Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI737

Шертпе күй әдіс тәсілдерінің ерекшеліктері

     Пәні:Домбыра

Сабақтың  тақырыбы:  «Шертпе  күй   әдіс  тәсілдерінің  ерекшеліктері»

Сабақтың  мақсаты: Оқушыға  күйлердің  мағынасын   ұғындыру, сазды  әуеннің  орындау  ерекшелігі   мен  автордың  негізгі   идеясын  оқушы санасына жеткізу.м

Білімділік:Шертпе  күй   дәстүрінің  ерекшеліктерін  үйрету.      

Тәрбиелік:     Ой    қозғау, қызығушылығын  ояту.

Дамытушылық:    Дамыту    шеберлігін   шыңдау.

Сабақтың  түрі:    Жаңа   білімді    меңгеру  сабағы.м

Сабақтың   әдіс – тәсілдері:    түсіндіру,әңгімелесу, аспапта  орындап көрсету, слайд  қолдану, бейне  таспа   көрсету, сұрақ – жауап.

Сабақтың   көрнекілігі:Күй  жинағы, ноталар, домбыра  аспабы, пульт, про проектор,  слайд.

Пәнаралық   байланыс:Қазақ  музыка  әдебиеті, домбыра  үйрету әдістем әдістемесі, орындаушылық   өнер  тарихы.Пайдаланған  әдебиеттер:Айтжан  Есенұлы, Гүлперизат  Елеусізқызы«   «Күй  керуені»   Алматы,  1997 ж  Мұрат  Әбуғазы,   Айтжан  Тоқтаған                      «Тәттімбет  және Арқа   күйлері» Алматы,2005 Б Б Біләл  Ысқақов «Сарыарқа  саздары»    Алматы  2007ж 

Сабақтың   жоспары:

I.Ұйымдастыру   кезеңі:

II.Жаңа    тақырып:а) теориялық:

б)машықтану

IIІ.  Сабақты  бекіту:

  ІV.  Үй   тапсырмасы :  

V.  Бағалау :  

Сабақтың    жүру   барысы

 

I.Ұйымдастыру   кезеңі:

аспаптың   бұрауын  келтіру

материалдық  -  техникалық   жабдықталуын  қадағалау

сабақтың     мақсаты   мен  қойылған   талаптары  туралы  айту

II.Жаңа   тақырып: «Шертпе  күй   әдіс -   тәсілдерінің  ерекшеліктері»

а)   кіріспе   сөз

         б)   шертпе    дәстүрлі   күй   мектебі    туралы  түсінік

         в)   Тәттімбет    және  Сүгір  күйшілері,   қысқаша  өмірбаян

         г)    Тәттімбет «Көкейкесті»,   Сүгір « Ілме»р

Теориялық:

     Қазақтың  дәстүрлі   ұлттық  музыкасы  оның   ішінде  күй  жанры   жөнінде  сөз  қозғасақ ,тіптен  әріге   бармай-ақ,халқымыз  үшінбұл  салада   аса  жемісті  болған   XIXғасыр  менXXғасырдың  басындағы   күйшілік  өнерді  айтсақ   та  жеткілікті.  Бұл   кезең  қазақтың  күйшілік   өнері  өте  дәуірлей    өсіп,  мазмұны   маңызымен,   тақырыптық  кеңдігімен,  көлемінің   молдылығымен,  әуен,  саздарының   айшықты  да  ауқымды   кәсіби  жоғары  деңгейлерімен   ерекшеленеді.Осы  кезеңде  Құрманғазы,   Дина,  Мәмен,  Сейтек,   Сүгір  сияқты  тағы   басқа  дәулескер  күйшілер   қазақтың  ұлттық  музыкасының   дәреже  деңгейін  асқақтата   биіктен  танылтып,  жалпы   адамзаттың  рухани  асыл   мұралардың  інжу – маржандары  қатарына   қосты.

     Осылайша,  қазақтың   ұлттық  күйшілік  өнерінің   даму  кезеңі  өзінің   шырқау  биігіне  көтерілді. Осынау  тарлан   тума  таланттар  әртүрлі   орындаушылық  мектептер  топтарын   түзеді. Әрқайсысының   өздеріне  ғана  тән   қолтаңбалары,  өзіндікорындаушылық  әдіс – тәсілдері, шеберлік  шалыстары   болды.  Жалпы  қазақ   халқы  домбыра  күйлерін   құрылымдық  және  орындаушылық    тұрғыда  қалыптасқан  жүйесіне   орай  екі  үлкен арнаға   жіктеп,  оған  әрі   қысқа  әрі   нұсқа   ғана  «төкпе»  және   «шертпе»  күйлері  деген   атаулары  бар.

     Ғылыми  саралау   нәтижесінде  бұл  екі   арнадағы  күйлер  де   өзіндік  бітім – болмыстық  жүйелеріне   орай  түрлі  орындаушылық   мектептеріне  бөлінеді.  Әр   мектептің  өзіндік  шығармашылық   қолтаңбасы,  орындаушы – жеткізушілерінің  жалғастық  желісі   болады.   Қазіргі  таңда   еліміздегі  күй  мектептері   жеті  бағытқа  бөлінеді.    Олар:  Алтай  күйшілік   аймағы  -  Шығыс   ҚазақстанАрқа  күйшілік  аймағы   -  Орталық  Қазақстан   Жетісу  күйшілік   аймағы  -  Оңтүстік   Шығыс  Қазақстан         Қаратау  күйшілік   аймағы  -  Оңтүстік    Қазақстан  Жиделі-Байсан  күйшілік   аймағы  -  Сырдария,   Арал  өңірі Орда  күйшілік   аймағы  -  Батыс   Қазақстан  Түбек    күйшілік    аймағы  -  Маңғыстау    түбегі. Осы   жеті  дәстүрлі  мектептердің    бәрін  қосып  келгенде   күйшілік  өнері   екі   үлкен  салаға  бөлінеді   « шертпе »   және  « төкпе » . Айта   кететіндей   шертпе  күйлерінің  ішінде   төгіп  те  тартылатын   жерлері  бар,  ал   төкпе  күйдің  ішінде   тек  жылдам  орындалады   деген  сөз  емес,   баяу  да  тартылатын   күйлері  бар. Сондықтанда  бұл   шартты  түрдегі  атау   шертіске  байланысты.  Негізінен,   төкпе  және  шертпе   деген  анықтамалар  кеінірек   пайда  болған атаулар  екенін   айта  кеткен  жөн.    Ахмет  Жұбановтың 

     «Ғасырлар  пернесі»   кітабындағы  Тәттімбет  жайлы   зерттеуде  шертпе  күй   деген  сөз  атымен   жоқ,  мұндай  атау   Уали  Бекеновтың  «   Шертпе  күй  шеберлері »    деген  кітабы  шыққан   соң  ғана  қалыптаса   бастаған. Айта  кеткендей  Алтай   өңірінен  бастап  Сыр   өңіріне  дейін  шертпе   дамыған, ал  сырдан  бастап   осы  Маңғыстау  түбегіне   дейін  төкпе  дамыған   дедік.  Екі  үлкен   бағыттың  өзінің  даму   аймақтары  бар.  Күй   өнері  жалпы  сол   жергілікті  жердің   табиғатымен,   тарихымен  байланысты  болып   келеді.  Бүгінгі  алып   отырған  тақырыбымыз  шертпе   орындаушылық  күй  мектебін   алып  отырмыз.          Шертпе  күйдің   өзі    Алтай – Тарбағатай  өңірінен   бастау  алып,кейіннен  оны   үлкен  деңгейге  көтерген   Тәттімбет   Қазанғапұлы. Тәттімбет   Арқа  күйшілік   дәстүрінің  негізін  қалаушы.   Ал  Алтайдан  бастап   Сарыарқаға  дейін  күйшілік   мектептің  ауқымын  кеңейтіп   дамытқан, одан  кейін  осы   күйшілік   мектепті  жаңа   бір  қырыннан  дамытқан   адам  ол  Сүгір   Әлиұлы,  Қаратау  күйшілік   мектебі  дегенді  қалыптастырды.Ит  Қысқаша   шертпе  күй  туралы   айта  кететін  болсақ,   айтып  тұрғандай  шертіліп   тартылатын  күй,  мұндағы   сөздің  түбірі   - «шерту»   етістіні,  музыкалық  сөздікке   кейіннен  енген  атау.     Ертеде   күйді  бөле  атау   үрдісі  жанрлық  ерекшелігіне   байланысты  болған,  мысалы   -  жыр  күйлер, би   күйлер,  ойын  күйлер   т.б. Кейбір  зерттеулердегі  «шер»   сөзінен  шыққан,  іштегі   шерді  қозғайтын  күй   деген  анықтаманың  көңілге   қонуы   қиын,  төкпе   болсын,  шертпе  болсын,   қазақта  шер  қозғамайтын   кұй  бар  ма?    Қысқаша,  шертпе  -   тарту  техникасы  көбінесе   бір  ішекті  саумалай   шерту  ідісіне  құралған   күйлер.  Мінезіне  келсек   -  жалпы  ұлттық   күйшілік  дәстүрге  ортақ   қарекеттің  барлық  белгілері   бар, біржақты «жуас»  деу  жаңсақ   ұғым,  себебі  -   шертпе  мектебінен  шыққан   екпіні  төкпеге  барабар   әбжіл  күйлер  толып   жатыр  мысалы  үшін   -  «Салкүрең»,  «Дайрабай», «Ыңғай  төкпе»,   «Көкбалақ», т.б  Сондықтан ,  шертпе   күйдің  табиғатын  танудың   бір  амалы  -  аймақтық   мектептерін  анықтау.                                                                                                                                                                Қазақтың  тамаша  күйшілік   мектептерін  орнықтырып  кеткен   ұлы  күйшілердің  шығармашылығын  барлағанда   -  әуені  ментартысына   қарап  қай  өлкенің   тумасы  екенін  анықтауға   әбден  болады, өйткені,  ғасырлар   бойы  қалыптасқан  белгілі   бір  сарындар  тобы   сол  топырақтың  меншікті   мақамына  айналып  кеткен,   күй  қай  аймақта,   қай  уақытта  туса   да  қазақтың  құлағы   оны  жазбай  танитыны   содан.     Әрбір  аймақтың   тілінде,  киімінде  қолөнері   мен  тұтынатын  заттарында   сол  жерді  мекендеген   елдің  қауымдық  ерекшелігіне   тән  айырмашылықтар  болатынын    этнографтарда  да  жоққа   шығармайды,  алайдағ  бұл   факторлардың  ұлт  мұрасының   тұтастығына  нұқсаны  жоқ,   керісінше,  мәдениетіміздің  байлығы   мен  байтақтығы  болып   саналады.Арқа  күйшілік  мектебі : Арқа  күйлерінің   басқа  шертпе  мектептеріне   қарағанда  саздық  құрылымы   мен  музыкалық  күрделілігі   жағынан  анағұрлым  дамығаны   айқын  көрініп  тұрады.   Алғаш  арқа  күйлеріне   ғылыми  баға  беріп ,   ноталық  жазбаларға  түсуіне   ықпал  еткен  -   академик  А.Жұбанов.Қазақ  тарихында   тұңғыш  ұйымдасқан  ұлт   аспаптары  оркестрінің  репертуарына   Тәттімбеттің  «Қосбасар»,  «Саржайлау», «Сылқылдақ»  күйлері   енгізілді.  Арқа  күйлерінің   нағыз  түпнұсқа  түрі   Әбікең  Хасенов  арқылы   жетті.  Арқа  мектебінде   орындаушылықтың  үлкенекі  арнасы   бар,  біріқоңыр  шертпе   болса,  екіншісі  қуатты желдірме  күйлер.Осы   жағынан  қарағанда  желдірме   күйлерді  төкпеге  еркін   жатқызуғада  да  болғандай,   мысалы,  Дайрабайдың  күйі    Арқа  мектебіне  жатқанмен   екпіні  мен  ырғағы   жағынан  Атырау  мектебінен   алыстамайды,  мұндай  ерекшеліктерді  Тоқаның   «Бозайғырынан»  да  аңғару   қиын  емес.  Арқа   мектебінің  жалауын  жықпай   жүрген  көзі  тірі   шеберлер  қатарында  дарынды   домбырашыларымыз  -  Мұхаметжан   Тілеуханов,  Дәулетбек  Садуақасов,Пазыл  Тұтқабеков,   Мейрам  Ұлмағамбетов,  Ахат   Байбосынов,  Жалғас  Сауақасовтар.                                                              Қаратау  күйшілік  мектебі:Қаратау  күйшілік   мектебі  дегенде  домбырашылық   пен  қобызшылық  өнер   қатар  қанат  жайған. Күйшілік  дәстүрге   келсек  -  Қаратау   күйлері  Арқа  орындаушылық   үлгісінің  өзінше  дамыған   бір  арнасы  болып   табылады.  Арқа  күйшілерінің   ішінде  әуелі  Сайдалы   сары  Тоқа  мен   Арғын  Дайрабайдың   ықпалы   Қаратау  күйшілік  мәдениетіне   көбірек  тигені  тарихи    дәлелді  шындық.  Осы   күні  Қаратау  мектебін   зерттеушілер  Сүгірдің  Тоқадан   ьата  алғанын  айтқанмен,   тарту  үлгісін  бөлекше   деп  санап  жүр. Шындығында  сүгірдің   ұстазы  -  Ықылас   пен  Тоқа  бір   елдің  адамдары  болған,   олардың  күй  шалу   мәдениеттері Тәттімбеттен   тарағаны  даусыз  ақиқат.   Қаратау  қобыз  өнері   қонған  жер. Қобызшы  Ықыластан   Сүгірге,  Сүгірден  Жаппасқа   жұққан  қобыз  бен   домбыраны  бөлмейтін  телқоңыр   күйшілік  тек  Созақта   салтанат  құрған.  Сүгір   Ықыластың  төл  шәкірті   ретінде  осы  екі   аспапты  тең  меңгерген.   Мұндай  феномен  -   Жаппас  Қаламбаевта да   болды.   Қаратау  күйшілік  мектебінің «Арқа  мектебінен   ерекшелігі  мынау»дейтін  бірден – бір   айырмасы  осы  болса   керек.Сүгірдің  күйлерін  алғаш   жарыққа  шығарған – Жаппас  Қаламбаев   еді, ол  Сүгірдің  күйлерін   алғаш  нотаға  түсіріп   күйтабаққа  жазып  қалдырды.    Сүгірдің  көзін  көріп ,   күйлерін  белсенді  түрде   насихаттағандар – Төлеген   Момбеков,  Генерал  Асқаров   және  Файзолла Үрмізовтер.Бұлардан  басқа  оның   күйлерін  таратушылардан  Атабек   Асылбеков, ағайынды  Сейтхан  және   Әлімхан   Әлімбековтер,Ергентай  Борсабаев,  Дабыл   Ажақаев  , Бексейіт  Тұрсынбеков   сынды  күйшілердің  аттарын   құрметпен  атауға  болады.Машықтану:Тәттімбет  Қазанғапұлы(1815 - 1862)

