Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI745

Цифрландыру және білімді ақпараттандыру – заман талабы


Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс.   Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді.

Цифрлық трансформациялау идеясын әлемдік тренд деуге болады. Цифрлық технологиялар көптеген елдердің экономикасын дамытуда маңызды рөлге ие. Цифрлы жүйеге көшу -жаһандық бәсекеге қабілеттілік негізі. Оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол білім алушылардың  оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық әдіс-тәсілдердің біртұтас кешені деп айқындалған.Цифрлік сауаттылық –адам тіршілігіндегі маңызды ажырамас бөлігіне айналып отыр.Яғни, адам өмірдің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді әрі тиімді, қауіпсіз түрде пайдалануға дайын болуы керек. Цифрлік сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі болғандықтан, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі болып отыр. 

Елбасымыз Н.Назарбаев  білім беру жүйесі еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру ісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.  Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасында білім беру ісіне зор мән берілгендігін айтады. Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр.   Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқыту сапасын арттыруға, сондай-ақ, білім мен ақпарат алмасу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде ұялы телефон, компьютер және Интернет - бұл табиғат пен қоғам өмір сүретін кеңістіктің маңызды элементтері болып отыр. Бүгінгі білімнің дамуы үшін адами капиталдың әсері енді жеткіліксіз. Білім беру ортасының өзін өзгерту керек, тек еңбек ресурстарын оқыту көлемін ұлғайту емес, білім мазмұны, оның әдістері, құралдары мен ортасы сапалы түрде өзгеруі керек, SMART біліміне әмбебап көшуіміз қажет. 

Қазіргі таңда мұғалімдер сабақты жоспарлайотырып   сабақтың әр кезеңі бойынша  АКТ-ны қолдануға  тырысады. Сабақтың басы оның ең маңызды   сәттерінің бірі екендігі белгілі. Осы  кезеңнің рөлін оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын тез арада қалыптастырып, жұмысқа   кірісіп кетуі үшін олардың   көңіл-күйін жасауға  арналған  ұйымдастырушылық сәт орындалады. Оқушыларды сабақтың ұйымдастырушылық  кезінде жұмылдыра отырыпзейінін шоғырландыру үшін тақырыпты  күнделікті мәлімдеу мен мақсаттарды тұжырымдаудан басқа, көбінесе іс-әрекеттің   келесі түрлері қолданылады:

  1. бейне/фото таныстырылымдар;
  2. тапсырмалары мен сұрақтары бар слайдтар;
  3. бейне роликтер;
  4. картиналар мен проблеманы көрсететін ресурстар.

Аталған іс-әрекеттердің барлығы оқушыларды белгілі тақырыпты  және сабақ мақсаттарын зерделеуге аударады. Әрине, мақсатты қою суреттердің, анимациялардың, тұсаукесерлер   немесе  картографикалық  карталардың   көмегімен  жүргізіледі.Оқушылар үйде орындайтын тапсырмалар  оқушының өз бетімен оқуына және өтілген материалдың білімін бекіту дағдыларын дамытуға бағытталған. Мұғалім олардың дұрыс орындалғанын тексерген кезде бұл сабақтың  көп уақытын алса да, дегенмен бұл қажеттіүдеріс, өйткені онсыз оқушының өткен тақырып  бойынша деңгейін анықтауға және жаңатақырыпты зерделеуіне көшуге болмайды.  Егер сабақта АКТ құралдарын кеңінен   пайдаланса, ол сабақта көптеген қиындықтарды шешуге жол береді. Егер үйге берілген тапсырмада кез келген материалды, мәтінді, туындыны оқып  шығу немесе онымен танысу берілсе, белгілі   формулаларды жаттауға және т.б. берілсе, онда қысқа мерзім ішінде тестілер арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындағанын  тексеріп шығуға болады.

