Кіріспе
Астрономия грекше астрон -жұлдыз, ал номос – заң деген ұғымды білдіреді. Астрономия да, физика сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс-тіршілігне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Ал мұндай жұмыс аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды талап етті.
Аспан денелерінің қозғалысын бақылау қажеттігінен туындаған ежелгі құрылыстардың қорымы Қазақстанда көптеп кездеседі.
Зерттеудің өзектілігі.
Физика мен астрономия ғылымдарының бір-бірімен кірігуі құбылыстардың сырын тереңірек ұғуға жәрдемдеседі. Бұл екі ғылымның өзара байланысы арқасында бүкіл әлемдегі құбылыстардың табиғи бірлігі белгілі болды. Мысалы, денелердің Жер бетіне құлауы, планеталардың Күнді айнала қозғалуы бір ғанакүш арқылы сипатталады. Оларды сипаттайтын заң да біреу ғана. Ол – И. Ньютон ашқан Бүкіл әлемдіктартылыс заңы.
Зерттеудің мақсаты: Аспан денелері туралы түсініктерімізді кеңейте отырып, оларға қатысты ата-бабаларымыздың болжамдары мен дүниетанымына терең талдау жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- Аспан денелері туралы кеңінен танып-біліп, оларға сипаттама жасалу;
- Жер тобының планеталары мен алып планеталар туралы зерттеп білу.
- Халқымыздың аспан денелері туралы таным-түсініктері мен болжамдарын айқындау.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Аспан денелері туралы негізгі деректер
Мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы адамзат Күнді, Айды, планеталарды және белгілі бір жұлдыздарды ғана бақылап келді. Көптеген аспан шырақтары, барлық қоршаған орта тәрізді, оларға өзгермейтін сияқты болып көрінеді
Планеталардың пайда болуы жөнінде көптеген болжамдар мен теориялар айтылған. 1944-жылға дейін планеталардың күннің жарылысы нәтижесінде күннен бөлініп шыққан деген пікір басым еді.Кейін неміс астрономы Кеплер, планеталардың пайда болуы жөнінде жаңа теория ұсынған. Бұл теория бойынша протопланеталық газ-шаңды бұлттарда да заттардың осы айналу жылдамдығы сақталған. Орталыққа тартқыш күштердің әсерінен, бұлттағы қатты бөлшектер бір-бірімен соқтығысып, бір-біріне жабысып, қар түйіршіктері секілді жинақталып ірі ірі денелер түзген.
Бұдан 15 млрд жылдай бұрын алапат жарылыс біздің әлемді жасады. Кеңістікті, уақытты, барлық материяны және бізді қоршаған энергияны тудырған "Үлкен жарылыс" деп аталған табиғат өзгерісінен кейін барлық әлем пайда болды деп айту ақылға қонымсыз сияқты.
Әлем пайда болды. Ғарыш кеңістігі, ондағы денелер физиктер үшін тамаша зертхана болып табылады. Мысалы, Жер бетінде ауасыз кеңістік (терең вакуум) алу немесе денелердің температурасын миллиондаған градустарға көтеру аса қиын жұмыс. Ал ғарышта бұл жағдайлардың барлығы да бар. Мысалы, Ай бетінде ауа мүлдем жоқ. Сондықтан онда Жердегідей терең вакуум алатын күрделі қондырғысыз-ақ тәжірибелер жүргізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға болады. Ай – Жердің табиғи серігі. Ол Жерге ең жақын тұрған аспан денесі. Оған бірінші рет адамзат ұрпағының табаны 1969 жылы тиді. Америка азаматтары Армстронг пен Э.Олдриннің ғарыш кемесінен шығып, Айға табан тіреген алғашқы сәті көрсетілген.
Ю. А. Гагариннің тұңғыш рет ғарышқа көтерілуінен бастап, астрономияның жаңа саласы — космонавтика (грекше космос — ғарыш және наутик- кеме жүргізу) жедел дамып келеді. Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап зерттейді.
Сондай-ақ бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы астрономия ілімін космология дейді.
Қазіргі астрономияның басты мақсаты – аспан денелерінің қозғалысы мен даму заңдарын тағайындау болып табылады. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне: галактикалар, жұлдыздар, планеталар, олардың серіктері, астероидтар мен кометалар, метеориттер мен шаң – тозаңдардан тұратын бұлттар жатады. Тұңғыш рет аспан денелерін жай көзбен емес, арнайы құрал – үлкейткіш оптикалық түтіктің жәрдемімен зерттеген итальян оқымыстысы Г.Галилей болды. 1608 жылы Голландияда денені үлкейтетін дүрбі жасалғанын біліп, онымен түнгі аспанды бақылап көрейін деп шешті. Ол өзі де бар болғаны кішісі -3 есе, үлкені 32 есе ғана үлкейтетін оптикалық түтіктерді құрастырып, ұлы жаңалықтар ашты.
2. 2 Жер тобының планеталары
Күн жүйесі. Күн жүйесінің пайда болуын табиғи жолмен түсіндіруге тырысу әрекеті ХҮІІ ғасырда басталды. ХҮІІІ ғасырда философ И. Кант пен математик П. Лаплас Күн жүйесінің пайда болуының үйлесімді теориясын құрды. Бірақ ол теория өкінішке орай, көптеген бақылау деректерін түсіндірмеді.
2. 3 Алып планеталар
Алып планеталардың (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун) өлшемдері мен массалары үлкен, ал орташа тығыздығы аз (ең аз Сатурнда – 0, 7г/см3). Барлық алып планеталардың құрылымдары ұқсас. Алып планеталар Күннен өте алыс қашықтықта жатыр. Барлық алып планеталар серіктерімен қоршалған. Отыз жыл бұрын белгілі серіктердің саны отыздан аспап еді. Қазір олардың алпысы белгілі. Серіктердің бір - біріне ұқсамайтындығы таңдандырады. Қазіргі кезде Юпитерде 16, Сатурнда 17, Уранда 15, тек Нептунда ғана 8 серік бар.
2. 4 Қазақ халқының аспан әлемі туралы түсініктері
Көшпелі жұрттың аспан әлемі туралы ілімге қосқан үлесі де ерекше. Көшпелі тұрмыс әр айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына айрықша мән беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан. Ұлан-байтақ кең далада мал бағып, күндерін кең табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілімдер жинаған.
Табиғат құбылыстары: айналаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған астрономиялық түсініктер мен білімдер негізінде байырғы қазақ күнтізбесі жарыққа шықты. Шексіз – шетсіз кең далада мал бағу, үдере көшу, жолаушы жүру, жоқ қарау және аң аулау, төрт жағын анық айыруды, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт – бағдарды белгілеп, өткел, суат, қоныс, құдықтарды дәл табуға үйретті.
Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да көшпелі шаруашылыққа байланысты қойылған. Түңгі ашық аспанға зейін қойып қарағанда кез – келген адам – Сүмбіле (Үлкен төбет шоқжұлдызы), Таразы – Шідер – Үшарқар (Орион), Үркер (Торпақ шоқжұлдызы), Персей, Андромеда, Аққу, Бүркіт, Жылан, Мерген және Бүйі шоқжұлдыздарының бойымен қоса қабаттаса ұзыннан – ұзақ түйенің ақ шудасындай созылып жатқан тұмандықты байқар еді. Бұл ақ тұмандықты халқымыз ежелден Құс жолы деп атаған. Себебі, көктемде жыл құстары осы ақ тұмандық бойымен жерімізге ұшып келіп, күзде осы жолмен кері қайтады. Ал ақиқатында бұл ақ тұмандық шоғырланған сан миллиард жұлдыздардың алыстан көрінген өте әлсіз сұлбасы болып табылады. Құс жолы аталып кеткен бұл тұмандық (еуропалықтар «сүт жолы» деп атайды)
Темірқазық шоқжұлдызы және Жеті қарақшы.Солтүстік аспан жарты шарының кіндігінде орналасқан шөміш іспеттес кіші 7 шоқжұлдызды және оған жақын орналасқан бірнеше шожұлдыздарды жылдың қай мезгілінде болмасын, әрдайым көріп отыруға болады. Жеті жұлдыздың ұшындағы жарық жұлдызды халқымыз – Темірқазық деп атап, «шөміш» түріндегі екі жарық жұлдызды Ақ боз ат және Көк боз ат деп атаған. Егер бір сәт Темірқазық жұлдызынан төмен қарай түзу сызық жүргізсең, ол «үлкен шөміш» сияқты Жетіқарақшының түбіндегі екі жарық жұлдызды қиып өтеді. Жетіқарақшы шоқжұлдызының Темірқазықты айнала қозғалып жүруі аспан әлемінің сағат тіліне қарсы айналуының ең қарапайым белгісі болып табылады. Яғни, ғылыми тілде қазіргі уақытта аспанның солтүстік нүктесі Темірқазық жұлдызына өте дәл келеді. Темірқазық – қазақтардың түнде жол жүргенде бет алысын бағдарлайтын астрономиялық компасы. Жетіқарақшы оларға сағат қызметін атқарған. Оның қозғалысын, қосымша А-да көрсетілгендей, сағат тілінің қозғалысы ретінде пайдаланған. Түн ортасында Жетіқарақшы қайда, таң ата қайда болатынын білген, күзге таман түндер ұзарады, қой күзетушілер Жетіқарақшының орналасуына байланысты ауысып отырған.
Шідер немесе Таразы (Орион) шоқжұлдызы.
Қазақстан жерінде тамыз айынан мамыр айына дейін әлем жарты шарының солтүстік – шығыс жағында «X» сияқты немесе «ромба» түрінде 5 жұлдыз үнемі көрініп тұрады. Оны халқымыз Шідер немесе Таразы шоқжұлдызы деп атаған. Бұл шоқжұлдыз төрт түліктің жайымен жиі көшіп – қонып отырған халқымыздың белгілі бір жыл маусымдарын дәл анықтауына және соған қарай қам – қаракет жасауына игі ықпал еткен. Яғни, бұл шоқжұлдыз басқа шоқжұлдыздармен салыстырғанда Қазақстан жерінде едәуір көп көрініп тұрады. «X» немесе «ромба» тәрізді шоқжұлдыздың дәл ортасында үш жұлдыз қатар көрінеді. Мұны халқымыз «үш арқар» деп атаған.
Қазақтар Юпитер жұлдызын Есекқырған деп атаған. Юпитер – Күнді 11,86223 жылда немесе 11 жыл 314 тәулік 22 сағат 4 минутта айналып шығады. Он екі жылды хайуанаттар мүшелдерінің пайда болуын осы Есекқыррған нысанының Күнді айналып шығу уақытымен байланыстырады.
Марсты қазақтар Қызыл жұлдыз деп атайды. Кейде Аңырақай деген ат та кездеседі. Марс – Күнді 1,880089 жылда немесе 686 тәулік 23 сағат 13 минутта айналып шығады.
Қазақ қауымы аспан әлемін бақылау арқылы метеорларды – аққан жұлдыз деп, кометаларды құйрықты жұлдыз деп атаған.
Халқымыздың «Ай қорланса – аяғынды сайла, Күн құлақтанса - күрегіңді сайла» - деп уағыздауында үлкен ғылыми болжам жатыр. «Ай қорланса аяғыңды сайла» дегені – Ай Жер шарының мәңгілік серігі және Жерді үнемі айналып тұрады. Қазіргі география, астрономия ғылымында Жер мен Айдың параллель келу градусы тепе – тең 90°-қа келгенде Солтүстіктен және Оңтүстіктен суық ауа шұғыласы шағылыспайды да, сол кезде Жерге Ай қорлана көрінеді. Осы кезде Орта Азияда құрғақтау, жылы ауа массасы тұрақтанады. Шаруашылықта ілгері басқандық, малда амандық, төл көп ереді деген мағына береді. Жалпы ауа – райы жақсы болады. Ал «Күн құлақтанса – күрегіңді сайла» дегені – Күн құлақтанғанда, Жер шарында, әсіресе Орта Азияда күн суытып, солтүстіктен циркуляция, яғни суық ауа массасы желмен қар алып келеді. Бұл кез шаруашылыққа өте қолайсыз осыны ерте кезден білген ата – бабаларымыз табиғаттың дүлей күшіне дайын болу керек деп ескертеді. Қорыта айтсақ, табиғат заңдылықтарын зерттеудегі халықтық қағидалардың орны ерекше.
Қорытынды
Жер тобындағы планеталар жөніндегі негізгі мәліметтер ХХ ғасырда алынады. Планетаның бетін тікелей жанама әдістерімен зерттеулер негізінде планеталардың атластары құрастырылады. Олардың бетінде планеталар белгіленеді.
Алып планеталар жөніндегі негізгі мәліметтерді ғалымдар ХХ ғасырда 70 - 80 жылдарында олардың американың ғарыш кемелері, Ваяджерлер ұшып өткеннен кейін ғана алды. Ол арқылы жерге жіберілген тамаша суреттер теориялық есептеулер нәтижесін растады және жаңа жаңалықтарды ашты.
Бүгінгі күні ғарыш технологиялары ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр. Осы уақытта орбитада мыңдаған жер серіктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға ұшып, ол жақтың топырақ құрамын жерге жеткізді. Сондай-ақ бірнеше аппарат күн жүйесінің аймағынан шығып, әлемдік өркениет үшін қызмет етіп жатыр. Содан бері көп уақыт өте қойған жоқ.
Соған қарамастан, адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ең бастысы, әлемдік қауымдастық ғарышсыз болашақты елестете алмайтындай күйге жетті. Өйткені қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты.
Бізде ғарыш технологиясын өз бетінше зерттеп, ізденіс жолында жүрген ғалымдар баршылық. Бірақ кейбір әкімшілік-құқықтық кедергілердің кесірінен көптеген технолог ғалымның жобаларына жан бітпей отыр.
Біздің Қазақстанды өзінен-өзі бірінші ғарыш мемлекеті деп санауға болады. Бірінші жер серігі біздің жерден ұшты. Бірінші кісі, адам баласы ғарышқа біздің жерден аттанды.
Ал қазақтың Байқоңырын әрбір қазақ мақтаныш тұтады. Осы жерден қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары және ғарыш кемелері ұшырылды көкке. Соның нәтижесінде талай жаңалық ашылып, адамзат көп нәрсеге қол жеткізді. Демек, қазақтың ғарыш айлағы күллі әлем үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.
Қорытындылай келе, ғарыштық сала – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің «ілгеріленуінің» белгісі. Ол әлемдік шаруашылықтың басқа да салаларына жаңа мүмкіншілік, тың технологиялар және ғылыми-жасалымдардың үздіксіз тасқынын беріп отыр. Елдің өркениетті дамуының, барлық маңызы өмірлік салалары бүгінде ғарыштық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, кателеспейміз. Ғарыштық зерттеулер нәтижелері мен ғылымның осы саласының жетістіктерін енгізудің экономикалық маңызы үлкен.
Ұсыныстар:
Аспан денелері туралы кеңінен мәлімет алу үшін бастауыш сыныпта таңдау курстары жүргізілсе;
Ауданымызда аспан денелерін көретін үлкен гороскоптар болса;
Халқымыздың аспан денелеріне қатысты түсініктері, болжамдары туралы кітаптар болса.