«Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» деп Ахмет Байтұрсынұлы тілге тиек еткендей еліміздегі әрбір мектеп бітіруші жастың жоғары оқу орнына түсуі - стратегиялық маңызы бар мәселе екені даусыз. Бұл - халық болашағының тағдырын шешу десек те артық етпес. Қазіргі таңда жастардың білім сапасын анықтау мен саралауда түрлі тест тапсырмалары пайдаланылады. «Тест» деген ұғымның өзі ағылшынның «test-сынақ, тексеру» деген сөзінен шыққан. Әлемдік білім беру жүйесінде тест тапсырмаларын алғаш рет француз психологы А.Бине 1904 жылы ойлау қабілеті төмен оқушыларға қолданған. Кейінірек осы әдістеме негізінде АҚШ-тың Стенфорд университетінің оқытушылары адамның ойлау қабілетінің деңгейін анықтайтын IQ тестін жасады. Аталған тест түрі осы күнге дейін дүниежүзі халықтарында кеңінен қолданылып келеді. Содан бері тесттің сан алуан түрлері жасалынып, қолданысқа енгізілді. Осындай тест түрлерінің бірі Ұлттық бірыңғай тестілеу жайлы айта өтейін.
Ұлттық бірыңғай тестілеу - Республикамыздағы мектеп бітірушілердің білімін сынау. Мектепті бітіріп, әртүрлі мамандықтың тізгінін ұстайтын жастардың 11 жылдық білімін сынап, саралайтын кезең, үлкен өмірге жасалған алғашқы қадамы. ҰБТ технологиясы дамыған шет елдердің білім беру саласындағы озық тәжірибелерінен іріктеліп алынды. ҰБТ-ның мақсаты - мектеп бітіруші түлектер арасынан жоғары оқу орнына түсе алатындай ең білімділерін объективті түрде іріктеу. Ұлттық бірыңғай тестілеу сипаты негізінен, 5 пән бойынша өткізіледі. Олардың 3-і міндетті пән болса, қалған 2-і таңдаған мамандыққа байланысты бейінді пән.
1.Оқу сауаттылығы-20 сұрақ
2. Математикалық сауаттылық-15 сұрақ
3. Қазақтсан тарихы-15 сұрақ
4. 2 бейінді пәннің әрқайсысы 30 сұрақтан тұрады. Алғашқы 30 сұрақта бес жауап нұсқасының біреуін таңдайды және соңғы 10 сұрағында бірнеше жауап нұсқасынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдайды. Осылайша жалпы, 45 балл жинай алу мүмкіндігіне ие болады. Барлығы 130 сұрақ, максималды балл-140.
ҰБТ оқушыдан ақыл - ойдың сергектігі мен жинақылығын, сондай-ақ тынымсыз жүйелі еңбегін талап етеді. Ұлттық бірыңғай тестілеуде ойдағыдай нәтиже көрсету үшін оқушы бойында білім-ғылымға деген құштарлық, жігерлі сілкініс болуы керек. Оқушы ҰБТ-ның қатаң ережелеріне бағынып, өзін-өзі үздіксіз қамшылап отыруы қажет. ҰБТ белгілі бір шектеулі уақытта өтеді. Уақыт шектеулігінің болуы оқуышыларды өзге дүниеге алаңдамай, тек берілген тапсырмаға ден қоюға итермелейді. Тесттегі әрбір минутының бағалы екенін түсініп, уақытты тек өзі үшін ғана тиімді пайдалана біледі. Яғни, оқушы тынымсыз еңбектенсе ғана жоғары нәтижеге қол жеткізіп, өз білімін дәлеледей алады. Тестке дайындау бараысында тек баланың білім сапасын жетілдіру жеткіліксіз, оны психологиялық және рухани тұрғыдан дайындау қажет. Оқушыларға тестке қалай кіруді, онда қалай отырып, өзін-өзі қалай ұстауды, бар күш-қуатын бір нүктеге бағыттай білуді, күтпеген кедергілерді сабырлықпен жеңе білуді үйрету керек.
Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша мектебіміз жоғары нәтиежелерге қол жеткізе алды.Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, №56 орта мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылында бітіруші 11-сынып оқушылары саны-14, оның 8-і ҰБТ-ге қатысып, оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп, ортақ балл-87% болды. Бітіруші 14 түлектің 10-ы жоғары оқу орнына түсті, оның 7-і грант иегері, 1 оқушы әкім грантына ілінді.
2019-2020 оқу жылында бітіруші 11-сынып оқушылары саны-16, оның 12-і ҰБТ-ге қатысып,оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп, ортақ балл-83% болды. Бітіруші 16 түлектің 9-ы жоғары оқу орнына түсті, оның 5-і мемлекеттік грант иегері болды.
2020-2021 оқу жылында бітіруші 11-сынып оқушылары саны-15, оның 14-і ҰБТ-ге қатысып, оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп, ортақ балл-80% болды. Бітіруші 15 түлектің 14-ы жоғары оқу орнына түсті, оның 8-і грант иегері, 1 оқушы денсаулығына байланысты жұмысқа орналасты.
Биылғы оқу жылында Абиламит Айсана және Исламхан Ақбота деген екі оқушымыз Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау мамандығына оқуға түсті. Пән мұғалімі Бимурзаева Баян. Жұмаділлә Ақерке деген оқушы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне математика-информатика мамандығы бойынша оқуға түсті. Пән мұғалімі Ж.Зарерова. Тұрар Айгерім Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлау мамандығы бойынша оқуға түсті. Пән мұғалімі Утеева Дана. Әмірбек Эльнура мен Шамсудин Ақерке Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті кадастр, Нұрмағанбет Ерасыл.Қ.Сәтбаев атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қала құрылысы мамандығына оқуға түсті.
Оразбек Бекзат Қарағанды техникалық университетінің Электро-энергетика мамандығына оқуға түсті. 11-сынып оқушыларын ҰБТ дайындаған пән мұғалімдері Ж.Тоқсанбаева, К.Жүнісова, Ф. Абилкасымова, С.Шертекова.
Сөзімді қорытындылайтын болсам, елімізде жыл сайын өткізіліп жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеу, басқа да ұйымдастырылып жатқан шаралар нағыз білімді жастарға жол ашу мақсатында жасалған дүниелер екеніне еш күмән келтірмеуіміз керек. Осы тұста оқушыларға айтарым, алдыңа кітапты ашып, қолыңа қалам алған кезде қиялың сан-саққа жүгірмей, білімге деген ниетің таза, сенімің селкеусіз, талабың таудай болсын. Сонда ғана шыға алмас шың, алынбайтын асу болмақ емес!