Тест дегенге қандай түсініктеме беруге болады? Тест арқылы сынауда қандай жаңалық бар? Оның сұрақтары қалай дайындалады, оны қалай өткізеді, тест арқылы сұраққа қалай дайындалу керек әрі қандай бағдарламаларды тиімді пайдалану керек? Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.

Қазіргі кезде тесттік әдіс оқу- білімге қатысты барлық ұйымдарда кеңінен қолданылып келеді. Тест деп сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сынақтарды атайды. Осындай іс-әрекетті құрған және жүргізген кезде АКТ түрлі нұсқаларды ұсынады. Олардың ішінде  ең тиімді құралдардың бірі ретінде, әрине, Kahoot   (kahoot.com/) онлайн-сервисін айтуға болады. 

Kahoot – оқушылардың білімін ойын және қызықты форма түрінде бағалайтын бірден бір инструмент. Онлайн викториналар, тесттер және сауалнамалар құруға арналған кейін шыққан қызмет көрсету құралы болып табылады. Ол үшін педагогке компьютер, интерактивті тақта, планшет, ноутбук және   смартфон, яғни интернетке шыға алатын кез-келген құрылғы қажет болады. Kahoot сервисін пайдалануды   алгоритм түрінде қарастыруға болады.

Информатика сабағында тест алу әдісінің бір мысалы ретінде Kahoot   (kahoot.com/) онлайн-сервисімен қалай жұмыс жасау керегіне тоқтала кетейін:

Ұсынылып отырған қызмет көрсету сервисінде педагогке тіркелу керек. Алдымен https://kahoot.com/ сайтына кіріп, Sign up for free (Тіркелу) I'm a teacher (Мұғалім) тетігін таңдау керек, әрі қарай School (мектеп)
 тетігін басу керек. Одан кейін қолданушы өзі туралы ақпаратты толтырып, электронды адресін және аккаунтқа кіру үшін құпия сөз жазады. 

 

 

 

Сурет 1. Сервиске кіру (тіркелу)

 

Kahoot-тың бір түрін таңдау керек: тест — Quiz, талқылау — Discussion, сауалнама — Survey немесе реттілік — Jumble. Тапсырманы құрастыру.

 


Сурет 2. Kahoot тапсырмаларының түрлері

 

Kahoot-та құрылған тапсырмаларға фотосуреттер және видео үзінділерін қосуға болады. Викторина, тест тапсырмаларын орындау қарқыны әрбір сұрақ үшін қойылған уақытпен шектеледі. Мұғалім қалауы бойынша берілген сұраққа дұрыс жауап үшін балл және орындалу жылдамдығын қоя алады. Барлық ақпарат мұғалім компьютерінің мониторында көрінеді.

Сұрақтарды құрастыру үшін Quiz (сұрақ) батырмасын басып,  тақырыбын жазғаннан кейін Go ) батырмасын басу керек. Бірінші сұрақты енгізу үшін терезе пайда болады, оған сұрақ енгізгеннен кейін сурет немесе видео тіркеуге болады, ол үшін Image және Video батырмалары қолданылады. Одан кейін уақытын қою керек. Қойылған уақыт біткенде сұрақ жабылып қалады. Әрбір сұраққа төрт жауап нұсқасы ұсынылады. Оның ішінде бір ғана жауап дұрыс болу керек. Келесі сұрақты енгізу үшін Add question батырмасын, сұрақты өшіру үшін Delete question батырмасын, сұрақты қайталау үшін +Duplicate, сұрақты болдырмау үшін Cancel және сұрақты құрастыруды аяқтау үшін Safe & Continue батырмаларын басу керек.

Оқушылардың арнайы тіркелуін қажет етпейді, сондықтан уақытты көп алмайды. Оқушылар тестке қатысу үшін тек қана смартфон арқылы қосымшаны (приложение)  орнатып алу керек (мысалы, с Google Play), өз құрылғысында сервисті ашып, мұғалімнің компьютерінде көрсетілген PIN-кодты енгізгеннен кейін жалпы желіге қосылады.

