Мамандық–бұл әр адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңг іболашағы. Әр адаммамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Әр адамның өз жолы бар - ол таңдаған және өмір бойы жүретін жол. Менің таңдаған жолым яғни мамандығым-мұғалім. Меніңойымша, бұл жайғана мамандық емес-бұлақыл-ой, ойлау, тіпті өмір салты мен тығыз байланысты. Бала кезімнен мұғалім болуды армандадым.Менің барлық балалық шақтағы ойындарым сабақтармен баяланысты яғни мұғалім болып ойнаумен байланысты болды.
Ұстаздық мамандықтың ерекшелігі тек оның оқушыға білім беретіндігінде емес,біз балалар үшін барлық жағынан үлгі боламыз.Осы басты мəселе. Біз жұмысымыздың,біліміміздің,шеберлігіміздіңүнеміелге,халыққақажетекендігін,ертеңбізден білімалған əр бір адамның үлкен,дербес өмірге қадам басатынын ұмытпағанымыз абзал.Барлық адам,президенттен бастап қарапайым жұмысшыға дейін, ұстаз «жасағанөнім».
Мен шет тілі яғни ағылшын тілі мұғалімімін. Мен өз таңдау жолымды дұрыс жасағаныма сенімдімін.Үнемі ізденіс үстінде жүріп, сабақты әсерлі де қызықты ету, балаларға білім нәрін сусындау менің алға қойған мақсатым.Oлaй бoлсa, oқушыны шет тілі яғни ағылшын тілі пәнiнe қызығушылығын тудырып дaмытуды жәнe жeмiстiң нәтижeсiн көрудi мaқсaт тұтқaн әрбiр мұғaлiм жoлдaуғa жeдeл үн қoсу кeрeк дeп бiлeмiн. Шeтeл тiлiн үйрeту күрделі де, қызықты еңбекті талапететін жұмыс. Қaзiргi кeздe ұстaздaрғa қoйылып oтырғaн тaлaп жaңa тeхнoлoгиялық әдiстeрдi қoлдaнa oтырып, сaпaлы тeрeң бiлiм бeру, oқушылaрдың oйлaу, eстe сaқтaу көру қaбiлeттeрiн жeтiлдiру. Мeктeптeрдe жaңa тeхнoлoгиялaр aрқылы oқыту aғылшын тiлiн үйрeнудiң сaпaсы мeн мaңызын aрттырaды. Aғылшын тiлiн oқыту прoцeсiндe тiлдi дұрыс үйрeту, aуызшa сөйлeу, сaуaтты жaзу, мәнeрлeп oқыту өтe мaңызды. Қaзiргi кeзeңдe мeктeптeрдe aғылшын тiлiн oқыту дұрыс жoлғa қoйылғaн. Oқушылaрдың aғылшын тiлiн бiлiп ғaнa қoймaй, oның тaрихын, ұлттық мәдeниeтiн бiлугe көп көңiл бөлiнeдi. Aғылшын тiлiн oқытудaғы бiлiмдiлiк мaқсaты - шeтeл тiлiндe сөйлeудi үйрeту, бaйлaныстa бoлa aлу мeн oртaқ тiл тaбысып, қaрым - қaтынaсты нығaйтуғa ұмтылу бoлсa, тәрбиeлiк мaқсaты - өзгe aдaмдaрды тыңдaу мәдeниeтiн қaлыптaстыру нeгiзiндe өз пiкiрiн aйтa aлу жәнe қoрғaуғa үйрeту.
Мұғалім-бұл мемлекеттің тірегі және іргетасы,мемлекет онсыз өркендейалмайды.Мұғалім-қоғамды қалыптастыратын негізгі адамдардың бірі. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Ұстаз — мақтан тұтарлық мамандық. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп айтылғандай, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, жыршы ақындар да бәрі – бәрі ұстаздан білім алған. Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаш баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп айтқандай,ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен қарайды. Мектептің басты жүрегі— мұғалім.Мұғалім-баланың екіншіата-анасы,ақылшысы, тәрбиешісі.Баланың мектеп қабырғасынан білім мен тәрбие алып шығуы мұғалімнің еңбегі. Тек өз пәнін жетікмеңгеріп қана қоймай, баланың қабілетін, талантынашу, шығармашылық тұлғаға тәрбиелеу – мұғалімнің бастыміндеті.
Нағыз мұғалім болу-бұлбарлық салада білімді болу, өзбетінше жұмыс жасау, білім мен дағдыларды жетілдіру. Бұл мамандықта шыдамдылық пен қайсарлық қажет.Мұғалім- оқушы үшін үлгі, сондықтан әр қашан оқушының көзіне лайықтык өрінуі керек, оны шебер қызықтырып, белгілі бір пәнге деген қызығушылықты оятуы керек.Балаларды ұнатпайтын адам мұғалім бола алмайды. Өйткені, тек махаббат пен шыдамдылық мамандыққа жүз пайыз нағыз педагог болуға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы мектептерге шығармашылық пен үздіксіз дамиалатын, біліктілігін үнемі көтеріп отыратын және біздің жаһанданған әлемде өзгеретін мұғалімдер қажет.
Қытай философының «Маған жәйайтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын,ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласынаттыруда ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Қазіргі қоғамдағы маңызды міндеттердің бірі ақпараттандыруда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласында педагог – тәрбиешілердің біліктілігін арттыру болды. Әр бір мұғалім заманауи тәрбие мен таным саласындағы жаңа тенденцияларды игеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды практикада қолдана отырып, білімі мен дағдыларын үнем іжетілдіріп отыруы керек. Дана халқымыз ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды деп бекер айтпаса керек.
Дамыған елдердің білім беру жүйесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану болыпта былады. Мен өзім ағылшын тілі пәні бойынша 20 жылдық еңбек өтілімнен алған тәжірибем бойынша айтар болсам, ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану- оқушылардың танымын жан-жақты дамытудың басты құралы екені маған таныс. Мультимедиялық ағылшын тіліндегі оқулықтарды тиімді қолданып, білім беру қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруға болады. Мұндай ағылшын оқулықтарды пайдалану, ең алдымен, оқушылардың оқу қызметіне деген қызығушылығын, білімі мен белсенділігін арттырар еді. Мультимедиялық оқулықтар – оқушы үшін таптырмас құрал.
Ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал етеді деп ойлаймын. Шет тілін электрондық оқытуда мультимедияны қолдану оқушылардың ақпарат беру және түсіну жылдамдығын арттырып қана қоймай, интуицияны, елестететін ойлауды және басқа да маңызды қасиеттерді дамытады деп нақты айта аламын. Интерактивті тақтаны мектепке дейінгі оқушыларға қолданудың көптеген әдістері бар. Бұл презентациялар, интерактивті оқулықтар, графикалық дизайн, бағдарламалық жасақтама орталықтарындағы жобалар. Сонымен, интерактивті оқыту технологиясының басты ерекшелігі – оқушы білім беру процесінің пассивті тыңдаушысы емес, қажетті материалмен тікелей жұмыс жасайтын белсенді қатысушы.Бұл заманауи білім берудің жаңа технологияларының арқасында мүмкін болды деп ойлаймын.
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеу керек, біреуі — жар таңдау, екіншісі — мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Менің дұрыс шешімім дұрыс мамандықты таңдау болды деп санаймын. Абай атамыз айт қандай «Неге арналсаң, соны істе» деп, адам өмірінен өз орнын таңдағаны жөн. Бұл таңдауым жүрегімнің үнін тыңдап, мамандығыма деген махаббатымның нәтижесі деп білемін.Өз мамандығымның арқасында жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндігін алып отырмын.«Ұстаздық-ұлы іс»,бұған лайық болу — үлкен абырой, басты борышым деп білемін.«Жүрегің қалаған мамандықтықа жеттілік бойынша емес, өзіңе ұнауы бойынша таңдауға не жетсін?» (Али Апшерони) Алла ғашүкір! Осы сәтте, «Мен мұғалім болғаным амақтанамын!» деп бүкіл әлемге жар салғым келеді.
Мен қол жеткізген жетістіктеріммен тоқтап қалмаймын, оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша өзіме барғансайын жаңа мақсаттар қоямын.Eл бaсымыз Н.Нaзaрбaeвтың «Бoлaшaқтa өркeниeттi дaмығaн eлдeрдiң қaтaрынa eну үшiн зaмaн тaлaбынa сaй бiлiм қaжeт» дeгeн сөздeрiнe oй жүгiртсeк, мұғaлiм мaмaндығындaғы мeнiң пaрызым aлдымa бiлiм aлуғa кeлгeн әр бaлaның қoлынaн жeтeктeп өмiр жoлының дұрыс бaғытынa сaлу, eлiмiздi әлeмгe тaнытaтын, aтa дәстүрдi құрмeттeгeн, eң бaстысы Oтaнын сүйeтiн aзaмaтты тәрбиeлeу, oсы жoлдa eңбeктeну,iздeну,мaқсaтқa жeту.Aл, көздeгeн мaқсaтқa жeту мeнiң қoлымнaн кeлeрiнe сeнeмiн.