Осы жобаны жазу барысында шәкіртіммен бірігіп көптеген жұмыстар атқардық. Бұл жобада оқушым ауылымыздағы дәрілік шөптердің емдік қасиеттерін зерттеді. Оның ішінде жантақ, адыраспан, мәуе, жолжелкен емдік қасиетінің көптеген ауруларға шипа екенін қарастырды. Ғылыми жоба тақырыптың мазмұнын ашуға арналған 3 бөлімнен тұрады. Әр бөлімге құнды ой пікір, түйін жасалған. Оқушы көп ізденді, кітапханаларға барып, білімін толықтырды. Практика жүзінде оқушым Іңкәрдария ауылындағы шөптерді алып, кептіріп, кеппешөп жасады. Әр шөптің атауын, және олардың қандай ауру түрлеріне көмектесетінің біледі. Баланың болашаққа қойған арманы көп. Баланың бойынан ғылыми жобаларды жазуға ынтасы мен қызығушылығын байқадым.
Бұл жүргізген жұмысымыздың мақсаты:Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінде қандай өсімдіктер өсетіндігін, олардың қандай пайдасы бар екендігін зерттеу арқылы емдік қасиеттерін біліп, одан сабақ алуы тиіс.Ауылымыздағы дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Туған өлкедегі дәрілік өсімдіктерді анықтап, халыққа өмірде қолдана білуге үйрену. Жас балалардың ағзасын дәріхананың дәрілерімен уламай, табиғи шөптерден жасалатын дәрілерді пайдалануды насихаттау. Далалық зерттеу жұмысы барысында жолжелкен, адыраспан, мәуе, жантақ өсімдіктерінің қандай ауруларға шипа екендігі анықталды
Жұмысымыздың өзектілігі:
Қазіргі кезде өсімдіктерді халықтық және ғылыми медицинада пайдаланудың кең көлемді мәліметтер жинақталған. Дәрілік фитохимия саласындағы алуан түрлі синтетикалық дәрі-дәрмектер шығарудағы зор жетістіктерге қарамастан, дәрілік өсімдіктер әлі де өз маңыздылығын жойған жоқ және де жоймақ емес. Себебі, көптеген ауру түрлерін негізінен осы өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектер арқылы емдейді. Бұл дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын одан ары өсуінің бір себебі. Өсімдіктерден алынған көптеген табиғи заттар таптырмайтын және құнды топтарды құрайды – жүрек гликозидтер, стероидтар, сапониндер, яғни осыларды алу үшін жалғыз шикізат түрі болып табылады. Сонымен қоса, өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектер аз көлемде уыттылығымен ерекшеленеді және көп жақты әсер етеді.
Салауатты өмір сүру үшін табиғи өсімдіктерді қолданған жөн. Себебі: кейбір ауруларды емдеу кезінде химиялық дәрілер ( таблеткалар) кері әсерін тигізеді және қазіргі кезде дәрілер өте қымбат. Егерде адамдар шөп қайнатпаларын дайындап, қолданса жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.
Әдепкі кіріспемізде біз өсімдік атаулыға жалпы шолу жасадық.
Өсімдік –тіршілік көзі. Тірі заттың тіршілігін өсімдіктер әлемінсіз елестетуге болмайды.
Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді.Сондықтан халық өсімдіктерді – басқа пана, жанға сая деп бағалаған.Қазақстан Республикасы территориясында 6000 –нан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 500 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады.
Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай.Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі.Соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.
Біз ғылыми зерттеу жұмысы барысында дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін , шипалық қасиеттерін және оның химиялық құрамын зерттедік. Оқушым дайын дәріні сатып алмай жергілікті жердің өсімдігімен емдеуге болатынын үйрене отырып, өз ауылымның байлығын ұқыпты пайдалануға үйренді. Осы жобада ауылымызда өсетін жантақ, мәуе, адыраспан, жолжелкен шөптерінің емдік қасиеттерімен таныстырамыз.
Біз, Қызылқұмның ішінде орналасқан Іңкәрдария деген ауылында тұрамыз. Ауылымыздың табиғаты шөлді жіне шөлейтті жерлерде өсетін өсімдіктерге бай. Өз ауылымды мақтан тұтамыз және сіздерге ұсынамыз.
Бірінші өсімдігіміз Адыраспан. Біз жобаны қорғау барысында әр өсімдікке биологиялық сиапаттама беріп, ары қарай оның емдік қасиеттеріне шолу жасадық.
Емдік мақсатқа адыраспанның шөбін яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүледерін пайдаланады. Адыраспан-ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Кезінді атақты Абу Әлі Ибн Сина оны сегізкөз нервісінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде қолданған.
Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде бұлау жасауға пайдаланылады, ал шөбінен жасалған қайнатынды суық тигенде, безгек ауруларына, нерв жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып табылады. Адыраспанды мыңжапырақ гүлдерімен, киікотымен, шөпшай гүлімен қосып қайнатады да, онымен асқазан сөлінің азаюын, яғни гипоацид гастритін емдейді. Ол үшін осы айтылған құрамдағы 10 грамм қоспаны жарты литрдей суға салып 2 сағат тұндырады. Содан соң оны баяу жанған отқа қойып 8 минуттай қайнатады. Суыған соң сүзіп тазалайды. Препаратты тамақтанардан жарты сағат бұрын 50 грамнан 4 рет ішеді. Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға, тер шығаруға көмектеседі. Тұнбасын суық тигенде пайдалануға болады. Ал қайнатындысы ауыз қуысы мен тамаққа суық тигенде ауыз шаюға, басқа да шөптермен қосып аяқты жууға қолданылады.
Адыраспанды тасшөппен, қарааңдыз тамырымен қосып қайнатады да, радикулитті, сегізкөз невралгиясын емдеуге қолданады. Бұл ауруларды емдеген кезде жоғарыдағы қайнатындыны ішумен бірге шөбімен белді булау да жақсы нәтиже беретіні байқалады.
Ол үшін кептіріліп ұнтақталған адыраспан шөбінің 50 грамын шүберек қалтаға салып, сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден соң суын сығып, қалтаны жылы күйінде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Белді осылай күніне 30-40 минуттан бір рет булау керек. Адыраспан улы өсімдік болғандықтан, оны емге ішкен кезде аса сақ болған жөн.
Екінші өсімдігімізЖантақ.Жантақты тек малға жем-шөп ретінде пайдаланбай, оның да емдік қасиеттеріне назар аударайық. Жантақ өсімдігінің емдік қасиеттерін халқымыз ерте заманнан-ақ пайдаланып келген.Біздің Оңтүстік аймақта өсетін жантақ-түйетікен деп те аталады. Оның себебі түйе малының ең сүйіп жейтін шөбі болғандықтан «вервлюжая колючка» деп те атап кеткен. Осы жантақ жайлы зерттеу жүргізуіміздің бір себебін айтып өтсек. 90 жылдары менің өзімнің басымнан өткен жағдайды айтыпөтсем деймін. 2жасар қызымның іші кетіп, қатты ауырды. Дәрілердің ешқайсысы әсер бермеді, ол кезде дәрінің өзі жоқтың қасы еді. Бір жетідей ауырған қызымның жағдайы нашарлап, не істерімізді білмей әбігерге түстік. Содан бір үлкен кісі жантақтың гүлін (сөгін) қайнатып, тұнбасын беріп көр деді. Не көп жантақ көп, гүлдеп сөк салып тұрған уақыт. Сөгін жинап қайнатып, тұнбасын сүзгіден өткізіп, қызыма қасықтап 5-6 рет бердім .Екі күндей қызымның іші тоқтады. Міне, мен сол кезде өсімдіктің дәрілік қасиетіне тәнті болдым және осы тақырыпты жоба ретінде шәкіртіммен алуымның себебі де сол.
Жантақ шөбінің тамыры да оның сабағы мен масақтарының да емдік қасиеттері мол. Жантақ өсімдігінің құрамында С витамині каротин, эфир майлары, гликозидтер, фловоноид сапонин заттары, қант, суда еритін органикалық заттар С және К дәрумендері, бояғыш заттар және шайыр кездеседі.Медицина саласында жантақтың жер бетіндегі бөлігі пайдаланылады. Жантақ сабақтарын құрғатып, ұнтақ күйінде дәрілік препараттар жасайды. Жемісі мен тамырынан дәрі-дәрмек өндіреді.
