Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI71

Бақыттың аралы – балабақша!

     Күн сайын таңертең қалалар мен ауылдарда балабақшаларда балалардың базары басталады. Базар деп отырғанымыз тегіннен-тегін емес. Себебі, қазақта «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген сөз бар. Балабақша – балалардың қалыптасу ортасы, тәлім-тәрбие алар бастауы. Олардың ішінде біздің балабақша да бар, ол – Қарағанды облысы Абай ауданы «Топар кенті әкімінің аппараты» ММ-нің «Айналайын» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны. Мекеме 1962 жылы тұрғызылған екен, міне содан бері әкелері мен шешелері балаларын, аталары мен әжелері немерелерін осы балабақшаға әкеледі, мұндағы 5 топта 125-тен астам бала көңілді, қызықты күндерін өткізеді. Балдырғандарды жылы жүректі, аялы алақанды 32 қызметкер күтеді, оның iшiнде 14 педагог тiкiлей  тәрбиелейді, білім береді. 

      Балабақша қызметкерлері үшін бастысы – осындағы балалар күтімі. Олар әр баланың жүрегіне жол таба біледі. Өйткені, балалар – адамзаттың ертеңі, ата-ананың үміті, болашағы. Балалар әлемінен артық ештеңе жоғы анық емес пе?! Біздің ұжым осыны түсінеді, өз тәрбиеленушілерін тәрбиелеуде өз рөлін  атқара біледі. Көп күш, шығармашылық, жүрекжардылықты арнайды. Соның арқасында ғана балабақшада жылулық пен береке орнайды. 

     Балабақшаның әр күні жаңалыққа толы. Балдырғандар өз дамуы үшін бар мүмкіндікке ие. Олай дейтініміз – балабақша «Мектеп жасына дейінгі балаларды ТРИЗ технологиясы арқылы дамыту» бағытында жұмыс атқарады. Бұл технология әр түрлі интелектуалды тапсырмалардан, қызықты жаттығулардан тұрады. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең тиімді құрал болып табылады. Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту назарға алынады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3 негізгі мақсат қарастырылған. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту, айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету. ТРИЗ-дің мақсаты – шынайылықты түсініп, жүйелі ойлауға, өзін-өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды ойынға, әрекетке жұмылдыру жүйесі деуге болады. Оның астарында адамгершілік идея жатыр, ол педагогтердің балаларға сүйіспеншілігінен, еркін қалыптасуына жағдай жасауынан көрініс табады. Анығырақ айтқанда, педагогтер топтардағы әр күнді көңілді ойындармен, іс-әрекеттермен, идеялармен толтырады, әр баланың мазмұндық әрекетке қосылуын қамтамасыз етеді, қатарластарымен, ересектермен өзара коммуникативтік қарым-қатынас жасай білулеріне жағдай жасайды.

     Педагогтер біліктілік пен кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейіне ие, әрдайым шығармашылық ізденіс үстінде, халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық шараларға қатысады. Мәселен, өзім, Акжарова Айсулу Калиевна «Қиял әлеміне саяхат», «22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні» республикалық байқауларына балаларды дайындап, І дәрежелі дипломмен марапатталсам, Зеитова Меруерт Амантаевна республикалық көркем-білім орталығымен бірлескен жұмыста «Сұлу көктем»,   «Табиғат – таңғажайып әлемі», «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні», «22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні» сияқты мерекелік іс-шараларда диплом, алғыс хаттармен марапатталды. Бохаева Фариза Мерекеевна болса, балаларды «Отбасы портреті» республикалық шығармашылық конкурсына қатыстырып, алғыс хатқа ие болды. Керимкулова Меруерт Бахытжановна, Скоркина Надежда Владиславна «Ұлы Жеңіс» республикалық конкурсына, Танкебаева Сания Жокановна «Үркер» республикалық марафонына, Сейфульгазина Гульнур Оралканкызы «Шабыт-2019», «Жеңіс алауы» конкурстарына балаларды дайындағандары үшін дипломмен марапатталды. Балабақша бүлдіршіндері халықаралық конкурстардың бірі «Пониге» тұрақты түрде қатысып отырады. Сол сияқты балабақша мамандары БАҚ, семинар, вебинар, конференция, т.б. іс-шараларға  қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тәжірибе алмасып отырады. Оған дәлел, Бохаева Фариза Мерекеевна мен Танкебаева Сания Жокановна «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу газеті. Аймақтағы білім беру» басылымына мақалаларын жариялап, Абдулина Диана Рашидовна «Мектепке дейінгі жастағы балалардың білімін дараландыру» тақырыбындағы вебинарға қатысып, сертификаттарға ие болды. 

Балабақша – баланың екінші үйі. Сондықтан осы үйдің мейірімге, жарыққа, үйлесімге толы болғанын қалаймыз, соған жағдай жасаймыз. Кез келген мектепке дейінгі мекеме басшысы тәрбие, білім беру жағдайында оған қатысушылардың даму іс-әрекетін басшылыққа алғаны жөн. 8 жыл бұрын балабақшада басшы болып қызмет атқара бастағанда тәрбиеші көмекшілеріне мейірімді, қамқоршы болу жеткілікті деп есептеген едім. Жоқ, ол жеткіліксіз екен, қазіргі тәрбиеші көмекшілері жоғарыда аталған қасиеттермен шектеліп қалмайды, олар да білім беру-тәрбиелеу процестеріне белсене қатысады. Себебі, балабақша қызметкерлері үшін қарым-қатынас жасау қабілеті, қарым-қатынас мәдениеті, ашықтық, парасаттылық сияқты қасиеттер өте маңызды. Педагогтармен бірге олар  дамытушы пәндік-кеңістіктік ортаны жабдықтауға белсенді қатысады: ойындар мен перделерге арналған атрибуттарды тігеді, ойын учаскесін көгалдандыру үшін гүлдер мен көшеттер өсіреді, аквариумға күтім жасайды, дидактикалық құралдар дайындайды және т.б.

     Кез келген білім беру мекемесінде педагог қызметкерлермен үлкен әдістемелік жұмыстар атқарылады. Педагогтермен жұмыс барысында интербелсенді әдістер, АКТ пайдаланылады. Ол дегеніміз – тренингтер, дөңгелек үстелдер, миға шабуыл әдістері, семинарлар, т.б. Мұндай жұмыстар қызықты, мазмұнды өтеді. Жас мамандардың алға ілгерілеулеріне баспалдақ болады. Біздің балабақшада кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастыру дәстүрі бар. Байқау қатысушылар тарапынан да, ұжымның басқа да мүшелері тарапынан да ұжымға қызығушылық тудырады. Байқау сынақтары оң қарым-қатынасқа, ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылыққа арналған. Байқау сынақтары барысында қызметкерлер тапқырлық, қиял, креативтілік танытады, кәсіби білімін, жеке қызығушылығы мен шеберліктерін көрсетеді. Байқауға ата-аналар шақырылып, конкурсқа қатысушыларды қолдайды, ал педагогтар болса, ерекше белсенділік танытады.  Ұжымдағы қолайлы ахуал – табыс кепілі. Барлығы жалпы міндетті түсініп, мәселелерді бірлесіп шешеді. Шағын қалада, барлығы бір-бірін білгенде, ұжымның әрбір мүшесінің ұстанымы ұйымның рейтингісіне әсер етеді. Балабақша қызметкерлерінің (көбінесе қызмет көрсетуші персоналдың) корпоративтік мәдениетін қалыптастыру мақсатында әр түрлі іс-шаралар: музыкалық-поэтикалық кездесулер, денсаулық күндері, Ұлыстың ұлы күні, телеспектакльдерді тамашалау, театрға, спорт кешендеріне бірлесіп бару және т.б. жақсы дәстүрге айналған. Бұл ұжымның жалпы мәдениетін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді. Жоғарыда аталған жұмыстар қиындық тудырмайды. Қайта басшы ретінде маған өз қызметкерлерімді, олардың мүдделерін, бейімділігі мен мүмкіндіктерін білуге, белсенді ұстанымды қолдау және ынталандыруға мүмкіндік береді. Сөз соңында айтарым, кәсібімізден береке көріп, рухани ләззат алып, жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде қолдан келер мүмкіндіктерімізден аянып қалмайық!

248 2
Айсулу Акжарова, «Топар кенті әкімінің аппараты» ММ-нің «Айналайын» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директоры Қарағанды облысы, Абай ауданы Ұлы дала ұстазы № 000031
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Фариза
11 сентября 2021 10:36
Иә, балабақшада өте кызыкты, кайнаган омир. Педагогтарды ынталандыру,мотивация беру ең алдымен директордан басталады. Балабақшанын жетістіктері де , материалдық жағдайы басшысына байланысты. Балабакшаларымыз жабылмай, іші толған бала болсын. Балаларымыз жаксы жетістіктер көрсете берсин.
Салтанат
Салтанат
24 ноября 2021 19:54
Балабақша - балаға бақыт пен қуаныш сыйлайтын мекеме болғандықтан ондағы қызметкерлердің де жауапкершілігі өте жоғары. Еңбектеріңізге табыс тілейміз!