Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
«Тіл адам жанының тілмашы,тілі кем болса,адамның қор болғаны» деген екен.Тіл- тарих тереңіне бойлатып,өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі.Тіл- әрбір елдің,ұлттың мақтанышы.Тәлім- тәрбие тілден басталады.
Тіл дегенім- түсіністік құралы,
Тіл арқылы адам бәрін ұғады.
Татулық та,бірлік,достық,береке,
Бәрі - бәрі осы ұғымға сыяды.
Шеңгелді ауылы «Ақбота» балабақшасында Ересек «Ертөстік» тобының ата-аналарымен карантиндік шараны сақтай отырып «Тіл – елімнің мерейі» атты көрініс өткізілді. Топ ата-аналары қатысты. Ата-аналар рөлдерге бөлініп, кішігірім көрінісін қойды. 2 кезең «Бәрін білгім келеді?» атты жұмбақтарды шешу кезеңі болды. Ата-аналарға тілге байланысты жұмбақтар жасырылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл,ағылшын тілі- жахандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»делінген. 3 кезеңде «Сөзжұмбақ» берілді. Ата-аналар жауабын тауып, әр жауапты үш тілде айтып берді.
Ата-аналармен бірге «Атамекен» әні орындалды.
(Қатысушыларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп жүргізушіге келеді.)
– Бізбен жіп не істеді?
– Қалай ойлайсыздар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Қатысушылардың пікірі)
– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.Болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтылғандарыңыз үшін көп рахмет!!! Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.