Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI744

Оқушылардың оқу деңгейінің мониторингі

      Соңғы уақытта мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту үрдісінің нәтижесін бағалауда  мониторинг дүниеге келді.  Оқыту нәтижелігін бағалау және талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту процесінің нәтижесін бағалау, контенгенттегі оқушылардың ерекшелігін ескере отырып оқу үлгірімін талдау және мұғалімнің тәжірибесін жинақтау, болашақта қателіктерді болдырмау, озат тәжірибелерді тарату мақсатында   педагогикалық мониторинг   жүргізілуі тиіс. Мониторингтің ақпараттық, талдау-бақылау, мотивациялық-ынталандыру, болжамдау және түзету қызметін педагогикалық жаңашылдықтар мониторингісіне қолдануға болады. 

      Ақпаратық қызмет оның маңыздылығы білім беру процесінің тиімділігі мен барысына, қосымша құбылыстардың болуы мен олардың сипатына қатысты көптеген сұрақтарға жауап алуында. Ақпаратық қызмет арқылы әртүрлі факторлар туралы мәліметтерге деген қажеттілікті азайтуға болады.Талдау-бақылау қызмет жинақталған ақпартты талдау арқылы біліжм беру жүйесінің даму   жағдайымен тенденцияларын көрсететін себеп- салдарлы байланыстарды ашуға болады.

      Нәтижелерге талдау жасау мен бағалау тығыз байланысты алынған нәтижелерді бекітілген норативтермен салыстыру нәтижесінен кейін ғана оларды жүзеге асыруға болады. Салыстыру, сәйкестендіру, классификациялау көмегімен алынған мәліметтер кемшіліктердің себептерін анықтауға   негіз болады. Талдау – бақылау қызметінң жүзеге асу тиімділігі жинақталған ақпарат сапасына , оның сенімділігіне, қажеттілігі мен  жеткіліктілігіне байланысты. 

   Мотивациялық – ынталандыру  қызмет – берілген қызметтің орны білім беру процесіне қатысушылардың танымы мен сеніміне жинақталған ақпараттық ықпал етуді қамтамасыз етеді.   Мониторнгке күшейту моделін қолдану екі түрлі салдарға әкеледі: 1. берілген  әрекеттің оң нәтижесі /мониторингтік бағалаудың оң нәтижесі/ болашақта күтілетін әрекетерді қамтамасыз етеді, 2. кері нәтижелер жаңа әрекеттердііздестіруге әкеледі.

      Мониторинг дегеніміз – педагогикалық әрекеттің нысандары мен құбылыстарын ұзақ уақыт қадағалап бақылау. Мониториг аналитикалық жүйе болғандықтан зерттеу жан-жақты жүргізіледі. Мониторингтік зерттеу арқылы іс-әрекетінің динамикасын қадағалауға оқушыларды оқытудағы жүйелікпен кемшіліктерді анықтауға және оқушыларбілімініңсебептерін түсінуге жол ашады. Мониторингтіңқозғаушы,ынталандырушы қызметі мұғалімдердің өзін жан-жақты тануына түрткі болады, әрі өзінің педагогикалық еңбегіне өзіндік талдау жасауға машықтандыруды және мұғалім әрекетініңзерттеушілік бағытын дамытады. Мұғалімнің кәсіптік деңгейін анықтау әдістерініңжүйесі педагогикалық диогностика. Ал диагностиканың нәтижесі мониториг арқылы көрсетіліп отырылады. Оқыту нәтижелігін бағалау мен талдау мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқуту үрдісінң нәтижесін бағалау, сондайақ оқушылардың ерекшелігін ескерк отырып, оқу үлгірімін бақылау мен мұғалімдердің тәжірибесін жинақтау және болашақта қателіктерді болдырмау нәтижесінде педагогикалық мониториг жүргізіледі.

   Оқушы тұлғасының өзіндік дамуына ,танымына өзін-өзі желілдіруіне бағытталған оқыту талабы мұғалімнің тек пәндік білімдік тұрғыдағы біліктілігіне ғана емес ерекше тұлғасына шығармашылық даралығына үлкен мән берілуі тиіс. Сондықтан бүгінгі мұғалімнің ойлау икемділігі дамыған жан дүниесі терең өміріге көзқарасы жоғары және рухани өсуін өзі басқара алатын адамның қолынан шығармашылық жұмыстардың қорытынды нәтижесі болуы керек.    

Өзімні сабақ беретін сыныпқа оқушылардың білім сапасының  көрсеткіштерін тексеріп отыру үшін тоқсан сайын «жетістіктер картасын» толтырып жүрмін.  Бұл оқушыларға жасалынатын мониторинг. Мониториг жасалынғанда оқушылардың сабаққа қатысуы, үйтапсырмасының орындалуы, тәртібі, оқушылардың сабаққа зейіні, жаңа сабаққа қатысу, қосымша сұрақтарға жауап беруі, сабақ үлжгерімі бөлімдері қамтылған.

Р/с

Оқушылардың

аты-жөні

Бағасы

Оқушылардың сабаққа қатысуы

Үй тапсырмасының орындалуы

Оқу

құралдарының

түгелдігі

Тәртібі

Сабаққа

зейіндігі

Жаңа сабақпен қосымша

сұрақтарға

жауап беруі

Сабақ  үлгерімі

1

 

5

 





 

 

 

4

 

 

 

 

 



 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

5

 




 

 


 

4

 

 

 

 



 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы бағытта мұғалімніңоқушыға мониториг жасау арқылы сабақтың берілу сапасы анықталады. Қарым - қатынас сапасы зерттеу үшін оқушыларғабілім берусаапсын және айқындалған мәселелердің шешу жолдарын таңдауды жүзеге асыратын мұғалімнің білімділігіне әсерететін жағдайлар қарастырылады. Оқушылардың қазақ тілі сабағында жазба жұмысын қамтитын мониторинг бағдарламасын қолдануға болады.

 

Оқушылар әрекетінің мониторингі:

  1. Жазба жұмыстары
  2. Пән бойынша оқушылардың үлгірім көрсеткіші
  3. Үлгірімі төмен оқушымен жұмыс

Мұғалім әрекетінің мониторигі:

  1. Өз білімін көтеру жұмысы
  2. Оқушының үлгірім көрсеткіші
  3. Кәсіби өсуі

Мониторинг бағдарламасы мұғалім уақытын үнемдеу үшін кесте түрінде беремін:

Жазба жұмысының мониториг кестесі:

Жазба жұмысынң қорытындысы

Жазба жұмысының

Сыныптағы 

Оқушылар

саны

Жазған

Оқушылар

саны

Баға

Орындалуы

Сапасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Графикалық қорытынды

 

 

 

 

 

Қатемен жұмыс

Жазба жұмысы

Білім, икем, дағды

№1

Базалық

Жіберілген 

қате

саны

Пайызы

Жаңа

Жіберілген қате саны

Пайызы

 

Білім, икем, дағды бағанында оқушылардыңжіберілген қателіктері екіге бөлініп жазылады:

Базалық - жазба жұмысына дейін игерілген білім

Жаңа - өтілген жаңа тақырып бойынша меңгерілген білім 

Жұмыс қорытындысының сапалық талдауы

Жазба жұмысының №

Жұмыс мақсаты

Ұсыныстар мен қорытындылар

 

 

 

 

 

Ұсыныстар мен қорытындылар бағанында 1,3 кестеден алынған деректеге сүйеніп жалпы жазба жұмысының орындалу қорытындысы жасалынады және оқушылардың білім, икем, дағдыларының түзету жолдары қарастылады.  Жазба жұмыстарының қорытынды монитрингі оқушылардың жіберілген кемшіліктенрін болдырмауға және жазба жұмыстарының толық  аналаизін жасауға мүмкіндік береді. 

Қорытындылай келе білім беру саласындағы осындай оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді. Жоғарыдағы кестелердің орындалуы үшін әр мұғалім өзімен оқушының тең дәрежеде екенін естен шығармай оны жеке тұлға ретінде қабылдап, оған бенретін сабақтың оқыту әдістерін түрлендіріп жетілдіру қажет. Үйреншікті әдіс-тәсілдер  бүгінгі баланы қызықтырмайды. Сондықтан баланың ойына сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл – ойды ұштау жетілдіру жеке тұлғаны өзіндік идеясын көзқарасын сенімділігін жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру – осының бәрі бүгнгі қажеттілікке ықпал етері сөзсіз.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Монахов технологиясы – Қызылорда облысының білім кеңістігінде: кітабы. Қызылорда қаласы, 2008 жыл
  2. Жанпейісова М.Н. -  Модулдік оқытудың  құрылымы. Оқыту – тәрбиелеу технологиясы. 2008 жыл
  3. Мамутов М.Ш. – Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. Алматы 2001 жыл
752 0
Жанар Қаржаубаева, Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ұлы Дала Ұстазы № 000342
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: