Семіздік – бұл тері асты шелмайы және организмнің басқа да жерлерінде майдың шектен тыс жиналуы, нәтижесінде дене салмағының қалпытыдан 10 % және одан да көп жоғарлауы. Семіздік жеке ауру болуы немесе басқа аурулардың белгісі ретінде айқындалуы мүмкін. Себептері болып эндокринді бездер қызметінің бұзылуы және орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) зақымдалуы табылады. Балалар мен жасөспірімдердің семіздігі қазіргі денсаулық сақтаудың өзекті мәселесінің бірі болып саналады. Бүкіл әлемде семіздігі бар балалар саны тоқтаусыз өсіп келеді және әр үш онжылдық сайын екі есе жоғарлап отыр. Қазіргі кезде дамыған елдерде 15 % жасөспірімдер семіздікпен ауырады, ал 25 %-ға дейін дене салмағының шамадан тыс артуы байқалады.
Семіздік ауылдықтарға қарағанда қала балаларында жиі дамиды. Қала балалары аз қимылдайды және жоғары калориялы тазартылған тағаммдармен жиі қоректенеді. Кіші жастағы балалар тобында семіздік қыз балалар мен ер балаларда бірдей жиілікте кездеседі. Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасында қыз балаларда басым (2:1) кесдеседі. Семіздік балалардың 80 % жуығында, ересектік кезінде де семіздік сақталады. Атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, гипертония ауруы, қант диабеті, бауыр және өт қабы аурулары қалыпты салмақты адамдармен салыстырғанда салмағы артық адамдарда 3-9 есе жиі кездеседі.
Осыған байланысты семіздікті екі типке бөледі:
- ГИПЕРЦИЛЛЮЛАРЛЫ
- ГИПЕРТРОФИЯЛЫҚ
Гиперциллоюлары тип – бұл семіздікте май жасушасының саны жоғарлайды, өлшемі өзгеріп отыруы мүмкін.
Гипертрофиялық типінде – адипоциттердің саны қалыпты, бірақ өлшемі үлкен болады. Семіздігі бар балаларда май жасушасының ғана өлшемі ұлғаймайды, саны да жоғарлайды, яғни гиперцеллюлялы семіздік болады, ол ерекше тұрақты ағыммен сипатталады.
Балалардағы семіздікті бағалау әдістері. Әдетте салмақ балалық шақта процентильді кестелермен бағаланады, 85-95 аралығындағы процентилдегі дене салмағы шамадан тыс артық салмақты, ал 95-ті процентилден жоғары – семіздік деп бағаланады.
Дене салмағының жасына байланысты қалыпты шамадан жоғарлауы былайша болып бөлінеді:
- 15-25 % - 1-ші дәрежелі семіздік;
- 26-50 % - 2-ші дәрежелі семіздік;
- 51-100 % - 3-ші дәрежелі семіздік;
- 100 % жоғары – 4 дәрежелі семіздік.
Семіздік бар көптеген балаларда қол басы салыстырмалы түрде үлкен емес, саусақтары – конус тәрізді. Әдетте балаларда genu varum немесе genu valgum қалыптасады. Майдың жиналуы әдетте біркелкі болады, бірақ аурудың үдеуі бойынша май ішінде, кеуде де, мойында, арқасында және белінде жиналады, жиі сүт бездері аймағында май тінінің артық дамуы байқалады, ақ және ақшыл қызғылт жолақтар түзіледі.
Майдың таралуына байланысты семіздік төмендегідей болуы мүмкін:
- абдоминалды («жоғарғы типті семіздік», «андроидты»)
- бөксе-санды («төменгі типті», «гиноидті семіздік»)
Бірінші жағдайда май кеуде де және іш куысында басым жиналады, ал гиноидты түрінде – бөкседе және санында жиналады.
Семіздіктен арылудың бірден бір жолы ол дене жаттығулары. Мектепке дейіңгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, жүйкелік-психологиялық дамуы қалыптаса түскен кезі. Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау іс-шаралары кешенді де жүйелі жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алады.
Семіздіктік алдын алу жаттығулары
Буындар гимнастикасы
- Тізені жоғары көтеріп жүру.
- Аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтын сыртымен, аяқтың ішімен жүреміз.
- Бастапқы қалып: арқасына сүйеніп, орындықта отырады. Жылдам ішімізді тартамыз, бастапқы қалыпқа келеміз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол белде. Басты сағат тіліне қарай, сағат тіліне қарсы бағытқа қарай айналдырамыз (мойынның зақымдануын болдырмас үшін басты арқа қарай қатты созбаймыз).
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол белде. Иықты артқа қарай, алдыға қарай айналдырамыз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол иықта. Иықты артқа қарай, алдыға қарай айналдырамыз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол төменге түсірулі. Қолымызды артқа қарай, алдыға қарай айналдырамыз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол екі жақа созылған және шықтақ тұсынан иілген. Оң қол мен сол қолдың білектерін қарама қарсы бағытта, ішке қарай, сыртқа қарай айналдырамыз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, оң қол мен сол қолдың саусақтары айқасқан. Білекті ішке қарай, сыртқа қарай айналдырамыз
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол белде. Жамбас орнында, денені оңға және солға қозғалтамыз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол белде. Кеудені алға және артқа қозғалтамыз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол белде. Кеудені сағат тіліне қарай және сағат тіліне қарсы бағытқа қарай айналдырамыз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол белде. Жамбасты оңға және солға қозғалтамыз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол белде. Жамбасты алға және артқа қозғалтамыз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол белде. Жамбасты сағат тіліне қарай, сағат тіліне қарсы бағытқа қарай айналдырамыз.
