Осыдан отыз жыл бұрын КСРО құрамындағы елдердің қатарында мақсаты, болашаққа құрған жоспары мүлдем басқа ел едік. Ал қәзір сол мақсат-мүддеміз тіпті басқа арнаға жол тартты десем қателеспеген болар едім. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдына жеке мемлекет болып жатқанда Қазақстан да қапы қалмады. Осы бір тарихи сәт біздің ата-бабамыз, тәуелсіздік үшін жанын қиған қандастарымыздың орындалмас арманы еді. Шет елдермен тереземіз теңесіп, бүгінде жеке дара мемлекетпіз. Осы бір айтулы күннің қалай тойланатыны және болашақ ұрпақтарымызға бұл күннің мәңгі жадында сақталып қалу үшін қаншалықты маңызды екендігі әркімді болсын толғандырары анық. Тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік мерекесі желтоқсан айының 16 және 17 жұлдызында аталып өтілетіні бәрімізге айқын. Республика бойынша еліміздің әр қаласында айтулы мереке орын алады. Ия, жыл сайынғы от шашулар мен мерекелік жиындарға үйреніп қалған біздің халық үшін тәуелсіздігіміздің отыз жылдығын басқаша атап өту тосыннан болды десекте болады. Арине біз ол үшін ешкімге шағымдана алмаймыз.
Еліміздегі қазіргі ахуал мемлекеттік қаржыны жан-жаққа шашатын жағдайда емес екенімізді президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей. Қазіргі пандемияның салдарынан мерекенің ойдағыдай болмағаны өкініш емес. Өкініштісі осы жағдайымыздың тым ұзаққа созылуы. Алайда Елбасымыз бізге демеу болып, осы күнде бірге еңсерейік деп рухани күш-жігер беруінің өзі халыққа үлкен демеу болды деп білемін. Тәуелсіздік күні отыз жылдығымызға отыз от шашу атпасақта, елдігіміз бұзылмай, осынау қиын сәтте бір-бірімізге демеу болуымыз үлкен жетістіктің белгісі. Отыз жыл толуымызға көптеген атаулы дата тұспа-тұс келіп отыр,оларды атап өтпеу мүмкін емес. Еске түсірер болсам: Жыр алыбы Жамбылдың -175 , Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155, күш атасы Қажымұқанның - 150 жылдығы және т.б. мерейлі күндер тоғысты. Осылардың әрбірі біз үшін айтулы мереке. Әрқайсысынан алар өнегеміз бен тәрбиеміз жетерлік. Тәуелсіздік үшін жырларын жаңбырша төккен Жамбыл. Қазағым, алашым, жұртым деп соңғы жанын беруге дайын болған Әлихан Бөкейханов. Бұл тұлғалардың еңбегі ерен, ұмытылуы мүмкін еместі.
Мерекенің қайырлы болуы үшін атқарылған жақсылықтарда аз емес. Тәуелсіздік –ол ең қастерлі де, қасиетті ұғым. Бұл күнгі мерекеде осы күнімізге Аллаға шүкір айтып бір күн ораза ұстағанда артықтық етпейді. Қандастарымызға жасалған жақсылықтардың барлығы дерлік теледидарлар мен радио хабарларында айтылмағынамен біз білмейтіндері қаншама? Атап айтар болсақ, осы мереке қарсаңында Қостанай обылысындағы «Марал ишан» мешітінің бастамасымен қайрымдылық шаралары ұйымдастырылғаны. Сонымен қатар Қостанай обылысындағы филалдардың мешіт қызыметкерлері және облыс көлеміндегі дін жанашырлары 57 мұсылман донор болып қан тапсырғандығы. Осының барлығы келер ұрпағызымызға бұл күннің маңыздылығын ұғындырары сөзсіз. Тәуелсіздік мерекесін осындай жақсылықтармен толтыру бізідің қазақ халқының қанына сіңген қасиет деп мақтана аламын.
Елбасымыздың осы мерекені тиімді әрі еліміз үшін пайдалы өтуін қамтамассыз етті десек артықтық етпейді. «Жастарға» деген ерекше үндеуі әрбір қазақ азаматының кеудесін оятқаны сөзсіз. Елбасымыз «Елде не жасалса да, бәрі болашақ ұрпақ үшін жасалуы тиіс»-, деген жарлығы бекер айтылмаса керек. Еліміздің өркендеп ,дамуына жастардың ықпалы өте зор. Жастардың дамуы, олардың елімізде өтіп жатқан барлық жоба, кеңестерден хабары болу керектігі жөнінде Елбасымыз баса айтқан болатын. «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты біртұтас ұлттық жоба ұйымдастырылғаны туралыда хабардар етті. Бұл жобаның алда атқарар міндеті орасан зор деген сенімдемін.
Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, еліміздің тыныш, жұртымыздың аман болуы үшін, қазақ айтқандай, «Бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығаратын» кез екенін естен шығармауымыз керек. Тәуелсіздік - ол бізге берілген үлкен сый. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз».