Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI773

Ертегілер әлемі

 

 

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімдері: «Сөйлеуді дамыту»

 Мақсаты: балаларға ертегіні оқып беру арқылы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері: ертегі арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін,сөзік қорын молайту мен тіл байлықтарын дамыту,жануарларға деген сүйіспеншілікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын,сергіту,мадақтау,қорытынды-лау.

Көрнекіліктер: үй жануарларының,ертегі кейіпкерлерінің суреттері,слайд.

Сөздік жұмыс: ешкі,лақ,қасқыр.

Үш тілділік: ешкі-коза- goat, лақтар-козлята-  kids , қасқыр-волк-wolf

Амандасу кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Амансың ба Алтын күн!

Амансың ба Жер ана!

Амансың ба достарым! 

Сендерді көрсем қуанам!

Балалар    тәрбиешімен үш тілде амандасады.Сәлеметсіздерме – Здравствуйте –Hellou.

Шаттық шеңберіне тұрып тәрбиешінің көмегімен қайталайды.

Қонққа ертегілер елінен қоржынын арқалап Алдар көсе келеді

Ертегілер елінен келген Алдар көсемен амандасады.

Ертегілер елінен келген Алдар көсе балалардан қандай ертегілерді білетінің сұрайды. Алдаркөсе балаларға «Қасқыр мен жеті лақ » ертегісін ұсынады.

Балалар «Бауырсақ», «Шалқан» т.б. ертегілерді білетіндерін айтады. 

Педагог балаларға «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің мазмұнын сюжетті сурет арқылы әңгімелеп береді, мазмұның түсіндіреді. (Интерактивті тақта арқылы ертегіні көрсетеді)

Ертегідегі қасқырды сипаттайды, оның іс әрекетін, жауыздығын, ал лақтардың тапқырлығы туралы әңгімелейді. Балалармен сөздік жұмысын жүргізу.

Үштілділік компонент: ешкі-коза- goat, лақтар-козлята-  kids , қасқыр-волк-wolf

Мұқият тыңдайды, ертегі желісі бойынша сұрақтарға жауап берді 

Сергіту сәті: 

Шөре шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым.

Секендеме, деміңді ал, 

Селтеңдемей құлағың.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс. 

Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды тапқызу.

Жеке жұмысты қажет ететін балалармен ертегі кейіпкерлері, оның іс әрекеттері туралы әңгімелесу. 

ешкі-коза- goat, лақтар-козлята-  kids , қасқыр-волк-wolf

Қасқырды сипаттайды.

Өлең мазмұнына сай қимылын салады. 

Балалар дұрыс жолды тауып белгілейді. Лақтарды қасқырдан құтқаратын жолды табады. 

Балаларға ертегі кейіпкерлерін сипаттау, сұрақ жауап арқылы ертегінің мазмұнын бекіту. Өз іс әрекеттерін әңгімелейді

Күтілетін нәтиже:

    Біледі: үй жануарларын, жабайы жануарлардан ажырата білуге үйртетін

    тапсырмаларды.

    Игереді: ертегі кейіпкерлерін қалай сипаттау керектігін

    Меңгереді: ертегіні қысқаша әңгімелей білу іскерліктерін.

    Тәрбиеші:  Сапакова К.А.

    Әдіскер: Тойбазарова Д.Т.

257 0
Қаламқас Сапакова, «Қуаныш» балалар бақшасы мектеп білім беру комплексі» мекемесінің тәрбиешісі Семей қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000915
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: