Мақсаты: Оқушыларға жолда жүруді үйрету, іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрет, жол белгілерімен таныстыру, жол белгілерінің түрлерін ажырата білу. Оқушыларды жалпы жолда жүру ережесін сақтап жүруге, жауапкершілікке баулу, жол белгілерін есте сақтауға, сергектікке тәрбиелеу. Көрнекілік: Жол белгілері, бағдаршам. Макеттер,қауіпсіздікке байланысты
кітаптар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар біз бүгін « Абайлап жүр,балақай!» тақырыбында сынып саға-
тын өткіземіз. Жол ережесін білу өмірімізді жазым болудан сақтайды.Сондықтан да бәрімізде жол ережесін біліп қана қоймай оны сақтау керектігін үйренеміз.
Мысалы: үлкен қалаларда, көшелер өте көп. Ал, біз, сол көшелермен қалай жүріп қалай өтуіміз керек? Тек қана бағдаршам тұрған көше қиылысындағы жолақтан өтуіміз керек.
1 - оқушы: Сапар шексек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.
2 - оқушы:
Көлік, көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен
Күнде тынбай жүреміз.
3 – оқушы
: Тәртіп бұзсақ абайсыз,
Жағдай туар қолайсыз.
МАИ қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз.
4 - оқушы:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден
Сау – саламат жүреміз.
5 - оқушы:
Үш түсті түрі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегеннің
Сырын жақсы біліп ал
6 – оқушы: Қызыл көз жанарда
Тоқтай қал әманда
Сары түс ескерту,
Дайын бол табанда.
7 - оқушы: Жасыл көз жарасты,
Алдыңнан жол ашты.
Өте бер асықпай
Жолыңмен қарасты.
8 - оқушы: Ештеңе жоқ алаңдар,
Өте берер адамдар.
Жол шетінде тұратын,
Жол белгіге қараңдар!
9 - оқушы: Жарасып - ақ кетер ек,
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріндерші.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді. (бағдаршам)
ІІ. Топтың орындауында «Бағдаршам» әні
1. Қалада көлік көп
Қалада апат көп
Сақтайтын апаттан
Тек қана бағдаршам, бағдаршам.
2. Бағдаршам біледі
Бәрін де көреді.
Адам да ,көлік те,
Сол шаммен жүреді
Бағдаршам, бағдаршам
3. Үлкен біздің қаламыз
Есте сақтап аламыз
Қызыл, жасыл, сары шам
Көшеде тұр бағдаршам
Бағдаршам, бағдаршам.
ІІІ. Ал енді, балалар, олай болса, қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.
1 - жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. Ақылға салып ойланып, Тапшы мұны пысығым. ( жол)
2 - жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді, Ескеріп ешбір адам емдемейді. Жүк емес жануарға жүз адам да, Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
3 - жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
ІV. Викториналық сұрақтар.
1 - сұрақ. Жолаушылар дегеніміз кімдер? Жауап: Кез - келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2 - сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не? Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3 - сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады? Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4 - сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек? Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама - қарсы бағытта жүрген жөн .
Сахналық көрініс: «Доктор Айболит пен достары»
V. Қорытынды.
Мұғалім: Ал балалар біз бүгін не үйрендік, немен таныстық?
- Жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен.
- Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?
- Бар, ол бізді жол апатынан сақтауға көмектеседі.
- Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?
- Тілін алуымыз керек.
- Осымен сабағымыз аяқталды.
Ән «Әрқашан күн сөнбесін».