Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жанаруы, сана сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Көне замандағы көрікті қалаларымыз сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұлтартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынған болатын. Олар бәсекелестік қабілет ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, XXI ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтарымен үлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылатын жастарды тәрбиелеу – біздің асыл борышымыз.
Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды.
Мемлекетіміздің түкпір-түкпірінде Елбасымыздың осы бастамасы қолдау тауып, халық арасында кеңінен насихатталып жатыр. Қазақ елі қазір өркениетті елдерімен иық теңестіруге, дамудың жаңа сатысына көтерілуге талпынуда. Алайда, жаһандық өзгерістерге сай болу үшін алдымен ұлттық ерекшелігімізді сақтай білуіміз керек. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатының түйіні – осыда жатыр. Қазақ Елі дамудың барлық кезеңін бастан өткерді. Енді рухани жаңғыруға да баса назар аударылуы керек. Бұл жаһандану дәуірінде тек өзімізге ғана тән ұлттық кодымыздың болуы керектігін білдіреді. Яғни, дамудың жаңа кезеңінде алдымен ұлттық болмысымыз бен құндылығымыз, тарихымыз мен мәдениетіміз сақталуы керек. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті.
Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. Шәкәрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» - деген сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік, рух, иман отбасынан, осы түсініктерді ана тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп терең меңгерсек, ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-дейді Әл-Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы, ең бастысы ата-аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата-баба салт-дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.
Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа мензеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.