Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI723

Оқушыларды шығармашылық ізденіске икемдеп, ойының өрістей дамуына мүмкіндік жасау

     Бүгінгі күні жаңа дәуір – жаңа ғасыр жаңа мыңжылдыққа өмір сүріп отырмыз XXI ғасыр–білімділер ғасыры. Білімділерді баптап, парасатты азамат етіп тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының баға жетпес міндеті. Ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе. Бұл міндеттерді орындау үшін оқытудың мазмұнын жаңартатын жаңашыл, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз керек. Ұстаз – елдің ертеңін ұстайтын ұрпақ бойында имандылықты, ұлттық мәдениетті, адамгершілік намысты ояту арқылы рухани өмірдің сақтаушысындайындайды. Халықтың мына ұлағатты сөзіне көңіл бөлейік; «Қыран – түлегіне талмас қанат сыйласа, ұстаз –шәкіртіне талмас талап  сыйлайды». Талапты ұлан әр уақытта көңілі ояу, айналасына сын көзбен қарай білетін, кез келген уақытта шешім қабылдауға дайын болады. Осы жерде ұлы Абайдың:

                   Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға

                   Бәрі анық тұрады ойлағанда – деген ұлағатты сөзі бекер айтылмаған.

         XXI ғасырда білім алып, еңбек ететін жастар уақыт талабына сай жаңалықтармен қаруланып, өз бетінше ізденіп, оқып және кез келген мәселелерді ұиымды шеше алатын, адамгершілік қасиеттер орныққан, өмірден лайықты орнын таба алатын жастар болу қажет. Осы мақсатта жас ұрпақты оқытатын, шығармашылық ізденімпаздылығын дамытатын оқытудың жаңа үлгідегі әдіс–тәсілдерін ұйымдастыру керек. Сонда ғана оқытушы өзі атқаратын міндетін жетік біліп, мақсатына жете алады. 

         Оқушының білуге құштар екенін ескеріп, жеке қабілеттерін ашу арқылы ой-өрісінің дамуына мүмкіншілік туғызамыз. Талап етуден гөрі қарым-қатынас, ізгілік тұрғысынан қарауымыз керек. Оқытушы мен оқушы бір-біріне басымдық көрсетпей, оқыту мен тәрбиенің бірлігін сақтай отырып, жұмыс істеген жағдайда оң нәтиже береді деп ойлаймын. Өз тәжірибемде қазіргі оқушылар еркіндікке құштар. Олармен еркін пікір алмасып, сөйлесіп сабақтың мақсатына бірлесіп жету жағын ойластырамын. Бір жақты баяндаудан оқушының ойы дамымайды, логикалық қабілеті жетілмейді, шығармашылық ізденісі жүрмейді, яғни пәнге деген қызығушылығы оянбайды. Осылардың бәрін дұрыс бағытта жүргізу үшін қазіргі қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларына терең тоқталамыз. Дайын тапсырмалар бергеннен гөрі, ой қозғар сұрақтар мен іздендіретін тапсырмалар беріп отырамын. Бұдан болашақ мамандар үйренеді, үйренгенін ертеңгі күні үйрететін дағды қалыптастыруды мақсат тұтамын. Осы орайда жеке тұлғаның білім беру проблемасын шешу – жаңа үлгіде құрылып жатыр. Дәстүрлі білім жүйесінде бұрын:


Ұстаз

Оқу құралы

Оқушы 

Оқушы 

Оқу құралы

Ұстаз 

         Үлгісінде қарастырылған, ал жаңа үлгіде ұстаз бен оқушының орны алмасады:

         Озық елдердің білім жүйесінде ұстазға үлкен міндеттер жүктейді.

         Танымдық әрекетке талпынған оқушыныңкөмекшісі және кеңесшісі ретінде жүреді. Бұл оқытушыдан үлкен жауапкершілік пен жоғары деңгейде шеберлікті  талап етеді. Сондықтан оқытудағы іс-тәжірибемді жаңа мазмұнда ұйымдастырудамын. Жаңалық енгізу дегеніміз –жаңа мазмұнды қалыптастыруды анықтайды. Білім беру саласында инновациялық құбылыс өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады, жаңа мақсатты шешуге бағытталады.

         Әрбір мұғалім өзі атқаратын міндетін жетік білсе, жаңа іске бет бұрады. Оқушылардың бойында жаңаша қабілетқалыптасуы үшін оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу қажеттілігі туып отыр. Ондай оқытуды модельге құру, соның негізінде модульді оқыту.

         Модульмен оқыту-жеке бағдар, жеке нысана. Бұл оқытудың мазмұны мен көлемі –оқытудың дидактикалық мақсатымен анықталады.

         Модуль – іріленген мазмұнды дидактикалық бірлік, ірі блок, мөлшер. Модуль жүйесін оқу үрдісіне енгізудің негізгі мақсаты мынадай:

  1. Оқытудың тиімді жолдарын қарастыру
  2. Пән мазмұнын тереңірек меңгерту
  3. Білім алушының пәнге қызығушылығын арттыру
  4. Білім алушының кәсіби біліктілігін көтеру
  5. Өз бетімен ізденіс қабілетін қалыптастыру

           Әр модуль жеңілден  ауырға қарай беріліп бірін-бірі толықтырып, жалғасып жататындай жүйелілікке құрылуы шарт: 

  1. Теорияның практикамен ұштастырылуы 
  2. Әр модульде практикалық мақсатта бірнеше тапсырмалар берілуі
  3. Атап айтқанда: өздік жұмыс, реферат, тест

           Сонымен алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауға бағытталған мынандай сұрақтарға жауап беру керек:

  1. Неге қол жеткізу керек?
  2. Ол үшін не істеу керек?
  3. Осы әрекеттер неге керек?

      Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында мен сабақтың жүйесін былай етіп құрдым:

 


Басты мақсат

Нені және не үшін үйрену керек?

Оқытудың жалпы мақсатын қою, оқушыларға оқудың мақсаттарын таныстыру

Негізгі мақсат

Құрылған мақсатты нақтыландыру

Оқушының қызығушылығын, қажеттілігін дамытуға жағдай жасау 

Жеке мақсат

Жеке мақсат

Жеке мақсат

Мазмұны жақын тақырыптар тобын таныстыру

Оқу материалдарын белгілер жүйесі арқылы (сызба, кесте, сұлба т.б)

Тұтас тақырып бойынша бақылау не тестілеу 

Оқу бірлігін толық меңгергендігін айқындау

Сөйлесу арқылы оқушының танымдық қызметін ұйымдастыру

Тапсырмалар жеңілден ауырға қарай үш деңгейде беріледі:

  1. Жеңілдетілген стандарт 
  2. Стандарт бойынша 
  3. Стандарттан жоғары

Сабақ барысында бірнеше жеке мақсаттар туындайды. Осы жүйе бойынша оқытудың жаңа технологияларына сүйене отырып, қазіргі қазақ тілі пәнінен ірі блок сабақ түрлерін өттім. 

         Білімдіден сөз тыңдасаң күш тасыр, 

         Үйренгенді желге ұшырмай іске асыр. 

деген тюрколог – ғалым М.Қашқаридың тәрбиелік сөзін үнемі оқушыларыма естен шығармай айтып жүремін.

188 0
Жанар Акжигитова, № 7 Тұран мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі, Жетісай қаласы Ұлы дала ұстазы № 000834
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: