Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI780

«Табиғат алақанда» атты экологиялық кеш

Кештің тақырыбы: «Табиғат    алақанда» экологиялық кеш

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық, белсенділігін арттыру. Табиғатты қорғауға баулу. Қосымша материалдармен жұмыс істеуге баулу. Өз өлкеміздің экологиялық жағдайына шолу жасап білу үшін іздену.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, туған ел, туған жерге деген сүйіспеншілік ояту, халықтың сат-санаға тәрбиелеу.

Көрнекілер: Кестелер суреттер нақыл сөздер. Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар суреттері, видеофильмдер, қазіргі кезде белең алып жатқан экологиялық мәселелер жайлы фильмдер.

Қатысушылар: 8-11 сынып оқушылары.

                                                          Кештің  жоспары:

  1. Табиғат барда тіршілік бар.
  2. Арал тағдыры-адам тағдыры.
  3. Семей полигоны.
  4. Балқаш көлі.
  5. Жер – Ана
  6. «Мен – 2030» тақырыбы

Бастаушы: Қымбатты өнер – білім сүйгіш жас достар! «Табиғат  алақанда» атты кешімізді бастаймыз.

         Қазіргі барша адамзат қауымы ХХІ ғасырға аяқ басар тұста бүкіл дүние жүзін елеңдеткен 2 жағдай болып отыр: бірі – ядролық қарусыздандыруда, екіншісі – табиғаттағы болып жатқан дағдарыс. Күні кеше ғана өзінің тәуелсіздігін жариялап, аяғымен әрең - әрең, қаз – қаз тұрсада бүгін дүниедегі терезесі тең елдердің қатарына қосылу үшін ерінбей тер төгіп жатқан, бұғанасы әлі қатпаған жас тәуелсіз Республикамызда табиғаттың тепе-теңдігі, бүгінгі жағдайы  басты орында тұр, өйткені:

  1. Қазір біздің Республикамыз атмосфераның ластануы бойынша бүкіл дүние жүзінде алдыңғы орынға шығып отыр.
  2. Арал теңізі мен Балқаш көлі суларының тартылуы. Сол аймақтың халық шаруашылығына және табиғатқа үлкен зиян келтіруде. Бүгінде Арал мен Балқаш көлдерінің тағдыры бүкіл халқымыздың, кең өлкеміздің тағдырымен сабақтас болып отыр.
  3. Семей әскери сынақ аймағы мен ондағы болған жарылыстарда әр түрлі зиянды радиоактивті заттардың ауаны ластауы және ауа, су, тағамдар арқылы ішкі организмдерге өтіп адам өміріне қауып төндіруде.
  4. Ірі қалаларда жұмыс істеу барысында ауаға әр түрлі улы газдарды бөліп шығаратын түрлі өндіріс орындарының көбеюі.
  5. Атмосферадағы зиянды улы газдар мен олардың қоспаларының зияны
  6. Улы газдар бөліп шығаратын жеңіл машиналардың, көліктер санының көбеюі.

 

1   оқушы

Табиғат барда тіршілік бар.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

 

2   оқушы

Атамекен жанға жайлы саябау,

Ар алдында ұят болар табиғатты аямау.

Қаныменен сіңген екен, ақ сүтімен ананың,

Туған жердің табиғатын аялау.

 

Атамекен жайға жайлы саябау,

Ар алдында ұят болар табиғатты аямау.

Қаныменен сіңген екен, ақ сүтімен ананың,

Туған жердің табиғатын аяла.

 

3   оқушы

Арал тағдыры – адам тағдыры.

Мен үшін Аралым жыр, Балқашым ән,

Бойымда соларды ойлап ән тасыған.

Күні ертең келер ұрпақ шарқ  ұрмасын,

Таба алмай жер шарының картасынан

 

Тасқын ем сан жағаны тербеген,

Айдын едім көк жиекті көлбеген.

Ақ кемелер құшағында күн кешіп,

Алыс – алыс жағаларға өрлеген.

 

4  оқушы

Семей полигоны 

Сұмдық қой бұл Абай атам елінде,

Қайрат, Мұхтар,Шәкәрімнің жерінде.

Қырық жылдай бұрқыраған жарылыс,

Неге соғар екен түптің түбінде.

Меңіреу болып қалған дала мына,

Қырық  жылғы атомның сынақтары.

Қырып жатыр әже, ана, балаңды да.

 

5  оқушы

Іштей тынып тұншығумен жүрдік қой,

Олжас ақын алғыстар көп саған мың.

Саулығын ойлап байтақ  даланың,

Неваданың төбесіне ту тіктің.

Саулығы үшін адамның,

Дер ем сені Тайбурылдай қазанат.

Маңдайыңа  жоламасын  жаман ат.

 

7   оқушы

Балқаш қасіреті. 

Балқаш та жалғызсырап аңыраған,

Кім келіп көрсетті екең жәбір маған.

Күн қайда кербездің бір өзені,

Жеті өзен жеті тұста жамыраған.

 

Анасындай арнасын тастап қашып,

Арал қайтып барады, Арал қайтып.

Тебіренші, қарашы таң нұрына,

Шақырамын, құлақ сал, жан-жырыма.

 

8    оқушы

Анаға бар адамның жаны ашыған,

Кім безер табиғаттай анасынан.

Аралым, күннен күнге, жылдан жылға,

Алыстап бара жатыр жағасынан.

 

9  оқушы

Жер - Ана 

Ей замандас! Ең алдымен досыңды ұқ,

Досың – жер, мөлдір ауа, өсімдік.

Ала жүріп осылардың сыйлығын,

Осыларды қорлау деген не сұмдық.

 

Тіршілікті қорғауға біз жарасақ,

Қорық  жасап, егін егіп, қала сап.

О, азамат, космостың  дәуірін,

Талап етер сенен биік  парасат. 

 

10   оқушы

Жер – Ана мен Өз анаң егіз екен,

Мейрімдері мейілінше теңіз екен.

Анам туды, Жер-ана жетілдірді,

Осыны өзім өмірге негіз етем.

 

Жаратылыс таңы – жан ана,

Қарық қыл суға, ауаға.

Топырағың мені асырап,

Сәулесін құйған санаға.

 

Табиғат әсемдік төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар тобының  өзі де,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын

 

11   оқушы

Бұл қара жер болған бізге кең мекен,

Кең мекенге қауіп төнді білші сен!

Сөне жаздап, сөне жаздап шамшырақ,

Талай рет жатыпты – ау ол қансырап.

Сондай кезде,

Сондай кезде қол созып.

Қай құдірет келіпті адал қол сұрап,

Жердің көрген қорлығы көп.

Жетеді!

Ол жыласа.

Жасқа толар етегі....

Аяғаннан. Алдыма алып сәбидей,

Айдарынан сипағым кеп кетеді.

 

 

12  оқушы

Бұл күнде мазасы кеткен жер,

Мейрімі тастай боп қатқан жер.

Адамға өкпесі қас айырылып,

Тілім-тілім боп тозған жер.

Тірегі қызмет ете алмай,

Жүйкесі үзіліп, құнары қашқан жер.

Бірлестік жасаған тірілер атынан,

Кешірім сұраймыз жас ұрпақ  атынан.

 

13  оқушы

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны!

Жер, суын қорғау бабаңның

Емес пе еді ұраны!

 

Болашаққа эколог боп барайық,

Керегіне табиғаттың жарайық!

Туған жердің бар байлығын қорғаштап,

Өзімізге есеп беріп, өмірге сергек қарайық.

 

14  оқушы

Экология 

 

Бөтен сөз,

Бір туғанның бірақ та.

Білгенге бұл көсем сөз,

Мәңгі қалар құлақта.

Өз үй – өлең төсегің,

Табиғат боп қалады.

Оған ашқан кесегің,

Өз басыңды жарады.

Эко Эко – Үй Отан,

Ежелден – ақ грекше.

Сөз патшасы ұнатам,

Жүрегіме гүл ексе.

Ақ тілеулі көңілдің,

Бұл – көгершін жыры еді.

Экология - өмірдің,

Соғып тұрған жүрегі.

Ей табиғат балаңмын,

Ертеңіне алаңмын.

Денсаулығы  ғаламның,

Денсаулығы  адамның.

           «Мен – 2030» тақырыбы  бойынша дебат

Жүргізуші: «Егер Сіз үкімет орындығына отыра қалсаңыз, өз туған ауылыңызға не істер едіңіз?» деген сауылған жауап беру

1-оқушы – Егер мен Президент болсам.

2-оқушы – Мен Білім министірі болсам.

3-оқушы – Мен Денсаулық министірі болсам.

4-оқушы – Мен Көлік және байланыс министірі болсам.

5-оқушы – Экология министірі болсам.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасы қуаты дамыған, гүлденген мемлекетке айналатына, оған өздерінің күш-қуат, сенім керек екеніне көз жеткізеді. Қазақстан картасына көз жіберсек, оның жер көлемі қаншалықты кең болса, табиғат байлығы да соншалықты бай. Орталық Қазақстан көмір мен мыс, Батыс Қазақстан мұнай мен газы, Шығыс Қазақстан  түсті металдары, тағы басқа. Осыларды игерумен бірге Қазақстан Арал, Балқаш сияқты экологиялық проблемалары жас ұрпақтан көмек күтуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

337 1
Саракул Макашкулова, Досбол орта мектебінің биология, экология пәні мұғалімі Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Досбол ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000922
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Макашкулова Саракул
19 ноября 2021 11:58
Маңызды тақырып