Жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған ,рухани ойлкау дәрежесі биік,мәдениетті,парасатты,ар-ожданы моп,еңбекқор азамат тәрбиелеу болып табылады
Осы орайда тұлғаны жауакершілікке тәрбиелеу ата-ана мен ұстаз алдындағы басты міндет. Жауапкершілік-адам бойындағы белгілі бір істі,өзіне тапсырылған міндетті орындап,жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет.
Жауапкершілік тақырыбы-мәңгілік.Жас ұрпақтың бойына жауапкершілік қасиеттерді сіңіру , өсіп келе жатқан тұлғаны жауапкершілікке тәрбиелеу-қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі .Мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіннің күнделікті өз ісіне жауапкершілікпен қарауына талап қойылады.Мысалы баланың сабаққа кешікпей келуі,сабақтан себепсіз қалмауы, үй тапсырмасын толық тиянақты орындауы,оқу құралдарын түгел алып келуі,ата-ананың айтқанын бұлжытпай орындауы,өзіне тапсырылған істі дер кезінде орындауы т.б. жатады.Әрине бұл орайда ата-ананың болашақ ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі басты орында тұрады. «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі» дегендей,ата-анасының күн сайын атқарып жүрген жұмысы үлкен сабақ .
Сөзімді ағылшынның атақты әртісі Роберт Даунидің «Әр адам өз өмірінің авторы. Не себесің, соның жемісін көресің.Маған анық бір нәрсе:жауапкершілік» деген сөзімен бастаймын
Мектеп қабырғасындағы баланың бойындағы жауапкершілік қарапайым іс-әрекетінен ,яғни сыныптағы кезекшілікті атқаруы, құрбы-құрдастарының арасында өз ара қарым –қатынастағы іс-әрекетінен ,сабақты ынта қойып тыңдауы,тапсырманы дер кезінде тиянақты орындауынан байқалады.
Осы орайда мектебімізде сыныптар арасында «Бәрі де жауапкершіліктен басталады» тақырыбында бейне роликтер байқауы ұйымдастырылды.Бұл байқауда әр сынып өз шығармашылықтарын көрсетіп, жауапкершілік қасиеттің көрінісі болып табылатын іс-әрекеттерден қойылымдар қойды. Сыныптарға жас ерекшеліктеріне сай жұмыстарының тақырыпқа сәйкестігіне, мазмұндылығына сай қазылар алқасы баға берді .Нәтижесінде 9 сынып оқушылары жеңімпаз атанып, іс-шара әлеуметтік желіге жарияланды.
Сонымен қатар тұлғаның жауапкершілігін арттыру мақсатында бастауыш сыныптарда «Жауапкершілік және жауапсыздық» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты- оқушыларға шындықты айту,өз ісіне жауапкершілікпен қарау, адалдық туралы түсініктерін кеңейте отырып,ақиқатқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет құндылығын дамыту және жауапкершілік пен жауапсыздықты ажырата білу болды. Сабақтың өн бойында жауапкершілікке байланысты сұрақ-жауап алынып ,мақал-мәтелдер айтылып, өлеңдер оқылды. Соңында оқушылардың сабақтан алған әсерін, қандай ой түйгенін байқау мақсатында шағын эссе жұмысы алынды. Міне, осы эссе жұмысын зерделегенде әр оқушы жауапкершілікке байланысты өз ойларын жазған,онда жауапкершіліктің адам өмір сүруі үшін ең маңызды қасиет екенін,осы қасиетті бойына сіңірген адам ғана өмірде сыйлы, ардақты,адамгершілігі мол азамат болып қалыптасатынын тілге тиек еткен.
Баланың жасы ұлғайып,сыныбы жоғарылаған сайын оған қойылатын талап та, жауапкершілік те арта түседі. Осы орайда жоғары сынып оқушылары арасында «Жауапкершілік дегенді қалай түсінесің ?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты- бала бойына жас кезінен өз ісіне деген жауапкершілігін арттыру және оның ата-ананың, ұстаздың,жора-жолдастарының,қоғамның алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру,нығайту болды. Шараға ата-аналармен бірге заң өкілдері де қатысып ,жетелеу сұрақтары арқылы тақырыпқа байланысты ой өрбітті.Заң өкілі К.Аппазов Қазақстан Республикасының Ата Заңындағы жасөспірімдердің құқықтары жайлы айтты.Онда 14-бапта Заңы мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне,әлеуметтік,лауазымдық және мүліктік жағдайына,жынысына, нәсіліне, ұлтына,тіліне, дінге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жеріне байланысты ешкімді кемсітуге болмайтыны туралы айтылды.
Мектеп психологі Г.Сейітова жасөспірімдік жас-барлық салаға өзгерістер әкелумен қатар бала денсаулығына және физиологиялық, психологиялық дамуына өзгерістер әкелетінін айта келіп, осы кезеңде ата-ана мен ұстаздарды бала тәрбиесіне бей-жай қарамай,үнемі назарда ұстап көңіл бөлуге, баланың болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырып,психологиялық ақыл-кеңес берді.
Бұл шарада оқушылар жауапкершілік қасиетке не жататыны жайлы өз ойларын бүкпесіз ортаға салып пікір бөлісті.Міне мұндай шаралардың нәтижесінде балаларымыздың адамгершілік асыл қасиеттері артқанын,кейбір енжар оқушыларымыздың жақсы жағынан көрініп,тапсырманы дер кезінде орындап ,оң іс-әрекет көрсеткені байқалды Қорыта келгенде бала біздің болашағымыз,сондықтан оның білімді,тәрбиелі,өмірге деген өзіндік көзқарасы бар,жан-жақты бүгінгі күннің талабына сай тұлға болып қалыптасуы үшін жас кезінен бойына адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіруіміз керек екендігі айқын.
Олай болса баланы ата-ана мен ұстаз үнемі бақылап,талап қойып,зерттеп-зерделегенде ғана өз нәтижесін ,жемісін береді.Ойымды Стив Павлинаның «Егер нәтиже қажет болса-оған өзіңіз талпынып,қол жеткізіңіз.Өз өміріңізге жауапкершілікті алу-діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін бәріне де дайын болу дегенді білдіреді» деген сөзімен аяқтағым келеді.