Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI772

Сан мен цифрды сәйкестендіру. Есептік және реттік санау. Үлкен, кіші, өте кіші. Не неге ұқсайды?

«Сан мен цифрды сәйкестендіру.Есептік және реттік санау»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру салалары: таным, шығармашылық. 

Бөлімі: ҚМҰҚ. 

Тақырыбы: Сан мен цифрды сәйкестендіру. Есептік және реттік санау. Үлкен, кіші, өте кіші. Не неге ұқсайды? 

Мақсаты:цифрлар туралы білімдерін бекіту. 

Міндеттері: 

• цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; 

• аяқталмаған пішіндерден геометриялық пішіндерді көре білуге үйрету; 

• «үлкен», «кіші», «өте кіші» ұғымдарын бекіту;  

• мультфильм көруге деген сүйіспеншілігін арттыру. 

Күтілетін нәтижелер 

біледі:1-ден 5-ке дейінгі реттік санауды; 

түсінеді: 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді; 

қолданады: заттың орналасқан орнын табуды (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында). 

Қажетті көрнекі құралдар: № 2 жұмыс дәптері. 

Билингвальді компонент: төрт – четыре, бес – пять, шапшаң – быстро, жай – медленно. 

ҰОҚ-нің барысы

Қызығушылықты  ояту.1,2,3

Сынып  іші  тып – тыныш,

Жалқаулықты  тастаймыз

ҰОҚ-тің   біз  бастаймыз!

Тәрбиеші:  Ой  балалар  қараңдаршы. Мында  бізге  хат   тастап  кетіпті. Балалар  әдетте  адамдарға  хатты  кімдер  әкелуші  еді?

Балалар: Пошташы  ағайлар  мен  апайлар.

Тәрбиеші:  Иа балалар , бізге хаттытопқа  тастап  кеткен  екен. Хатпен  бірге   бір  топ  шарлар  бар  екен. Қәне, балалар  мен  сендерге  хатты  оқып  берейін, сендер  мұқият  тыңдаңдар.

– Сәлеметсіңдер  ме, қымбатты  білімпаз  “Қуаныш” балабақшасының  балалары, бізге  көмектесулеріңізді  сұраймыз. Мына  бір  топ  шардағы тапсырмаларды орындауларынды сұраймыз. Бұл  әр  шарда  сіздерге  берілген  тапсырмалар  бар. Бұл  хатты  бізге  Басқада балабақшадағыбалалар осы тапсырманы орындап  жіберіпті. Ендеше  ол  балалардың  өтінішін  орындаймыз  ба? Бұл  шарларды  қайтадан почташы апайларымызға беруіміз керек.бізге  жіберілген  тапсырмаларды  орындайық. Әр  тапсырмалар  әртүрлі  пішінде  келген  екен.    

 Ұйымдастыру кезеңі.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге!

 

1.Тапсырма. Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді. – Балалар, аяқ киімдерге қараңдаршы, нешеу екен? 

– 5 қонақ келді деп айтуға бола ма? 

– Онда неше қонақ келді? 

– Тиісті цифрды қоршаңдар. 

– Қандайцифрдыбастырыпсыздыңдар? 

2.Сергіту сәті. 

Оңға бір қадам, 

Солға бір қадам, 

Айналып билейміз. 

Алға бір қадам, 

Артқа бір қадам, 

Айналып билейміз. 

 3.   «Қақпақтарды сандарға сәйкестендіру»                                                                                       Шарты: Тәрбиеші әр балаға  сандар жазылған тапсырманы береді.Сол сандарға сәйкестендіріп қақпақтар қою керек.

4.Педагог балаларға жұмбақ жасырады: 

Сол аяқ пен оң аяқ, 

Кезек-кезек тебеді. 

Ол тынымсыз зымырап 

Зыр жүгіре береді! 

Педагог балаларға суретпен мұқият танысуды ұсынады және сұрақтар қояды: 

–Доп нешеу? 

–Доптардың көлемі қандай? 

5. Педагог балаларға пойыздың суретін көрсетеді. 

Пойыздың вагонындағы қорабшалаларға  сыртындағы сандарға сәйкес түймелерді салындар. . 

– Пойыздыңнеше вагоны бар? 

– Пойызқайбағытқақарай бара жатыр? 

-Пойыздың вагонының түстері қандай?

6.Қорытынды: «Пішіндерді атау және сәйкестендіру»

Шарты:Балалар пішіндерді заттарға қарап  сәйкестендіру керек.

Тәрбиеші: Балалар бігінгі ҰОҚ-ті сендерге ұнады ма? Бүгін біз немен таныстық? Сандарды қалай сәйкестендірдік?

Пішіндерді қалай сәйкестендірдік?

Рефлексия. 

Педагог балаларды оқу қызметіне белсенді қатысқаны үшін мақтайды. 

–Сендер үшінші вагонға қандай цифрды жаздыңдар? 

–Сендер салған доптың көлемі қандай еді?

 

748 3
Мәдина Тоқтарова, «Қуаныш» балалар бақшасы мектеп білім беру комплексі» мекемесінің тәрбиешісі Семей қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000913
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Сандуғаш
8 декабря 2021 22:26
Сәттілік тілеймін
Карлығаш
8 декабря 2021 23:12
Жарайсың Мадина сәттілік тілеймін. 😘🙏
Марияш
8 декабря 2021 23:52
Жарайсың Мадина сәттілік тілеймін!