Жантақтың іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Жантақ өсімдігінің жапырақтары мен бұтақтарынан жасалған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланады. Жантақтың тамырынан жасалған дәрілер геморой түйіндерін, дене сыртындағы жарақаттарды емдеу үшін қолданылады.Жантақтың жаңа гүлдеген кезінде гүлін жинап алып суға қайнатып, асқазан, ішек ауруларына қарсы ішеді. Жантақтың тамырын да суға қайнатып тізе, буын ауруларына, жүрек соғысы нашарланғанда және тамақ ауруларына да ем ретінде пайдаланылады. 20 грамм тамыр үгітіндісін 300 г қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста 30 минут бұқтырып, сүзіп, ас алдында әр жолы 3 ас қасықтан, күніне 3 рет ішеді. Мұны бүйректе тас-құм байланса, жүрек қызметінің нашарлауынан денеге ісік шықса, ас алдында бір ас қасықтан ішеді. Күніне үш рет. Жантақтан қайнатпа (отвар) жасайды. Ангина, экземаларды, әйел адамдардың спецификалық ауыруларына қарсы, асқазан язвасына қолданылады. Жантақтың суыққа қарсы, ыстық түсіретін, жөтелді басатын, жараның аузын жиыратын, зәр айдайтын, іш қатуын болдырмайтын қасиеттері де бар екен. Іші қатып ауыратындар жантақтың алдын ала кептіріліп, ұсақталған тамырының 2 шәй қасығын 1 стакан қайнаған суға араластырып, 7 минут қайнатады. Қараңғы жерде 30 минуттай тұндырып, суытады. Содан соң осы қайнатпаның бәрін аш қарынға бірден ішіп қою керек. Ішті жақсы жүргізеді. Кейін білдік, жатыр мойнының эрозиясы, іріңді отит кезінде жантақ ваннасын қабылдау керек екен. Ол үшін 500 миллилитр қайнаған суға жантақтың 4 ас қасығын салып, оны екі сағат тұндырып қояды. Содан соң онымен ауырған жеріңізді жуасыз. Дегенмен оны пайдаланбас бұрын емдеуші дәрігеріңіздің кеңесін алғаныңыз да дұрыс шығар.
болады. Адам ағзасы үшін әсіресе жантақ гүлінен жиналған балдың маңызы зор малға қыстық азық үшін жинап алады.
Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті
Ем болатын аурулары:
♦ Жолжелкеннің тұқымы ыстықты басып, уытты қайтарады. Қақырықты шығарып, жөтелді тоқтатады. Шөбі де осындай қасиетке ие.
♦ Ішек қабынғанда, 15 грамм жас жолжелкенді( кептірілгенінен 9 грамм) қайнатып, күніне екі рет ішеді.
♦ Несеп жолының және қуықтың қабынуына 9 грамм жолжелкен тұқымын, 15 грамм тікенді ұшқат гүлін, 9 грамм жүрек жапырақты, 6 грамм қызыл мияны суға қайнатып ішеді.
♦ Бүйректің жедел қабынуына 30 грамм жолжелкен шөбін суға қайнатып ішеді.
♦Кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына 90 грамм жолжелкеннің жас шөбін суға қайнатып немесе 9 грамм жолжелкен тұқымын сарғайғанша қуырып, талқандап, қайнаған күріш суына қосып ішеді.
♦ Жас жолжелкен шөбін жаншып, асқынған сыздауық, шиқанға тартады
Жиденің емдік қасиеттері.
. Жидеде Едәрумені көп болады. Жиденііштіңауырғанын басу, иммунитеттікөтеру, ас қорытуоргандарыныңжұмысынжақсартуүшінпайдаланады. Жүрек-қантамырларыауруларынжидекжемісіменемдейді. Жиде құрғақшылыққатөзімді. Оны құм тоқтатуға, жыра, арық, өзенбойын, қаланыкөгалдандыруғапайдаланукерек. Гүліненхошиісті май, иіссуларалынады. Жиде балы адамденсаулығынаөтепайдалы.
Халық медицинасында дәрілік шөптерді қолдану кейінгі кезеңде етек алды..
Зерттеу жұмысын орындау барысында Қазақстан өңірінде кездесетін дәрілік өсімдік жолжелкен, адыраспан, жиже, жантақ шөптерін жинап, анықтап, олардың өсу ортасымен танысып, сипаттама берілді; ауылымызда жиі кездесетін дәрілік өсімдіктердің тізімін жасауға талпыныс жасалды;
Сонымен бірге дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері анықталды.
Зерттеу жұмысын қорыта келгенде біз қойылған гипотеза дәлелденді деп айтуға болады, себебі; көптеген өсімдіктердің дәрілік қасиеті болғанымен адамдар үнемі оларды пайдалана бермейді. Адамзатқа табиғаттың жаратқан шипалы дәрілік өсімдіктердің саны азаймау үшін оларды күтіп-баптап, химикаты көп қазақстаннан және шет мемлекеттерде шығарылып тасымалданатын, күнделікті көгілдір экранда жарнамаланып жатқан дәрілерді қолданғанша, халықтық медицинаға сүйеніп, емдік қасиетке толы шөптер тұнбасын қолданса екен дегім келеді. Ауылымызда кездесетін дәрілік өсімдіктерді кеңінен насихаттап, емге шипа ретінде ұсынғымыз келеді.. Қорыта келе осы зерттеген және жасаған жұмыстарымыз әлі де жалғасын табады.