Қазақ  елінің қалың  жұртына  өзінің   қайталанбас дара  тұлғасымен,ерекше ерен жүйрік тарлан талантымен  танылған, туған халқымыздың  маңдайына  біткен дүлдүлдері  мен жарық   жұлдыздарының  бірі. Ол-шертпе  күйлердің  өзіндік   мектебін қалыптастырып, оның   орындаушылық шеберлігінің   сиқырлы   сырын ашып, шыңдап, негізін қалаушы  ұлы күйші  композитор, домбырашы, халық күй өнерінің   классигі .тт   

Тәттімбет 1815 жылы   Қарқаралы, Егіндібұлақ   елдімекендеріаумағындағы   Дастары  Тауының  етегіндегі ежелден  мыржық аталатын  жердегі   Мөшеке  бұлағында  туып,   45  жас  ғұмыр   кешіп, 1860  жылы  дүниеден   өтті.

    Тәттімбет – ақ сүйек әулетінен  шыққан,    жастайынан  атқа  ерте   мініп, ел  ісіне  ерте   араласқан  адам. Ол 1842 жылдан  бастап 1845 жылдың  25 қаңтарына дейін болыс  болды.    Кейіннен  бұл  жұмыстан   өз  арызы  бойынша босатылды.

Қазанғапұлы  Тәттімбеттің   өз  атасы     Мөшеке   де, әкесі  Қазанғап та  ел       билеген  билер,  көпке   танылған  өрелі  адамдар   болған. Тәттімбет  алғаш  д     домбыра  тартуды әкесі  Қазанғаптың інісі  Әлиден   үйреніп, анасы   Ақбөпеден  тәрбие   алған. Тәттімбеттің әр  түрлі  тақырыпта   қамтитын  40-тан   астам   күйлері  бар.  Ол негізінен   лирикалық  композитор. Шығармалары лирикалық   сарындар, философиялық ой  толғанысты  болып келеді. Ал  музыка   тілі  көңілге  қонымды,   тез  жатталғанымен    орындауға   қиын,  күрделі  болып   келеді. Тәттімбеттің  күйлері:  Саржайлау, Былқылдақ,  Сылқылдақ ,   Көкейкесті, Қосбасар,  Бес  төре, Азамат, Қашқан  қалмақ,   Жетім  қыз,  Көш   жанған,  Сал Қоңыр,   Сары   қамыс,  Шәйір  қалды,    Ерке атан   т.б 

Қазақтың  сал-серілік дәстүрінің  соңғы   тұяқтарының  бірі    болған       Тәттімбет   өмірі  қысқа болғанымен, аса  мағыналы үрдісте  өтті. 

Тәттімбет       «Көкейкесті»   

күй  орташа, толғай  тартылады, қағыстары  бастапқы   қағыспен  басталып  соңына   дейін  қағылады.                                                                                                                                   Үндестігі  соль  мажор,   өлшемі  ауыспалы  2/4 ,3/4   болып  ауысып  отырады.                                     Алғашқы  4  такт   ширек  ноталарда  ойналып, 5   тактіден  10  тактіге   дейін  лигалы (байланыстыру)  болып   ойналады.  Күй   осы   бағытта  қайталанып   ойналып   отырады. Сүгір  Әлиұлы (1882 - 1961)

Сүгір   Әлиұлы    казіргі   Түркістан  облысы  Созақ    ауданында  туылған

күйші    композитор.  Сүгір    Ықылас   пен  Тоқаның  шәкірті.   Жастайынан  ел 

арасында «домбырашы    Сүгір»  атанды. 

 Сүгір  домбырада   оң  бұраумен  қатар теріс   бұрауды  да  пайдаланған,   әрі  төкпе  күй   мен  шертпе  күйлердің   үздік  шебері  болған, яғни күйлерін  шертпелетіп те  төкпелетіп   те  шығара  білген.

Сүгірдің   шерту  әдістері  мен   күй  сарынында  Сарыарқаның   шертпе  күйлеріне ұқсамайтын  айрықша   интонация  бар.  

Қаратау   күйлері  Арқа  орындаушылық   үлгісінің  өзінше  дамыған   бір  арнасы  болып   табылады. 

 

Арқа    күйшілерінің  ішінде   әуелі  Сайдалы  сары   Тоқа  мен  Арғын   Дайрабайдың ықпалы  Қаратау  күйшілік   мәдениетіне  көбірек  тигені   тарихидәлелді  шындық.  Осы   күні  Қаратау  мектебін   зерттеушілер  Сүгірдің  Тоқадан   бата  алғанын  айтқанмен, тарту  үлгісін   бөлекше  деп  санап   жүр.  Шынындада, Сүгірдің  ұстазы – Ықылас  пен  Тоқа   бір  елдің  адамдары   болған,  олардың  күй   шалу  мәдениеттері Тәттімбеттен  тарағаны даусыз  ақиқат. Қаратау  қобыз өнері   қонған  жер. Қобызшы  Ықыластан   Сүгірге, Сүгірден  Жаппасқа  жұққан   қобыз  бен  домбыраны   бөлмейтін  телқоңыр  күйшілік   тек  Созақта  салтанат   құрған. Сүгір  Ықыластың  төл   шәкірті  ретінде  осы екі   аспапты  тең  менгерген.     Мұндай  феномен  сүгірдің   шәкірті  Жаппас  Қаламбаевта да  болды.     Ол  домбыра  үнін   қобыз  үніне  жақындатып,   Ықыластың  көптеген  күйлерін   домбыраға  түсірген.  Сондықтан   күйлерінде  қобыз  үні   басым.                                                                                                                                              Сүгір  күйлері 1964   жылы  тұңғыш  рет   халық   аспаптар оркестрінде  орындал – ып , 1968 – 1969  жылдарда   нотаға  түсірілді. Оның  күйлерін   насихаттаушылар:  Т.Монбеков,  Ж.Қаламбаев,   У.Бекенов,  Г.Асқаров,  т.б .   Сүгірдің  күйлері : “Ілме”, “Телқоңыр”,”Майдақоңыр”,”Шалқыма",”Ыңғай төк”,”Қосбасар”,”Бес  жорға” т

Сүгір    «Ілме» Ойналуы  жүрдек ,   ойнақы.  Үндестігі    соль   мажор,  ауыспалы   өлшем    2/4, 5/8,   3/4  . Күй   басы  алғашқы  екі   такт  глиссаандо  қағысымен   басталады төртінші  тактіден  бастап    қағыстар  өзгереді.   

П V, алтыншы   тактіден   бастап  қағыс  өзгереді   П  V V V V

IIІ.  Сабақты   бекіту: 1. Бүгінгі  тақырыптың  атауы ? ( шертпе  күй  әдіс-тәсілдерінің  ерекшеліктері)  2. Неше  дәстүрлі  күй   мектептерін  білесің ? (7)  атап  шық   3. Тәттімбет  пен  Сүгір   күйшілері   қай  мектептерге   жатады ? (Арқа  және  Қаратау)   4.Тәттімбеттің  «Көкейкесті»   күйінің  ерекшелігі  неде ?( тиектің  астымен  алақан   тигізіп  дірілдетіп  ойнау) 5. Сүгірдің  «Ілме»  күйінің   ерекшелігі  неде ?  (бір  саусақпен   екі  ішекті  іліп   алу  әдісі)6.Тәттімбеттің  қандай  күйлерін   білесің   және  жеткізушілерін    ата ? (Саржайлау ,  Бес   төре , Сылқылдақ , Көкейкесті , Құр   ойнақ , Айдос , т.б. Ә. Хасенов , М. Хамзин, У. Бекенов, М. Тілеуханов,  А, Байбосынов т.б)  7.Сүгірдің  қандай   күйлерін  білесің   және   жеткізушілерін  ата ? ( Шалқыма , Ыңғай төк ,  Боз інген , Телқоңыр, Аққу, Майдақоңыр т.б Т.Момбеков,  Ж.Қаламбаев,  У.Бекенов,   Г. Асқаров   т.б)

 

IV.  Бағалау :   

V.  Үй   тапсырмасы : Тәттімбет   «Көкейкесті»  және  Сүгір   «Ілме»  күйлердің  апплекатурасын  сақтап,   барлық  ерекшеліктерін  ескере   отырып,  нотамен  ойнап   келу.

Дайындаған:Домбыра сыныбының және оркестр пәнінің мұғалімі Кубегенова    Жанар  Инирбаевна    

399 0
Жанар Кубегенова,Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының және оркестр пәнінің мұғалімі,Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы Ұлы дала ұстазы № 000846
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: