"Оқымай ойлану бос әрекет"
Конфуций
Мұғалім-әр тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлау мен интеллектуалдық белсенділіктің жоғарғы деңгейіне шығуға, жаңаны түсіне білуге, білімді іздену бағытын қалыптастыруға ұйытқы болатын тәлімгер.
Мен ұстаз болғаныма мақтанамын. Мамандығым-бұл менің өмірім. Өйткені, мұғалім-мақтан тұтар өмірлік мамандық. Әр адам- қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі бір әлем. Ал, ұстаз осы әлемді шартарапқа жетелеуші, бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. "Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз- шәкіртіне талмас талап сыйлайды" демекші мұғалім қай кездеде мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады.
Негізгі тақырыбым: Сыни сауаттылық- терең білімге жол ашады. Мақсатым: Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың ойлау , есте сақтау қабілеттерін және қызығушылығын арттыру. Өз тәжірибемде білім беру мазмұнын жаңартуда әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған педагогтердің бірлесе ұсынған оқытудың интербелсенді әдістерін басшылыққа аламын. Педагог Л.С.Выготскийдің айтуынша: "Бала дамуының ең шарықтау шегі- бұл тіл мен ойдың шығармашылығы". Сабақтарымда "Шаттық шеңбері", "Ыстық орындық", "Жүректен жүрекке", "Қарлы кесек", "Ақылдың алты қалпағы". "Фишбоун", "Блум" таксономиясы, "ББҮ", т.б.с.сияқты түрлерін жекелей, жұппен, топпен жұмыс жасауда қолданамын. Қазіргі қол жеткен жетістіктерімізді мақтанышпенатап өтуге болады. Сабақтарда оқушылардың белсенділігі,білімге деген қызығушылығы, өзіне деген сенімділігі артты. Танымдық қабілеттері дамыды. Өзін және сыныптастарын бағалау дағдыларын, зерттеу мәдениетін қалыптастыра бастады. Оқушылар білу, түсіну, қолдану, деңгейлерінен талдау, синтездеу, бағалау деңгейіне дейін жете бастады. Шығармашылықпен жұмыс жасауды үйренді. Өзім де және оқушыларым қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі олипиадалар, конкурстар, ғылыми-практикалық конфренецияларға қатысып, жетістіктерге жеттік.
Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.
Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. Үштілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Бағдарламаның міндеттері:
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұны мен және мақсаттарымен таныстыру;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Оқудан күтілетін нәтижелер:
- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктерімен дағдылары қалыптасқан.
Критериалды бағалауда оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығы мен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар тоқсан бойы жүйелі түрде жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылармен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Білім берудегі жаңартылған бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі.
Қорыта келе айтарым, ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Ал жаңашыл ұстаз қандай болмақ деген сұраққа жауап іздеп көрсеңіз, оны былай көрсете аламыз:
Мұғалім – рухани демеуші, мұғалім – бағдарлаушы, мұғалім – зерттеуші, мұғалім – эксперт, мұғалім – режиссер, мұғалім – тіл партнеры.
Міне, осындай икемдігі бар ұстаз – жаңа заманның айнасы.
ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін, әрбір ұстаз тынымсыз еңбектенуі тиіс. Міндет ауыр, мақсат айқын. Әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жететініміз сөзсіз.