- Бастапқы қалып: аяқ қосулы, алақан тізеде. Тізені сағат тіліне қарай, сағат тіліне қарсы бағытқа қарай айналдырамыз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол белде. Оң аяқтың ұшын, сосын сол аяқтың ұшын оңға қарай және солға қарай айналдырамыз.
Жеңіл созылу гимнастикасы
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол белде. Оң қолды жоғары көтеріп солға қарай иілеміз, сол қолды жоғары көтеріп оңға қарай иілеміз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол белде. Оң қолды жоғары көтеріп солға қарай иілеміз, солға денемізді бұрамыз және төменге солдан оңға қарай иіліп бастапқы қалпымызға келеміз. Сол қолды жоғары көтеріп оңға қарай иілеміз, оңға денемізді бұрамыз және төменге оңнан солға қарай иіліп бастапқы қалпымызға келеміз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, оң қол мен сол қолдың саусақтары айқасқан, алақан сыртқа қараған. Екі қолымызды жоғары көтеріп созамыз, кеуде тұсына көтеріп созамыз, төменге иіліп созамыз және бастапқы қалыпқа ораламыз.
- Бастапқы қалып: сол аяқ иық тұсында, оң аяқ оңға қараған және иық тұсынан алшақтау, қол белде. Денемізді оңға бұрып, төменге иілеміз және бастапқы қалыпқа келеміз. Бастапқы қалып: оң аяқ иық тұсында, сол аяқ солға қараған және иық тұсынан алшақтау, қол белде. Денемізді солға бұрып, төменге иілеміз және бастапқы қалыпқа келеміз.
Күш жаттығулары
- Бастапқы қлып: аяқ иық тұсында, қол белде. Қолымызды алдыға кеуде тұсына көтеріп отырамыз және бастапқы қалыпқа келеміз.
- Бастапқы қалып: аяқ иық тұсында, қол белде. Оң аяқпен бір адым жасаймыз, отырамыз және бастапқы қалыпқа келеміз.
Тыныс алу жаттығуы
- Қолды ақырын жоғары дем алып көтереміз және дем шығарып тез түсіреміз.
Жаттығуды жасау кезіндегі қайталау реті балалардың жас ерекшеліктеріне қарай (5-10 рет) жасалады.
Семіздікке шалдыққан балаларға арналған жаттығулар кешенінің нұсқалары
(буын гимнастикасы мен жеғіл созылу гимнастикасы семіздіктің алдын алу жаттығуларында көрсетілген)
Күш жаттығулары
- Бастапқы қалып: еденде жатып, қолымызды жанымызға созамыз. Аяқты жоғары тез көтереміз, ақырын түсіреміз.
- Бастапқы қалып: еденде жатып, қолымызды басымызға қоямыз. Аяқты жоғары көтеріпғ ақырын түсіреміз.
- Бастапқы қалып: аяқ арасы алшақ, еденде отырамыз. алдымызға қарай еңкейеміз, қолымызбен аяқтың ұшына жетеміз, бастапқы қалыпқа келеміз.
- Бастапқы қалып: ішімізге жеңіл зат қойып, арқамызбен жатамыз. Дем алу кезінде ішімізді ісіріп, затты көтереміз, дем шығарып бастапқы қалыпқа келеміз.
- Басапқы қалып: төрт тағанда тұрамыз. Оң аяқпен сол қолды көтереміз, бастапқы қалыпқа келеміз, сол аяқпен оң қолды көтереміз, бастапқы қалыпқа келеміз.
- Бастапқы қалып: қолымызды алға созып, тізерлеп отырамыз. Қолдың көмегінсіз, қолды қарама-қарсы созып, оң және сол жағымызға отырамыз, бастапқы қалыпқа келеміз.
- Бастапқы қалып: қолымыз тура, ішпен жатамыз. Қолымызңа сүйеніп, кеудемізді көтереміз және созыламыз, бастапқы қалыпқа келеміз.
- Бастапқы қалып: гимнастикалық қабырғаға жанымызбен тұрамыз. Бір қолымызбен ұстап, аяғымызды алға, артқа, жанымызға сермеймізғ бастапқы қалыпқа келеміз.
- Бастапқы қалып: аяғымыз иықтан алшақ. Алға қарай иіліп, оң қолмен сол аяқтың ұшына, сол қолымызбен оң аяқтың ұшына тигіземіз.
- Бастапқы қалып: аяғымыз иықтан алшақ, қолымыз жоғарыда. Денемізді сағат тіліне қарай, сағат тіліне қарсы бағытқа қарай айналдырамыз.
Тыныс алу жаттығуы
- Қолды ақырын жоғары дем алып көтереміз және дем шығарып тез түсіреміз.
Жаттығуды жасау кезіндегі қайталау реті балалардың жас ерекшеліктеріне қарай және семіздіктің дәрежесіне қарай (5-10 рет) жасалады.
Жоғарыда көрсетілген жаттығулар дұрыс диеталық тағамдану, толыққанды ұйқымен күн тәртібін қатаң сақтағанда тиімді түрде нәтиже береді.