Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI764

Қош келдің, Әз Наурыз

Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп айтайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр.

Би: Қара жорға

Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың,  төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.

Інжу И

Ата бабам тойлаған, 

Наурызым армысың.

Қызығына тоймаған,

Жаңа жылым бармысың,

Қанат

Наурыз келді құт болып

Мына бізге сүт болып

Аққа аузымыз толады

Бар жақсылық болады.

Тәрбиеші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті Дастархан әніне береміз.
Ән: «Дастархан»

Тәрбиеші:Кел, балалар ойнайық

Ойнайықта, көңілімізді көтерейік.

Ойын: Арқан тартыс

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар балалар  «Қаз –қаз балам қаз балам,  қадам бассаң мәз болам» деп  қазақтың қандай салт -дәстүрінде айтылады?

Балалар: Тұсау кесерде

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар біледі екенсіңдер.Ал олой болса, біз бүгін ортамызға, Ақ жаулықты әжеміз немересіне, «Тұсау кесу» рәсімін өткізеді.. Бәріміз тамашалайық.

Салт-Дәстүр; «Тұсау Кесер»

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Тақымыңды жаз балам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін,

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық,

Қаз-қаз, балам , жүре ғой.

Тәрбиеші: Әже сіз дастарханға отырыңыз дәмнен ауыз тиіңіз.Ал олай болса біздің балалар 22 наурыз жайлы біраз жайдттар біледі екен. Артур бізде мақал –мәтелдер айтып беремін дейді.

Мақалдар

1.Сәуір болмай, тәуір болмас.

2.Наурыз көже қалғанша, жаман қарын жарылсын!

3.Көктем туа Наурыз  келер,Күн менен түн теңелер.

4.Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын!

5.Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын.

Тәрбиеші: Жарайсың Артур . Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
 Інжу: Бұл - бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі, жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады.
- Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.
- Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.
- Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді)
Алас - алас, алас,
Бар пәледен алас.
Барлық пәле желмен кетсін,
Ағынды сумен кетсін.
Алас - алас, алас.

Бөбегім ұйықтап дем алсын
Қунап оянсын!
Енді баланы бесікке салайық.
 Бесік жырының бір шумағын айтып жіберейік

Әлди, әлди, ақ бөпем 

Ақ бесікке жат бөпем

Тәрбиеші: Жарайсың келесі кезекте балаларымыздың өлең шумақтарына кезек берйік.

Абылай

Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Ән саламыз бәріміз

Би билейміз бәріміз.

Азалия

Наурыз тойы тамаша

Қарсы алайық жаңаша

Шат күлкімен қуаныш

Еліме сыйлар қуаныш

Бүршік жарып ағаштар

Асық ойнап балалар

Наурызды күтіп жүр 

Жасы үлкен аталар

Тәрбиеші: Жақсы жарайсыңдар балалар. Ал балалар бізге  ұлыстың ұлы күні ақ бата беретін кім?

Балалар: Қыдыр ата 

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар бізге Қыдыр ата келді. Кәне қарсы алайық. Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға шақырайық!

ҚЫДЫР АТА: 

Сұрасаң бата берейін,
 Үстем болсын мерейің
 Ықыласпен қол жайсаң,
 Ақ тілекті төгейін
 Ұлыс оң болсын
 Ақ мол болсын
 Қайда барсаң жол болсын!
 Ұлыс бақты болсын,
 Төрт түлік ақты болсын! Әумин

Тәрбиеші: Қыдыр ата жоғары шығып дәмнен алып  отырыңыз. Балалар енді ойын ойнайқ

Ойын;Қол күрес.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар келесі кезекте Әнімізді айтайық

Ән; Тұлпарым

Тәрбиеші: Жақсы   енді осындай мерекеде бір билейік.

Би:

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді барлығымыз малдас құрып дөңгелене отырып  тыйым сөздер айтуымыз керек.

 Тәрбиеші: Жақсы балалар ! Ал енді қазақтың аспабы туралы айта кетпесек болмайды.

Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.
Нурали
Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма

Ералым

Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы

Дастарханға елімнің

Береке ырыс сыйлашы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

279 0
Садыкова Айжан, «Қуаныш» балалар бақшасы мектеп білім беру комплексі» мекемесінің тәрбиешісі Семей қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000906
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: