Мақсаты: Балалардың сандар және пішіндер жайлы түсініктерін бекіту.
Білімділік: Сандарды тура және кері атауға дағдыландыру. Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс атауға дағдыландыру. Көршісін атауға дағдыландыру.
Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды жетілдіру.
Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.
Қостілділік сыңары: Бір-один-one, екі-два-two, үш-три-tree, төрт-четыре-four, бес-пять-five.
Көрнекіліктері: Сандар, пішіндер, мнемокесте, ноутбук, проектор.
Әдіс - тәсілдері: жылулық шеңбер, қызықты сәт, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар, пішіндер туралы тақпақтар, әңгімелеу.
Сөздік жұмысы: пішіндер, сандар, тапсырмалар
Алдын-ала жұмыс: пішіндер туралы тақпақтарын жаттату.
Тәрбиеші іс - әрекеті\Балалар іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Шаттықшеңбер: Амандасу Дөңгелене тұрайық
Достық үйін құрайық Математикамен дос болып Біз көңілді болайық
Шеңберге тұрады Амандасады
Айтады, қимыл жасайды Ұйымдастыру – іздену
Сұрақ – жауап өткізу:
- Жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын атаймыз?
- Қазір қай ай?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бүгін қай күн?
(бұрышта қызыл қорап тұрады, оның ішінде сиқырлы математика әлемінің ханшайымы отырады)
- Қараңдаршы қандай әдемі қорапша, балалар. Ішінде не бар екен? Қарайықшы. (хлопушка атылады, ханшайым шығады)
Ханшайым сөзі:
Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен сиқырлы математика әлемінен келдім. Мен сендерді өз еліме қонаққа шақырамын. Онда түрлі қызықты ойындар мен саяхаттар күтіп тұр.
Ал, балалар, математика әлеміне қандай көлікпен баруға болады? Ал, біздің ханшайымыз бізге сиқырлы шарлар әдемі шарлар әкеліпті.
Балалар, біз бүгін мына сиқырлы әуе шарларымен саяхатқа барамыз. Ортаға тұрамыз, бір-бірден аламыз.
Ортақ білім шапағат
Жүрсін бізге жол бастап
Сиқырлы шарларды қосайық
Математика әлеміне саяхатқа барайық. Математика әлемінде түрлі геометриялық пішіндер, сандар бар екен.
Балалар мына экранға қараймыз. Пішіндерді атайық
Балалар, орындарға отырамыз.
Ханшайымның бізге деген тапсырмаларын орындайық. Ал, тапсырмалар оның қобдишасында екен. Ал ол қобдишаны ашу үшін мына тапсырманы орындау керек. Мына жерде құлыптардың кілттерін табу керек.
Шеңбер бойымен құлыптар тұрады. Музыка ойнағанда балалар құлыптарды айнала жүреді, қолдарына кілттер – пішіндерді алады, музыка тоқтағанда әр құлыптың кілтін жанына қояды.
Қобдишамыз ашылды, енді ішін қарап көрейік. Мұнда мынадай тапсырма: Араласып қалған сандарды ретімен қою керек. Тура және кері санау.
1 2 3 4 5
Кері, тура санау
Орысша, ағылшын тілінде санау
Көршісін тап, түсіп қалған санды орнына қой Ал енді сергіп алайық
Оң қолымда бес саусақ, сол қолымда бес саусақ. Бесті беске қосқанда болады екен он саусақ
Балалар келесі тапсырманы орындауда кедергілерден өтуіміз керек. Жердегі кілемшедегі сандарды ретімен басып өтіп,
Үшбұрыш және төртбұрыш туралы тақпақтар
Балалар қобдишамыздың ішінде тағы бір тапсырма бар екен. Кәне қарастырайық. Мұнда заттарға сәйкесті пішінді орналастыр.
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
7 күн бар
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Ұшақпен, қайықпен, жеңілкөлікпен, әуешарымен, пойызбен. Сөздерін қайталайды
Үшбұрыш, шеңбер, тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша
Балалар шеңбер бойымен жүріп, әр құлыптың кілтін табады және геометриялық пішіндерді атайды Бір бала тақтада орындайды, қалғандары үстел үстінде алдарында орындайды
Сандарды тура, кері санайды Жоғалған сандарды тауып қояды.
? 3? 5 1 4
Қайталап айтады, қимылдар жасайды Сандарды ретімен басып өтеді.
Тақпақтарын айтады.
Асылым.
Мен үшбұрышпын, үшбұрышпын Үш қабырғам бар бұрышпын
Төртбқрыштан аз болсам да Орны бөлек бұрышпын
Асыл.
Төртбұрышпын, төртбұрышпын Төрт қабырғасы бар бұрышпын Қай жағынан қарасам да
Төрт қабырғам тең бұрышпын
Тапсырмамен танысып, пішіндерді орналастырып атайды:
Шеңбер, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш Рефлексиялық – коррекциялау
Мнемо таблица.
- Кім келді қонаққа? Немен саяхатқа бардық?
- Экранда көрінген нелерді атадық?
- Қандай ойын ойнадық?
- Нелерді санадық?
- Нені құрдық?
- Сәйкес нелерді таптық?
- Балалар, бүгінгіс аяхатымызды қорытайық. Ұшып келген шарларымызды қолға алайық, тобымызға қайтайық.
Ханшайым, шарлармен Геометриялық пішіндерді Құлыптың кілтін табу
Сандарды тура, кері
Заттарға сәйкес пішіндерді таптық.
Өте тамаша балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін әдемі смайликтер таратып берейін, үйлеріңе алып кетесіңдер.
Балалар, бүгінгі саяхатымызды қорытайық. Ұшып келген шарларымызды қолға алайық, тобымызға қайтайық.
Балалар қатарға тұрып топқа қайтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Тапсырмаларды орындайды. Пішіндерді атайды, сандарды тура және кері санайды. Түсінігі бар: Түстерді ажырата алады.
Орындай алады: Тақпақтарды жатқа айтады.