 


 

Сурет 4. Ойынды ұйымдастыру әдісін таңдау

 

Барлық қатысушылар желіге толық қосылғаннан кейін мұғалім тапсырманы «Start» батырмасы арқылы қосады, оқушылар сұрақ пен жауаптарды интерактивті тақтадан немесе мұғалім компьютерінен көре отырып өз гаджеттерімен жауап береді. Оқушылардың смартфонында сұрақтар мен жауаптар көрінбейді, жауаптар нұсқасы түрлі геометриялық фигуралармен көрінеді, ал сұрақ пен жауаптарды интерактивті тақтадан немесе мұғалім компьютерінен оқып отырады. 

 

 

 

Сурет 5. Сұрақ және оның нәтижесін көру

 

Тест біткесін оқушылар өз нәтижелерін экраннан көре алады. Смартфонда  жауаптың  дұрыс немесе бұрыс екенін, оқушының жинаған баллын көруге болады. Ал экранда жалпы рейтинг көрінеді.

 


 

Сурет 6. Оқушылардың рейтингі

 

Педагог оқушылардың барлық нәтижелерін өз компьютерінде, Excel-документіне экспорттау арқылы және Google Disk-те сақтауға мүмкіндіке ие.

Ешбір оқушы сабаққа ықылассыз қалмайды. Kahoot.com қолдану оқушылармен кері байланыс жасаудың заманауи формасын жүзеге асырады, тест жасау арқылы алған білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.

Сабақ барысында АКТ-ны тиімді пайдалану – бұл:

  1. берілген уақыт ішінде барлық оқушылардың білімін бағалауға
  2. сабақта көрнекілікті қолдануға
  3. сабақтың өнімділігі арттыруға
  4. оқушылардың білім деңгейіне оң əсер етуге.
  5. шығармашылық қабілеттері мен зерттеу әрекетінің дағдыларын дамыту;
  6. оқу әрекетіне белсенді жұмылдыру;
  7. коммуникативтік қабілеттерді дамыта  отырып, оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
  8. ақпараттық мәдениет элементтерін тәрбиелеу;
  9. өзінің оқу жетістіктерін дербес бағалау  мүмкіндігі, бұл оқушылардың өзін-өзі жетілдіруге   қызығушылығын  арттырады  және т.б.

Осылай ойлау қабілеті жоғары, тұлға ретінде жан-жақты дамып келе жатқан келешек маман тəуелсіз еліміздің барлық салаларында аса қажет екендігін бүгінгі еңбек нарығының талаптары дəлелдеп келеді.Қорыта келгенде, сабақты АКТ мүмкіндіктерін әрбір мұғалім ұтымды әрі тиімді пайдалана білсе, білім сапасы қажетті деңгейге артып, оң нәтижесін көрсететіні анық.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.https://ust.kz/word/bayandama_bilimdi_aqparattandyry_jane_cifrlandyry_zaman_talaby-71941.html

2.http://www.aktobe-orleu.kz/docs/konf/2019-conf.pdf

3.https://docplayer.ru/75912431-Materialdary-materialy.html

4. 2011-2020 жылдарға арналған  Қазақстан  Республикасында білім беруді   дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.-Астана 2010.

5. https://ziatker.kz/doc/cifrlandyry_bugingi_bilim_berydegi_janga_bagyt_39051.html

6."Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы. 2018-2022 жылдар

7.https://kahoot.com/

8.https://te-st.ru/entries/kahoot-app/

9.https://ust.kz/word/kahootit_saitynda_test_qurastyry-24051.html

10. Еремина С.Л. Компания на рынке smart education /Еремина С.Л., Мельников П.Н., Головкова С.В. //Вестник науки Сибири.-2015.-№ 2.

 

 

 

 

 

 

708 0
Нургул Умирзакова, №100 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ақсуат ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000343
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: