Жалпы білім беретін мектептердің алд ына қойып отырған мақсаты-оқу мен тәрбие жұмысын дамыту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жағдайында оқушыларға нақты білім беру болып табылады.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.А.М. Саранов «Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері» атты еңбегінде «инновациялық процесс-жаңаны құру, тарату және қолдануға бағытталған процесс, оның құрылымы жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды»-деп атап көрсетеді. [1, 46 б.]
Қазіргі кезде өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеру дүние жүзілік білім кеңістігіне шығу бүгінгі метептің басты мақсаты деп түсінемін. Көрнекті неміс педагогі Адольф Дистервергтің «Жаман мұғалім шындықты (білімді) өз деңгейінде жеткізеді, хабарлайды, ал жақсы ұстаз шәкірттерін шындыққа жетуге баулиды» - деуі бүгінгі оқыту технологиясының басты талаптарының бірі. Осындай талаптарды қамтамасыз ете алатын жаңашыл жоба Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы (RWCT жобасы).
RWCT жобасы бұл:
- жеке, жұпта, топта бірлесіп жұмыс істей білу;
- оқуда білімді өз бетінше іздеу, теория мен практиканы біріктіру;
- бір-біріне құрметпен қарау, мәдениетті қарым-қатынаста болу;
- өз пікірін жақтай, дәлелдей білу, ізденіс, еркін таңдау, жеке пікір, топпен талқылау, қажет жағдайда көзқкрасын өзгерту, шындыққа жету, т.б.
Өйткені сын тұрғысынан ойлау-ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын оқып, өз сабақтарымда, сынптан тыс жұмыстарда қолданғаннан бері мұғалімдік кәсіби шеберлігім жандана түсті. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы стратегиялары арқылы оқушылар заман талабына сәйкес ойлау қабілетін жетілдіріп, өмір ағымына орай өз көзқарасын қалыптастыруға үйренеді. Оқушылар өз бетінше шешім қабылдап, оны жүзеге асыру қабілетін жетілдірді. Сөйлеу мәдениетін, ортада өзін ұстау ережелерін, басқаның ойын құрметпен тыңдауға үйренеді.
Оқушылар белсенділігін қандай тәсілдер арқылы арттыруға болады? – деген сұраққа «Сыни ойлауды дамыту» жобасы авторларының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді ұсынады:
- күтілетін нәтижелерді нақты айқындау, жазба жұмыстарын жиі орындау;
- оқушылардың ой -өрісін белсенділендіретін сұрақтар қою;
- бірлесе оқу тәсілдерін қолдану, оқыту пәндерінің әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру.
«Сыни ойлау» жобасы әр шәкірттің өзіндік түсінігінің қалыптасуына мүдделі, осылай олар теңдесі жоқ өз ерекшелігін айқындап, соған иланады. Оқушы басты тұлғаға айналады, «оқушы-оқу әрекеті-мұғалім» жүйесі қалыптасса да, мұғалім рөлі жоғарлап, енді ол білімді беруші ғана емес, танымдық іс-әрекеттерді әр балаға лайықтап ұйымдастырушы, баланың қабілет көзін ашушы тұлғаға айналады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытудың сабақ өткізудегі үш кезеңінде өзім қолданатын стратегиялар:
Қызығушылықты ояту | Мағынаны ажырату | Ой толғаныс |
Көрнекілік | Көрнекілік | РАФТ, Эссе |
Топтастыру, болжау, БҮҮ | Семантикалық карта | Венн диаграммасы |
Терминдер арқылы болжау | ЖИГСО І, ЖИГСО ІІ, | Синквейн, Кластер |
| Екі жақты күнделік |
|
І. Қызығушылықты ояту кезеңінде: тарих, сабақтарында қарастырғалы отырған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады және үйренушінің белсенділігін оятады. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, көршісімен бөліседі, тобымен талқылайды, басқаға үйретеді.
ІІ. Мағынаны ажырату кезеңінде: оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша өзара жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушының өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағыдайлар жасалады.
ІІІ. Ой толғаныс кезеңінде: оқушы не үйренгенін саралап, салмақтап оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өзі білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, нағыз білім шыңына көтеріледі.
Сабақтарымда осы технологияны 7 сыныпта өткізілген « Есім хан тұсындағы қазақ хандығы» тақырыбындағы қолданған СТОтехнологиясының әдістерін ұсынамын.
Жәнібек пен Керей тұсында ірге көтерген қазақ мемлекеті Қасым хан кезінде бүкіл шығыс Еуропаға танылса, Хақназар мен Тәуекел тұсында күш қуаты артып, қонысы мен шекарасы кеңіп, халқының саны өсіп, іргелі мемлекетке айналды. Есім хан тұсында ше?... 1 минут.
І. Қызығушылығын ояту.
1. Топтастыру. Оқушыларды 5 топқа бөлдім.
3 минут
ІІ. Мағынаны ажырату.
- ЖИГСО І ст.
Әр оқушы Есім хан туралы мағұлмат алуға әр топқа тарайды. 1 минут.
Әр топ мүшесі 1-5 дейін санайды: 12345 12345 12345 12345 12345
Әр стөлге, әр оқушыға мәтін беріледі. Жек 3 минут, жұпта 2 минут, топта 2 минут. Барлығы 7 минут.
Уақыт өткен соң әр оқушы өз стөліне қайтып келеді. 1,2,3,4,5-1минут
1 стөл- Есім ханның ішкі саясаты.
2 стөл-Есім хан тұсындағы қазақ хандығының сыртқы саясаты.
3 стөл- Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы саяси тартыстар.
4-стөл- Тұрсын ханның әрекеттері.
5-стөл- Есім ханның ескі жолы.
Орындарына келген соң Есім хан туралы берілген тапсырмаларды кезекпен айта бастайды. Бірінші 1,2,3,4,5. Барлығы 8 минут.
ІІІ. Ой толғаныс.
1.Кластер
Сабақтың нәтижесінде:
- Оқушылар мен жұптық, жеке тапсырмалар жүргізілді.
- Алған білімдерін нақты игеруге дағдыланды.
- Оқулық материалымен жұмыс жасалды, Оқушылар түгел қамтылды.
Мақсатыма жеттім:
- оқушыны сыни ойлауға, еркін сөйлеуге;
- белсенділігіне, ой бөлісуге, шығармашылық қасиетін арттыруға;
- көзқарасын кеңейтуге, үйретуге, баланың ізденуіне, зерттеуіне, үздіксіз жұмыс жасауына жол аштым.
Қорта айтқанда, өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын дәлелдей алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына мен кәміл сенемін.
Пайдаланған әдебиеттер:
- «Әрекеттегі RWCT философия мен әдістері» С. Мирсеитова, Ә. Іргебаева Алматы, 2009ж.
- «Словарь RWCT» С. Мирсеитова Алматы, 2009ж.
- «Дауыс және көрініс» № 3 (27) 2006ж.
- «Теоретические основы развития инновационных образовательных систем» А.М. Саранов Волгоград, 2000 ж.