Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI760

Математика пәнінен жаңартылған оқу мазмұнында оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы  мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған білім алушылар  ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен іс - тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген.«Халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек» екендігін  міндеттей отыра, білім беру жүйесінің әдіс-тәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігін көреміз.Маңызды мәселелерді шешуде, жас ұрпаққа сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал, талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.Математика пәні  ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі, сондай ақ  әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап түсінуге көмектеседі. Пәннің  болашақ тұлға үшін моральдық эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәніде   баршылық.

Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың қилы әдістері мен технологияларын білуі қажет. 

Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс - әрекеті, ал технология –көптеген әдістердің жиынтығы. Бүгінгі білім саласына енгізіліп жатқан сындарлы оқыту ол оқушының дамуы мен білім алуына өзара тығыз ықпалдастық пен бірлескен жұмыстар арқылы жүзеге асырылып, мұғалім сабақта бағыт беруші болып табылады. «Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету оқушының дамуы мен есте сақтауына ықпал ететін білім алатын ортасы мен сабақта қолданатын инновациялық тиімді әдіс-тәсілдер. Сындарлы оқытудың теориялық негіздерінің мақсат-міндеттері мен маңызын түсінетін, ұстанымын өзгерткен мұғалім болуы қажет. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез-келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс.Мұғалім сындарлы оқытудың теориялық негіздерін оқып-үйреніп, оны сабақтарында тиімді қолданып, табысты оқытудың негізі болып саналатын Шульманның үш көмекшісі: кәсіби түсінік, оқытудың тәжірибелік дағдылары, кәсіби-адамгершілік тұтастық қасиеттерін бойына сіңіруі қажет. «Сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады».

Жаңартылған білім берудің тағы да бір ерекшелігі – оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуі. Тақырыпты мұғалім   меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді болып табылады.Белсенді оқыту  оқушылардың белсенді қызметпен айналысуы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді.

Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал, талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты – математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады. Казіргі таңда жаңартылған білім мазмұнына сәйкес математика сабағында мұғалім теориялық ілімдерді меңгертуді, практикалық әдіс- тәсілдермен ұштастыра отырып, тез, ұтымды есептеулерге жаттықтырады. Оқушы үй тапсырмасы ретінде өткен тақырыптарды қайталамаса, үй тапсырмасын орындамаса, есеп шығармаса, белгілі нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Оқушы бұл пәнді тиімді меңгеру үшін, оқытылатын материалға қызығуы, есеп шығаруда қызығушылық танытуы тиіс. Математикалық есептерді шығару кезінде төзімділік пен табандылықтың қалыптасуының өзі тәрбиемен ұштасып отырады. Жаңартылған білім мазмұны бойынша математика сабағын жүргізгенде әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана білу керек. 

Математика пәні нәтижелі болу үшін:

•Әдіс-тәсілдердің тиімді таңдалуы; 

•Сабақтан алғанәсері оқуға қызығушылығын және білімге деген сұранысты арттыруы; 

• Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі; 

• Жұмыс барысында мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату, әр оқушыға сенім білдіру; 

Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. 

Математика сабағындағы білім беру сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарымның негізгі бағыты осындай теориялар мен оқыту мен оқуды жақсартудың жолдарына негізделген. Сындарлы оқытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып әрбір сабағымды сыни ойлана отырып, оқушылардың білімінің қалыптасуына ықпал ететін әдістерді қолданып өтуімнің нәтижесінде, оқушыларым айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Олар, ортақ проблеманы шешуде бірлесіп жұмыс істей алды, әдіс-тәсілдерді қолданып, ойлау дағдыларын, оны жеткізу дағдылары қалыптасты. «Автор орындығында», «Алты қалпақ», «Кубизм», «Балық қаңқасы», «Болжау кестесі», «Фрайер», «Темперетура өлшеу» т.б әдістер арқылы тапсырмаға логикалық қорытынды, интерпретациялар жасату,оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын арттыруға, диалогтық байланысқа түсу үшін тиімді болғандықтан бұл әдісті қолданысқа енгіздім.«Жигсо» әдісі бойынша тақырыпты меңгерту арқылы жаңа білімді дамыту. Марсел мен Литлтонтың еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің  өсуіне үлес қосатындығын көрсетеді. Яғни интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыс балалардың танымды дамуына әсер ететіндігін дәлелдейді. Бұл әдісте оқушылар белсенді болып, жаңашыл идеяларға сеніммен қарады.  «Соңғы бес минут», «Тарсия», «Сэнгвич», «Плюс, минус, қызықты», «Білдім, білгім келеді, үйрендім» т.б тәсілдер арқылы сабақты меңгеру деңгейіне кері байланыстар жасап, «Блоб ағашы» , «Табыс сатысы» , «Күн, бұлт, жауын» т,б кері байланыс түрлеріне дағдыланып, өздерін өздері бағалай алды. Білім беру сапасын арттыру бағытында жүргізілген зерттеу жұмысымның барысында кедергілерге де кезіктім. Соның бірі оқушылар жаңа сабақты игерту мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сабақ мақсатын өздері қойып, бүгін не үйренетінін анықтағанмен, жаңа сабақты игеру барысында топтық жұмыста белгіленген уақыт жетпей қалды. Оның себебі, оқушыларға сабақ материалының қиындығы мен бұған дейін таныс болмауы әсер етті. Бұл кедергіден шығар үй тапсырмасын берудегі «Төңкерілген әдіс» түрін қолдану дұрыс деп таптым. Оқушыға келесі жаңа сабақ материалы үйден оқуға немесе сол тақырып пен өткен тақырыпты байланыстыратын тапсырмалар беріледі. Оқушы ізденіп, оқып келсе жаңа сабақта берілген ресурсты оңай қабылдап және тобындағы достарына да түсіндіре алып, топ жұмысын сәтті қорғай алады. Үйден жақсы дайындықпен келген оқушы басқа топтардың да жұмысын  тыңдап, өзіндік сұрақтарын қойып, дұрыс баға бере алады. Екінші кедергі, оқушылардың математикалық сөйлеу дағдысының төмен болуы. Бір сөзбен айтқанда математика пәнінің мұғалімдері көп әдісті білуге тырысуы керек. «Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек »,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек деп ойлаймын. Өз пәнін сүйетін ұстаз ғана, өз ісінің шебері болып қана қоймай, жоғары жетістіктерге жететініне сеніммен қараймын. 

Жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін шынайы өмірлік қажеттіліктерге асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелейміз.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2016

2. Білім туралы Заң. Астана. Ақорда. 2007ж. 27 шілде. №319-ІІІ ҚР

3. «Болашаққа бағдар: руханижаңғыру» Н.Назарбаев 13.04.2017 жыл

4. А.Қ.Әлімов. Оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану. Алматы, 2012ж

5. Интернет қоры. bilimdiler.kz.

891 0
Айнаш Заманбекова, Гаухар Моллаева, «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің математика пәні мұғалімдері Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000902
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: