Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI712

Көптілділік – оқушы білімін жетілдірудің бірден-бір жолы

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл – деген  халық мақалында айтылған ой  ХХ ғасырдың өзінде маңызды алғы шарттардың бірі болды.  Қазіргі таңда да бұл  мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан дүние. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың   «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауында «үш тұғырлы тіл» бағдарламасының   негізінде білім саласында полиглот оқушылардың саны артуда. Өйткені әлемдік деңгейде білім мен ғылымды меңгеру үшін   көптілділіктің маңызы зор. Оған дәлел бірнеше тілді меңгерген физика ғылымының атасы Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің өзі 70-ке жуық тілді білуінің арқасында әлемдік деңгейдегі ғалымдардың шығармаларын оқып, қаншама еңбектер жазды.

Алайда өзге тілді меңгеріп, өз ана тілімізді ұмыту   деген сөз емес.  Осы негізде тілдерді білумен рухани жаңару бір-бірімен ұштасқан сара жол іспеттес.  Рухани жаңаруда қойылып отырған талап –адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Сондықтанда өскелең ұрпаққа ұлтымыздың бойындағы тек жақсы қасиеттерді дарыта отырып, озық білім беретін болсақ, сонда ғана біз 30 елдің қатарына енеріміз хақ. Сондықтан да өз ұлтына шынайы қызмет ететін , ұлтының жан дүниесін терең білетін азаматты тәрбиелеу - ұстаздардың   бүгінгі таңдағы басты міндеті.

Әрине, білім жүйесіне бүгінгі таңда қойылып отырған талап жоғары. Ол үшін, ең алдымен,білім сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл туралы «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін, біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек»-деді ел басы өз жолдауында. Қазіргі таңда әрбір ұстаздың ұстанымы өскелең ұрпаққа білім беруде басты назарды балалардың жан-жақты білім алып, заманға бейімделген, алған білімдерін өмірде қолдана алатын тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда соның айғағы физика пәнінен ағылшын тілінде сабақ беруде оқушыларға пәннің терминологиясын дұрыс айта білуі, оның мағынасын түсіндіруіне мән беріліп, сабақ барысында  ағылшын тілін қолдануға бағыт бағдар берілуде.Сабақта тілді ғана меңгертуге ықпал жасап қоймай, интернеттен бағдарламаға сәйкес, әртүрлі ағылшын тіліндегі видеороликтер көрсету арқылы оқушының танымдық қабілеті мен сыни ойлауын ұшқырлауға  өте тиімді болып отыр.   Оқушыларға бағыт беру арқылы көзбен көрген нәрсесін қолмен жасауға бейімделеді  және сабақта дағдылар қалыптаса отырып, пәнге деген қызығушылығы артады.

 Бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мәселесін нақты іс-түрінде жүзеге асыру керек пе? Әрине керек деп ойлаймын. Ата –бабамыз сан ғасырлар бойы қасық қаны қалғанша өз отанын тілін, дінін, әдет - ғұрыпын қорғап сақтап келді. Сол ата бабамыздың үкілі үмітін ақтау және еліміз бен жерімізді  ұрпақтан ұрпаққа сақтау үшін, оған ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Әрине қазақ жерінде тек қазақ тілі билік құрады. Ағылшын тілі-қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі деп білемін. Осы тұста кейбір ағаларымыздың  «болашақтың бұлыңғырлануы, тілдің біртіндеп жойылуына әкеледі деп халықты сендіретінін» жасырмайды. Керісінше алғанда, өзге тілдерді меңгере отырып, олардың жалпы мақсатын өзімізді өзгелерге танытуымыз керек. «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасының бағытын жүзеге асыруда жауапкешілікті сезіне отырып, әрбір жас қазақстандық білім алуға, елі мен жерінің өміріне белсенді араласып, бастамашыл болу керек.

                             

Пайдаланған әдебиеттер

1.Елбасы Н.Назарбаевтың  «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». 2012жылғы 14 желтоқсан.

2.Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»мақаласы 2017 жылғы 24 сәуір.

3.Н.Төлеуханова Үштілділікті дамыту- болашаққа жол ашу: үш тұғырлы тіл.

379 0
Закира Жұмабек Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы КММ-нің физика пәнінің мұғалімі Түркістан қаласы Ұлы дала ұстазы № 000339
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: