Қазіргі білім берудің мақсаты оқушы тұлғасын дамыту, оның шығармашылық әлеуетін анықтау болып табылады. Қазіргі білім беруде көптеген оң үрдістер бар: оқушыларды оқытудың әртүрлі педагогикалық әдістері қалыптасады; мұғалімдердің шығармашылық іздену еркіндігі бар, авторлық мектептер құрылады; шетелдік тәжірибе белсенді қолданылады.
Білім берудегі тұлғалық белсенділік мәселесі психологиялық-педагогикалық ғылымда, сондай-ақ білім беру тәжірибесінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Дәстүрлі кейстердің көмегімен алға қойылған мақсатқа жету мүмкін емес. Белсенді әдістер оқытудың дәстүрлі түсіндірмелі-иллюстрациялық әдістерінен ерекшеленеді, ең алдымен, соңғысы оқушыларды дайын даярлау принципіне негізделген; белсенді кейстерді пайдалана отырып, оқу қарқыны оқушылардың ақыл-ой қызметін ынталандыру үшін артады.
Сондықтан оқушыларды ұсынылған жағдайларға тарта отырып, оқытудың белсенді әдістерін табысты және мақсатты пайдалану қажет, бұл олардың әрқайсысының сыныпта белсенділігін арттырады, оқу ынтымақтастығын дамытады, оларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді. Бұл жағдайда оқушылар басты әрекет етуші тұлға бола алады, мұғалімнің белсенді әрекеттерінен оқушылардың белсенді іс-қимылына көшу жүргізіледі.
Кейс әдісін қолдану арқылы оқыту процесі терминдерді есте сақтаудан гөрі жағдай үшін аса маңызды шешім қабылдау механизмін имитациялайды, содан кейін терминдерді білу мен түсінуді ғана емес, сонымен қатар логикалық схеманы құру жолымен өзінің мәнін растауды талап етеді. Сонымен қатар осы оқытудың арқасында оқушылар әлеуметтік белсенділік, коммуникабельділік, идеяларды дұрыс білдіру және сауатты баяндау сияқты қасиеттерді дамыту өзекті болып саналады.Заманауи білім беру технологиялары мәселелеріне арналған кейс әдісінің әдіснамасы бойынша, кейстік жағдайларды жасау мәселелері бойынша, оқытудың белсенді әдістерінің мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер құрады.
Кейс әдісі оқыту және оқу үдерісін белсендіру нысаны ретінде келесі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:
- оқушылардың зияткерлік дамуы;
- кәсіби мәселелер мен өмірлік жағдайлардың көп мәнділігін ұғыну;
- балама шешімдерді іздестіру және дамыту бойынша тәжірибе жинау;
- шешім қабылдауға және бағалауға дайындықты қалыптастыру;
- білімді тереңдете түсу және олқылықтарды табу арқылы білімді меңгерудің сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
- коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Бұл әдістің білім беру мен тәрбиелік мәнінің құндылығы мынада:
- нақты оқиғалардың материалы бойынша теориялық білімдерін қолдануға мүмкіндік береді;
- оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандырады;
- оқушылардың қажетті құзіреттіліктерін дамытуға ықпал етеді (дереккөздермен жұмыс жасау, мәселелерді шешудің балама жолдарын іздеу және т.б.);
- креативті ойлау қабілетін дамытады;
- қарастырылып отырған мәселені шешу кезінде қолдануға қажетті берілген білім кешенін өзектендіреді.
Кейбір сарапшы-әдіскерлер кейстерді кейсті басқа оқу матералынан ажырататын бес басты бөліктерге жіктейді :
1. Қайнар көзі. Кез келген жағдаяттың көзі-нақты мәселені шешетін тұлғалар.
2. Таңдау процесі. Мәліметті таңдап алғанда, жағдаят үшін білім беру міндеттеріне зейінін аудару маңызды болады. Мәліметтердің деректік құрылымына бірдей көзқарасты ойлар болмайды, бірақолар жағдаятты сипатайтын физика лық процес үшін ерекшеленген болуы ықтимал, әйтпесе ол нақты емес қызығушылықты жоғалтады.
3. Мазмұны. Кейстің құрылымы оқу міндетін көрсетуі дұрыс. Кейс нақты қысқаша немесе ұзақтау немесе жалпыланған сипатта болуы тиіс. Сандық материалға келсек, ол қажетті есептемелерді орындау үшін жеткілікті қамтылған болуы қажетті. Қарастырылатын физикалық процеске тікелей қатысы болмайтын шамадан тыс мәліметті немесе деректік материалды болдырмау қажетті. Жалпыланған жағдайда жағдаятты тез түсінетін және оны шешетін қажетті барлық мәліметтік деректерді алуға мүмкіндік жасайтын сандық ақпарат болуы қажетті.
4. Топтағы тексеру. Топпен тестілік жұмыс – жаңа жағдаятты нақты оқыту барысында тестілеу немесе бұрында қаралған жағдаятқа бірақ басқа білім алушылар топтары үшін жаңа аудиторияның байланысын бағалау (курс, негізгі пән, университет, немесе оқу бағдарламасы).
5. Ескіру процесі. Көптеген кейстік тапсырмалар бірте-бірте ескіреді, себебі жаңа жағдаят жаңаша тәсілдерді қажет болады. Күрделенген физикалық процестерге негізделген кейстер жақсы тыңдалады, бірақ олармен жұмыс жасау белсенді болмайды, себебі мұнда көп уақыт кетеді. Кейстік-тапсырмада талқыланатын мәселелік жағдаяттар бүгінгі күнде өзектірек болып саналады.
Басқа іскерлік ойындарындағыдай кейстің мақсаты – әрбір білім алушының белсенділік ынтасын артыру және оны мәселелік жағдаятты талдау және шешім қабылдайтын процесс барысына тарту. Осыған байланысты білім алушылар топтаға бөлінеді, 3-5 білім алушыдан тұратын топ. Топтар аз болған сайын әрбір білім алушы соғұрлым көп болуы негізделеді. Нәтижеге жеке дара жауапкершілікті белгілейді. Кіші топтың құрамын білім алушылар өздері таңдап алады. Әр топ көшбастаушынытаңдап алады. Топтың жұмысын ұйымдастыратын, қатысатын білім алушыларға мәселелік мәліметті бөлуге және де қабылданатын шешімдерге жауап қайтаратын баяндама жасайтынның рөлін бөлуге қатысады. Сабақ тақырып бойынша жұмыс жасалғаннан кейін баяндамашы өзіннің тобының қорытынды нәтижесі туралы он минут арасында баяндап өтеді.
Мұғалімнің әрекеттері: Оқушылардың әрекеттері:
Сараптамалық зерделеулер жағдаятты талқылау үшін қажетті білімге, ақылға қонымды мағыналық түйсікке, тәжірибеге негізделген.
Аналиткалық зерделеу мәселені талдау үшін қатаң тәсілдерді, жиі математкалық формуланы қолдану қамтылады.
Эксперименталды зерделеу ғылыми негізделген экспериментті болжамдайды. Топта жаттығуларды шешу барысында тәжірибеленген зерттеулер жүргізу қиындау, бірақ та кейде күрделенген мақсаттарды шешу үшін басқа ресурстар болмаған кезде сіз интернет көмегімен іріленген зертеу орталықтарының қорытындыларын қолдана аласыз.
Жоғарыда сипатталған зерттеу тәсілдерін зейінге ала отырып, модерация ашық пікіралмасуды ұйымдастыратындықтан, әрбір қатысқан білім алушының эксперимент-жүргізуші, аналитик-сарапшы ретінде қарекет ету дағдысын іске асыруды нақтылайды. Егер модератор-көшбасшы әрбір қатысқан қатысушының жұмысын ыңғайластыра алса, модерация барысы неғұрлым тиімдірек болып есептеледі. Модерация жіктемесі келесі ережеде орындалады.
Табысты командаланған жұмыс модераторға байланысты. Модератор кішірек және толық топтың жұмыстарын басқаруға жауаптар береді. Бұл жағдайда модератор:
-процесті ұйымдастыру және басқару үшін қажетті болып келетін іскерлік дағдылардың болуы;
- білім мен дайындықтың көшбасшы рөліне жеткілікті болуы;
- тұрақтыланған маниторинг дискусиясының болуы;
- уақытты бақылау тақырып бойынша;
- қатысушылардың мінездік сипаттамасын пікірталас үстінде қадағалау, олардың пассивті және жанжалды әрекеттерінен алшақтату;
- қарсы топтардың алдында нәтижесінің қорытындысын жасап, өзіндік көзқарастарын білдіріп айта білу.
Кейстік технологиялардың педагогикалық әлеуеті дәстүрлі оқыту әдістерінің педагогикалық әлеуетіне едәуір жоғары. Құрылымда даулар, пікірталастар, дәлелдер әдістерінің болуы талқылауға қатысушыларды жаттықтырады, қарым-қатынас нормалары мен ережелерін сақтауғаүйретеді. Мұғалім барлық оқу үдерісі барысында жағымды эмоцияның болуын, жанжалдарды шешу және жол бермеу, бірмезгілде ынтымақтастық пен бәсекелестік жағдайын құру, білім алушының жеке құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету керек.