Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI749

Ата- аналарға арналған тренинг

Тренинг тақырыбы: Рухани жаңғыру аясында мәңгілік ел қалыптастыру жолы – жас ұрпақты тәрбиелеуден басталады.

Тренингтің мақсаты: 5-сынып оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға өтуі барысындағы бейімделу үдерісіндегі  баланың дамуында, жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып  қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.Рухани  жаңғыру  аясында   орта  буын  оқушыларының   ата-аналарының  ойларымен  бөлісіп,   ортаға  салу.

Қатысушылар: 5-сынып ата-аналары

Тренинг ережесі:

- Тренингке берілген регламентті сақтау;

- Тренинг барысында бір-бірінің сөзін бөлмеу;

- Қатысушылармен бірігіп жұмыс жасау;

- Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Үстіміздегі жылдың басты жаңалығы - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарыққа шығуы болды. Аталған мақаланың халықтың ертеңі алдындағы маңызы айқын. Ең бастысы, қолымызға алдағы рухани дамуымызға қажетті, жол көрсететін құбылнама іспетті бағдарлама тиді. «Рухани жаңғыру» - еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде мектеп үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналуда. Бұл маңызды құжат мектептің тәрбие және білім саласындағы жұмыстарын жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашады.
 Елбасымыз өз сөзінде: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі - саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. 

Ұйымдастыру кезеңі:

1-жаттығу «Өрмекшінің торы» атты танысу тренингі

Тренингке  қатысушы   ата-аналармен танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін. Тренингті  ұйымдастырушы  мұғалім жіптің  бір   ұшын ұстап  тұрып өзінің аты – жөнін және өзі  жайлы  жақсы   қасиеттерді  айтып  өтеді   де, келесі адамға жіпті лақтырады. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңыздағы адамның аты мен жақсы қасиеттерін айта отырып, кері қайтарып бересіздер.  Мұндағы  негізгі   мақсат  ата-аналар  бір-бірімен   жақынырақ  танысады.

2-жаттығу «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, кез-келген  жерінен  жыртамыз.Тағы да  қағазды бүктеймізде  кез-келген жерінен  жыртамыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз. Енді  қағазды   ашып  қарасақ, қар  қиыршықтары   әр  ата-анада  әр   түрлі  болып  шықты.

Талдау:

  1. Кімде бірдей қар қиындысы шықты?
  2. Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?
  3. Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?
  4. Мұғалім  сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы, дүниетануы көзқарасы бәрі де әр түрлі. Бүгіні жиналуымыздың бірден бір себебі 5-сыныптардың орта буынға бейімделуі барысында  балаңызға қолдау көрсету.

3-жаттығу  Жағдаяттар шешу. 
Мақсаты: Кез келген қиын жағдайдан шығуға үйрету, балаларының құқығының сақталуына, балаларына дұрыс көңіл бөлуге баулу

  1. Сіздің балаңыз І тоқсан қорытындысы бойынша жаратылыстану пәнінен «3-тік» бағаға қорытылды. Себебін анықтау барысында, оқушыға жоғарыда аталған пән және сабақ беруші мұғалім де ұнамайды екен. Балаңызға қандай кеңес берер едіңіз? 
  2. Математика пәнінде күрделі есепті Алмас ұялы телефоны арқылы мұғалімнен жасырып берілген есептерді көшіріп  отырды. Оны бастапқыда байқамаған мұғалім оның белсенділігіне таң қалды. Бір сәтте мұғалім оқушы әрекетін байқап қалып, оның есепті өзі емес ұялы телефоннан көшіргенін байқайды. Сіздің әрекетіңіз?
  1. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Өзіңіз үнемі жұмыстасыз. Балаңызды қалай жөнге келтіресіз?
  1. Мұғалімдердің өзара пікір алмасу сайтындағы жазбадан: «Менің сыныбым 1 сынып. Сыныбымда бір оқушым аптасына сабақтан үнемі 1 рет болса да қалдырып отырады. Сұрасаң ұйықтап қалған, т.б. Бірде 2 апта сабақтан қалды. Ауырып қалыпты. Содан келген соң өтілген тақырыптарды жетіп алу үшін тапсырмалар бердім. Сабақтан қалма, үлгере алмайсың деп жайымен де, қатты айттым. Өзіде даярлық тобына бармаған екен. Кешке анасы хабарласып: Қызыма ұрысыпсыз. Ол енді 1 сыныпқа барды ғой.11 сыныпқа дейін қаншама жылдар бар. Оқып үлгереміз дейді. Содан не керек мен ол оқушыға ескерту айтпайтын болдым. Анасының сөзінен соң. Сіздердің пікірлеріңіз қандай?»

4-жаттығу «Менің отбасым» жобалау әдістемесі

Нұсқау: Қатысушыларға алдын ала салынған балаларының «Менің отбасым» тақырыбына суреттерін парта үстіне қойылады. Салынған суреттердің ішінен ата – аналар өз балаларының салған суреттерін табуы қажет.

Талқылау сұрақтары:

Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?

Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша таптыңыз?

5-релаксация «Ашық хат» (алдын ала 5-сынып оқушылары ана-анасына хат жазады)

Нұсқау: Балаларыңыз сіздерге деген жүрек түбіндегі лебіздері мен құрметтерін, айта алмай жүрген ойларын ашық хат бетіне түсірген болатын. Сондықтан ашық хатты оқып шығып, балаларыңызға сіздерде ашық хат жазыңыздар. Ашық хатты балаңызға айтпай жүрген еркелетін сөздермен бастап, болашаққа өмір жолына тіліктеріңізді жазыңыздар.

(Ата-аналардың жазған хаттарын конвертке салып балаларының аты-жөнін жазғызып, балаларына келесі тренингте немесе жиналыста  таратып беру керек)

Мұғалім сөзі: Ата-аналар сіздерге бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға рахмет айта отырып, отбасылық амандық, балаларыңыз әрдайым сіздерді қуанта берсін деймін. 

Осындай жақсы күндеріміз көп болсын, тілектеріміз қабыл болсын!

1 470 0
Аяганова Акерке Сарсенбаевна Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің Өзін-өзі тану мұғалімі Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы дала ұстазы № 000573
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: