Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI726

Желтоқсан желі

 

Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова , Ләззат Асанованың өмірлерін, ерліктері жайында түсіндіріп, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.

ой,сана- сезімін, тілін, сөздік қорын дамыту

Оқушылар  патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбындарының суреттері, ұрандар жазылған плакат, слайд.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, қонақтар!

Бүгін бізде қуанышы мен қайғысы бір тарихта қалған үлкен оқиғалардың бірі-Желтоқсан оқиғасы қабырғамызды қайыстырып,өзегімізді өртеп,жүрегімізге мәңгі сызат қалдырды.

 Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар «Желтоқсан желі» атты тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қанша жыл,қанша ғасыр өтседе ұмытылмайтын оқиғалар болады.Соның бірі- дүниені дүр сілкіндірген Тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы. Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету біздің борышымыз.  Иә бұл тәрбие сағаты  1986ж 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.Қазір сіздерге осы қайғығаортақтасып,өз жүректерінен шыққан ақындарымыздың өлең-жырларын тыңдап,сол кезде болып жатқан бейне суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.

Слайд көрсетіледі. «Желтоқсан желі ызғарлы»

Айзере:

Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастаған да –Желтоқсан,

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан

 

Қайыржан:

Желтоқсан–тарихымда әйгілікүн,

Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

 

Әділхан:

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала жапқан күн.

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шекккен күн,

Қасқалдақ ұшіп көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билі калған күн.

Тұмар:

Желтоқсан–қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған-

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

 

Ән: 2 «ә» сынып оқушылары: «Мен қазақпын»

 

–Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков туралы шағын қойылым.

Мен :(Қайраттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер»деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында » ұстады.

Көрініс: Қайраттың тұтқындалуы»

 

Данияр:
 
Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым.

Ерлiктерің мәңгілік сақталады.


 Бейбарыс:
 
Дәл бүгін қуанышты қала далам,

Жасадың сол арманға жаңа қадам.

Жеткенше ұлы мақсат шетіне біз,

Басты ғой қызыл шоқтық аратабан.
 

Жанбота:

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
 Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
 Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске.

Айта бергім келеді, айта бергім.

 

Ән: Хор:«Көктудың желбірегені»

 

Мұғалім:Мінеки құрметті көрермендер ”Желтоқсан желі” атты тәрбие сағаты өз мәресіне

Қазақ халқы мұндай қасіретке жолықпасын дей отырып, өздеріңізбен мына өлең жолдарымен қоштасамыз.

Бірге оқушылар хормен: 

Данасы мен батыры көп қазақпын

Көрген талай қияметін азаптың

Аршындаймын көктуымды шалқытып,

Жасай берсін,тәуелсіздік азат күн

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

Мұғалiм: Мiне, балалар, ата-бабаларымыздың жерiмiздi, елiмiздi қорғай отырып, ғасырлар бойы тәуелсiздікті аңсап, осы тәуелсiздікке қолымыздың қалай жеткенiн, кiмдердiң еңбек еткенiн сабағымызда азда болса мағлұмат алдық. Тәуелсiздiкті алу жолындағы халқымыздың ерен еңбектерін алдағы уақыттарда оқып үйренемiз. Бүгiн Қазақстан өз алдына Тәуелсiз Мемлекет. Біздiң өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.

Сендер — Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

565 1
Айгулсим Кыдыршаева «Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Ұлы дала ұстазы № 000621
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Анаргуль
13 ноября 2021 01:40
Айгүлсім сәттілік!