Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI733

Шығыс Қазақстандағы қансорғыш масалардың (diptera, culicidae) алуантүрлілігі мен экологиясы

     Шығыс Қазақстанда таралған Culicidae тұқымдасының алуан түрлілігі мен экологиялық ерекшеліктерінің зерттелу деңгейі.

Culicidae тұқымдасының өкілдері беймаза қансорғыш қос қанаттылардың (сона, шіркей, құмыты, үнсіз маса) бір құрамдас бөлігі болып табылады. Олар адам мен малдың инфекциялық және инвазиялық ауруларын тасымалдайды және табиғи стацияларда адам мен малға жайсыздық туғызып, малдан алатын өнімнің мөлшерін төмендетеді.Табиғатта химиялық және радиациялық ластауыштардан басқа биологиялық ластауыштар бар. Биологиялық ластауыштарға қансорғыш масалар тарататын аурулардың қоздырғыштары жатады.

Шығыс  Қазақстанның масалары туралы алғашқы мәліметтерді Э.Р. Геллер  берген. Автор Семейден Павлодар облысына дейінгі Ертіс жағасынан алғаш қансорғыш масалардың 13: A.m.messeae, A.hyrcanus, A.c.caspius, A.c.dorsalis, A.cantans, A.c.cinereus, A.rossicus, A.vexans, A.excrucians, A.flavescens, A.lepidonotus, C.modestus, C.pipiens түрін тауып, олардың ұстау мерзімін, кездесетін орынын және кей бір түрлер үшін фенологиясы туралы мәліметтерді берген. Осыған ұқсас зерттеулерді В.П. Боженко жүргізген. Автор A.hyrcanus түрінің таралуы мен биологиясын зерттеді. Нәтижесінде A.hyrcanus күндіз қамыс пен шөптердің арасына қонақтап, күн шығып тұрса да адам мен малға шабуылдай беретіні анықталды. Таң ертең және кешке саны көп болады. Бұл жабайы түр болғанымен даму орынына жақын тұрған үйішіне ұшып кіріп, адамға белсенді шабуылдайды. Күн шыққаннан соң 2 сағат бойы белсенділігі жоғары болғаны байқалды. Дернәсілдері қамыс пен балдыр өскен ашық батпақты су қоймалардан ұсталған. Шығыс Қазақстандағы масалардың 21 түрін тауып, A.maculipennis, A.hyrcanus безгек ауруымен қоса басқа түрлермен: A.c.caspius, A.excrucians, A.vaxans, A.cinereus, C.modestus біргетуляремияның қоздырғыштарын тарататынын дәлел деген. Туляремияның табиғи ошақтарынан тамызайында Aedessp. масалары табылғандығы туралы мәліметтер бар. 

     Зертханалқ жұмыс:Тұрақты препараттан басқа, жылдам қарайтын уақытша препараттар дайындалды. Ол үшін спиртте сақталған масалар заттық шыныға тамызылған сүт қышқылына салынып, жабындық шынымен жабылып, микроскоп астында қаралды. Жылдам түссіздену үшін препаратт1-2 минут спирт шамының әлсіз жалынында ұсталды. Ал далалық жағдайда дернәсілдер алдын ала сусыздандыру мен түссіздендіруді қажет етпейтін Фор-Берлез сұйықтығында бекітіліп қаралды. 

Гипопигиден тұрақты препараттар жасау үшін, жәндікті спирттен алып, құрсағының соңғы сегментін кеседі. Оны бір минутқа 96° спиртке, содан соң бірнеше сағатқа 10% - күйдіргіш калий ерітіндісіне салады. Нысанды сумен шайған соң, оны  беріктігі өспелі спирттерден өткізіп, 96° спиртте сусыздандырады, қалампыр майында түссіздендіріп, канадалық бальзаммен бекітеміз.

Дернәсілдерден тұрақты препараттар жасау үшін, 96° спиртте сақталынған дернәсілдерді алып, оларды жаңадан жасалған 96° спиртте 1-2 сағат ұстап және толық сусызданғанға дейін оларды тағы да осы уақытқа абсолютті спиртке көшіреміз. Содан соң дернәсіл құрсағын IV-V бөлігінен кесіп алып, оны 2 сағатқа дейін түссіздендіргіш ортада (қалампыр майы) ұстаймыз. Түссізденген соң заттық шыныға салып, оған бір тамшы канадалық бальзам тамызып, балауыз аяқшалары бар жабындық шынымен жауып, жанынан бальзам құямыз.

 

Е с к е р т у: к - гонококсит, 

 с - гоностиль, 

э - эдеагус,

 кл - класпета,

т - талшық.

1 – сурет. Anopheles maculipennis

 messeae Fall.-гипопигиі, Х 20

 

Антропогендік факторлардың әсеріне байланысты Шығыс Қазақстанның зерттелген 19 экологиялық аймағы5 нүктеге топтастырылды: 1. Радиациялық аймақ - ССП. 2. Техногенді ластанған өндірістік аймақ - Семей, Өскемен, Қалбатау. 3. Курорттық аймақ - Катонқарағай, «Рахмановские ключи» шипажайы. 4. Рекреациялық аймақ - Алакөл жағалауы, «Барлықарасан» шипажайы. 5. Бақылау аймағы - Үржар өзенінің жайылмасы, Мақаншы, Келді Мұрат. Зерттелген 5 нүктеден Culicidae тұқымдасының ересек түрлері және дернәсілдерінің 31 түрі мен түршесі анықталды

    Зерттеу нәтижесінде мынандай қорытынды жасауға болады:             

Шығыс Қазақстанның әртүрлі экологиялық аймақтарында (радиациялық, техногенді, курорттық, рекреациялық, бақылау аймағы) таралған Culicidae тұқымдасының 5 туысқа жататын (Anopheles-3, Culiseta-3, Aedes-18, Culex-5, Mansonia-1) 30 түрі мен түршесі анықталды. Табылған түрлердің көпшілігі олиготермофильдер. Доминантты түрлерге, экологиялық төзімді, далалы және шөлді кешеннің өкілдері: A.c.caspius, A.c.dorsalis, C.modestus, C.p.pipiens, A.m.messeae жатады. 

Дернәсілдердің 5 туысқа жататын (Anopheles-3, Culiseta-1, Aedes-10, Culex-4, Mansonia-1) 19 түрі мен түршесі табылды. Сонымен Culicidae тұқымдасының 31 түрі мен түршесі анықталды.   

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.Беклемишев В.Н. Экология малярийного комара (Anopheles maculipennis Mgn.). - М.: Медгиз, 1944. - С. 289-294.

2.Шапиева Ж.Ж. Распространение малярии в Казахстане и усовершенствование профилактических мероприятий в современном условиях: автореф.…к.б.н.: 03.00.19. - Алматы, 2007. - 24 с.

3.Митрофанова Ю.Г. Экология взрослых Anopheles pulcherrimus Theob. и Anopheles hyrcanus Pall. В долине реки Мургаба // Мед.паразитол.и перазитар.болезни. – М., 1941. - Т.10. - №1. - С.45-51.

4.Разаков Ш.О., Шахгунова Г.Ш. Современная ситуация по малярии в Республике Узбекистан // Мед.паразитол.и паразитар.болезни. - М., 2001. - №1. - С. 39-40.

196 0
Алимбетова Айсулу, Көктөбе орта мектебінің биология пәні мұғалімі, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Ұлы дала ұстазы № 000842
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: