеу жасай алады. Барлық физиканың тақырыптарына арналған зертхана жұмыстары бар.Бұл жерде зерттеу жасау өте ыңғайлы және тиімді деп санаймын.

         Барлық сыныптармен "Quizziz" оқу платформасын да қолданып, ойын түрінде сабақты қызықтырып өткізуге болады. Ұстаздарға және оқушыларға арналған бөлімі бар.Әр ұстаз өзінің сабағына сұрақ-жауап түрінде тапсырмалар құрастыра алады.Оқушылар жауап берерде ұялы телефондарымен қосылса болады.

Сондай ақ, "Play Kahoot" программасын қолданып, сабақты қызықтырып өтсе болады.

10-11 сыныптаға тесттік тапсырма ретінде Itest немесе twic-bilim сайттарына кіріп тесттік тапсырмаларға талдау жасаса болады. [3]

      8-сыныпта  "Магнит өрісі" тарауын өткенде оқушыларыма ағылшын тілінде мәтін және термин сөздер ұсындым.Оқушылар оқулықтағы мәтіннен қазақша мағынасын табады, өз беттерімен ізденеді, ағылшын тіліндегі нұсқасымен салыстырып, ойларын жинақтап өз ойларын ортаға салады. Сонда S-south pole-оңтүстік поюс, N-north pole-солтүстік полюс екенін ағылшын тілде біледі. Үй тапсырмасы ретінде "How to make a simple Homopolar motor?" тапсырмасын бердім және қалай жасалу керектігінің нұсқаулығын ұсындым.Әр оқушының үйінде бар заттардан осы тәжірибені жасап келу керек болды.Барлығы қызыға жасап келді.[2]

Сонымен қатар әріптестеріме "Learning apps" және "Socrative" программаларын да қолдануға кеңес беремін.

Мен әр сабағымды қызықты өткізу үшін барымды салып дайындаламын.Күнделікті қолданып жүрген 8-сыныптарға арналған  "Терминология" кітабы мен әріптесім Е.К.Бижановтың  9-10 сыныптарға арналған "Физикадан қысқаша анықтамалық" кітабын пайдалануға болады. 

      Менің сабақта қолданған әдіс-тәсілдерімнің артықшылығы: оқушы білімді өзі жинақтайды; олар бірін-бірі оқытады; топта жұмыс жасайды; өз бетімен жұмыс жасайды; өзара ой бөліседі; бірін-бірі тексереді. Ұстаздар осы жаңа әдіспен сабақ жүргізуді бәріміз бірдей қолға алып кіріссек, елімізді ең алдыңғы қатарлы елдер деңгейінен көрсете алар едік. Бұл әдістермен жұмыс жасаған соң, біздің өмірге деген көзқарасымыз өзгереді, өмірге жаңа көзқараспен қараймыз.Оқушыларымыз болашақта бірнеше тілде еркін сөйлеп, әлемнің алып елдерімен бірлесе жұмыс жасап, техника мен ғылымды жетік меңгерген тұлға қалыптасатынына сенемін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.
  2. Shulman, L.S. (2007). Good teaching [Жақсы оқыту]. Box content in S.Loeb, C.Rouse&F.Shorri (Eds.), Introducing the Issue, in The Future of Children, 17 (1), 6-7.
  3. Құдайбергенева К.СҚұзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының теориялық-әдіснамалық негіздеріМонография-Алматы, 2012.
  4. «Core Physics»  Bryan Milner, Canbridge оқулығы
385 0
Айнұр Тоқсанбаева , Жанар Сапашова №181 жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімдері Алматы қаласы, Алатау ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000347
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: