Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI698

Маңғыстау туған мекенім!!!

Сабақтың  тақырыбы : Маңғыстау туған мекенім!!!                                             
 
Сабақтың мақсаты : Туған өлкенің мұнай мен газдан да басқа  тек  пайдалы

қазбаларға ғана емес ,  сонымен қатар  осы аумақта өмір сүрген қазақтардың  тарихына бай екендігіне оқушылардың көзін жеткізу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлке тарихына оқушылардың қызығушылығын  арттыру.

 

Сабақтың көрнекілігі: буклеттер, кітаптар көрмесі , слайд (презинтация)

 

Сабақтың барысы :

 

  1. Пай! Пай! Киелі неткен жер!

                     Батырлар дүбірлеп өткен жер !

 

Тұлпарлар дүбірлеп өткен жер !

Ғашықтар бірін-бірі өпкен жер!

Сарылып  сал-серілер  кеткен жер!

Бас иіп, иіскеп  топырағына

Тағзым етпей өтпеңдер

Маңғыстау . . . Бұл атауды  естігенде  соңғы кездері  көп адамдардың  санасында ашылып , игеріліп жатқан  мұнай мен газ кен орындары ғана тұрады . Ал, осынау  ежелгі мекен  тек пайдалы  қазбаларға ғана емес , сонымен  қатар  осы аумақта өмір сүрген  Кіші жүз қазақтарының тарихына да бай.

Біз бүгінгі «Маңғыстау туған мекенім!!!»  атты тәрбие  сағатымызда , өлкенің  еркін дала аптап жартылай шөлдің  , ежелгі  таулар мен  ойпаттарды , сорлар  мен әсем  борлы жартастардың өлкесі екендігін , тарихи ескерткіштер мен аңыздарға бай өлке екендігін айтып өтеміз.

  «Пірі- Бекет, жырым-зекет» Сабыр Адай

 

Қайран елдің қабағында мұңы бар,

Перзент керек жан  жарасын жазатын.

Ей, қарағым бұл сөзімді ұғып ал :

Онсыз енді, күнің- тозақ, аза-түн.

 

Ай  тербеген  аспан еді-бесігім,

«Іңгәлаған» ұлтым қайда, ұланым!

Құлағымнан кетпей қойды есіл үн,

«Бұрынғыдан сәл өзгерек бұл әнім»

 

Жылап айсам , көз жасыма  тұншығып ,-

Өртер  ме екен өзегіңді жалыным?

Қауыз жарды өлең атты-бүр шыбық,

Самал желмен , сар  даланың зарымын.

 

Пірім-Бекет, жырым-Зекет тараттым,

Жүрегіңде , орын бар ма , мөлдірім?

Жыр-астарын, жатыр дейсің , қарап кім ?

Бекіреден  жұлдыз шашып , өлді күн.

 

 Бекет қолдап , Әулиелер дем бермей ,

Біздің ұрпақ қайран қылып жарытпас .

Жерден- Мәді, көктен – Айса келгендей ,-

Сордан құтқар ?!..Сорлы  елді алып қаш!

 

Жаным Бекет , не  айтайын , Пір Бабам!

Қолтығымнан өзің деме , намыс бер !

Ұлы көште Ұлт бақытын ұрлаған,

Сол қарақшы , қалтаманшыл «Таныс Төр!..»

 

  1. Бекет атаның мешіттерінің саны төртеу. Біріншісі-Оғаландыда, екіншісі – Ескі Бейнеуде, үшіншісі-Жем өзені бойнда Ақмешітте , төртіншісі- Арал теізіні жағасындағы Баялыда .

Бекет Мырзағұлұлы – Маңғыстау , Үстірт , Атырауды  мекендеген  адай тегінен шыққан . Туған жері қазіргі Атырау   обылысының Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылы , Жас кезінде  қолына қару алып , көршілес қалмақ,  түрікмен  тайпаларымен шайқасып , халқының  егемендігін қорғаған Бекет батырлығын  танытып , ел аузында «Ер Бекет» атанады.

Бекет Ата Қарақия ауданы , Оғланды  жеріндегі  жерасты  мешітінде жерленген.

 Көрніс : «Бекет ата»

 

  1. ОТПАН ТАУ- тарихи – мәдени кешен , кесене . 2007 жылы 25-қазанда ашылды. Кешен Сабыр Адайдың  бастамасымен 2004 жылы  қолға алынған . Әулиелі  кешен жобасына  байқау жарияланып , оған бірнеше  үміткерлер  қатысты ; сарапшылар  ұйғарымымен К. Демесіновтың  жобасы  бойынша  Отпантаудың  басына салынған  12 құлпытас  ортасынан  қос күмбез көтеріліп , ол алтынмен апталады.  Үш құпытастың  ортасындағысының  қас беті  алтын әріппен «АДАЙ АТА » деп жазылады.

  «Отпан» Сабыр Адай

Қадіріңді Хақ білер,

Халалдан болған Ақ білер ,

Ақ білмесе , жат білер.

Қаратауда-

Қалың Ел

Ұрандап алау жақты дер.

«Адай» деген бір сөзге

Алтынан күмбез салдырып,

Арулап белгі қалдырып,

Аспанға моншақ  тақты дер.

Бала тілек- бал қылық ,

Баба тірек – арлы үміт.

Көк төрінен нұр ұрттап,

Көкбөрісін ұлықтап,

Қыранш қанат қақты дер,

Батасы бірге Алашты,

Атасы бірге Алшынды

Отпан таудың басында ,

Адайдың ұлы асында,

Ордалы жұрт  күтті дер.

 «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» әнін орындайды.

 «Маңғыстау» Сайын Назарбекұлы

 

 Көз суарар ну да жоқ есің кетіп ,

Мәуеде жоқ талмайтын  несіп етіп .

Ғажап …қалай  таңдаған  әулиелер-

Маңғыстауды мәңгілік бесік етіп ?…

 

Болды ма екен нәрлілеу дәмі бөлек?

Әлде аққулар  арманды әнін елеп?-

Риза ма қу шөлді қорғады деп,

Батыр елді  жатыр ма желеп-жебеп?…

 

Тапшы жусан күймеген  көні бір түп,

Жаның жар , Маңғыстау , тәнің тыртық .

Сан ғасырлар  ет жыртып , тер төккенмен,

Аруыңның иіні әлі жыртық .

        

  1. Маңғыстау өлкесі өткен ғасырларды әртүрлі құрамды  болып, дәстүрлі көшпелі шаруашылық- әкімшілік бөліктрге бөлінген.

Бұл күндері Маңғыстау  облысы  әкімшілік  жағынан екі қалалық мәслихатқа  және төрт әкімшілік  ауданға бөлінеді:

  1. Ақтау қаласы ;
  2. Жаңаөзен қаласы
  3. Бейнеу ауданы
  4. Қарақия ауданы
  5. Түпқараған ауданы
  6. Маңғыстау ауданы

   «Жер атауы-шежірем» Айтуар Өтегенов.

                                      Шыңылаулар, қосемшекі шоқылар,

Аттарыңнан  талай сырлар оқылар..

Тамшалы-

Жаным сенің бал дәміңді аңсады.

Өрмелі-

Үстіртімнің әдіптелген өрнегі.

Өгесем –

Көкейімнен кетпей жүрсің неге сен?

Оғыладым-

Келмейді  уыз қасиетімді  төгіп алғым,

Бекет-Ата мекені киелі жер .

Сенен тілер іздеген жоғын әркім.

Таушығым-

Сазы бөлек дауысыңның.

Күйкеұшқан, Манашы –

Өткенімнің сүртілмеген санасы .

Айрақты-

Ұмытам ба сендей шерлі аймақты .

Ер Қонайдың үйігі –

Кірлетпейтін намысымның  биігі .

Бейнеуім, Сам құмым –

Жібек жолы даңғылым.

Тас астау, Қайнарым,

Сарқасқа , Тайланым-

Қызып ішер қымызым , қаймағым.

«Қырғыным»-

Жүректе жазылмас бір мұңым.

 

Қаражар, Қазыбек-

Қаласың жанымның еркесі назы боп.

Ақмешіт,

Ақкиізтоғайым –

Сендерсіз жоқ күнім, жоқ айым …

Керек пе , бәріңе бұлақ боп ағайын,

Керек пе ,  бәріңе  жүрек боп соғайын !..

Назерке мен Аяулым :би «Адай күйі»

 

Ақжарқын  :

  1. Тарихи ескерткіштер – ел мұрасы , оны зерттеу , келешек ұрпаққа  сол қалпында жеткізе білу- біздің басты  мақсатымыз. Өткенімізді, өткен  тарихымызды , шындықты тек ескерткіштер арқылы дәлелдейміз. Олар  бірден – бір заттай деректер . Ондай ескерткіштер  сөйлете  алсаң тіл бітеді.  Осы орайда Шоқан Уәлихановтың қазақ  елінің ертедегі тарихы туралы  ерекше толғанып , көрегендік ой  айтқаны еске түседі. «Қазақ  молалары мен көне ескерткіштері» атты мақаласында «Сахараның  өн бойында  көптеген  көне әрі  жаңа молалар , қорғандар мен үйінділер  және тағы басқалары  бытырап жатыр. Қазақ тұрмысының  бұл тілсіз  ескерткіштері тарихи тұрғыдан  өте маңызды» деп жазған еді.

Өлкеміздің  мәдениеті мен тарихыда  адам таңқаларлықтай  Маңғыстау түбегі мен  Үстіртті археологиялық  қорық , ашық аспан астындағы  мұражай деп тегін айтпаған, мұнда тарих пен  мәдениеттің  бірнеше мыңдаған  ескерткіштері табылды . Оларды  халықтың тағдыры , оның эстетикалық талғамы  мен дүниетанымы  көрініс  тапқан.

    Ұланғайыр  қазақ сахарасының бір пұшпағы – Мағыстау  талай сырлар мен құпиялады  қойнына жасырған киелі өлке. Бұл  өлке сонау  пұтқа табынушы  замандардан бастап  үлкен киелі  орындар бар жер . Ежелгі  адам ұрпағының  ұшырасқан  жері кәрі Каспий  төңірегі  іспетті.

    Сондықтан  біздің килелі өлкемізде  киелі орындар жетіп артылады. «360 әулиелі Маңғыстау»  деп аталғанымен  ондаған мың әулие  қоныс тепкені анық . Ғалымдар  мен археологтардың  ұзын саны жиырма мыңдай  археологиялық  және сәулет өнері ескерткіштері  бар,  соның 10 мыңдайы  қорғауға алынғанын айтады. Шындығында да  Маңғыстаудың  ойы мен қырын  ерінбей  аралап көріңіз, 20 мыңнан да көп  сәулет ескерткіштерін  тауып алуға болады.

 

«Түрікмен күйі» күйді орындайды.

  «Маңғыстау» Сабыр Адай

Маңғыстау , қойтастарың-жүрегімдей,

Мұнарың- жалы  жалын күреңімдей .

Аспанның – Адайлардың көкірегі ,

Құс жолы – Көкмойнақтың  шідеріндей.

 

Бөленген бөктерлерің – бөбегімдей,

Қақтарың- қас айғырдың  төбеліндей.

Самалың- сағыныш пен мұңға толы ,

Қалнияз, Қайыптардың өлеңіндей.

 

Қуансаң сен бақыттың  кіндігіндей ,

Қайғырсаң , көтере алмас  піл бүгілмей .

Басынан  бұлт  кетпейді Манатаның  ,

Арудың ашылмаған  түндігіндей.

 

Арқары – Алтын Орда  Төресіндей,

Құйыны – шыр айналған  жер өсіндей.

Түрікмендер өз қолымен  тұздап кеткен ,

Сорлары ақшораның денесіндей.

 

Бекетім- құдайымның  арысындай ,

Жасылы – ерлерімнің намысындай .

Әйтуір , Мен білетін Маңғыстаудың,

Иті де – басқалардың барысындай .

        

 Қорытынды:

 

  1. Әбіш Кекілбайұлы ағамыз : «Жасаған ие  құлазыған  құла дүзді  былайғы дүниені  шектен  шыға таңдандыру үшін  жаратқандай . Қиялда  ғана болатындай  қиян  өлкеге  көкте самғамасаң , жер бетімен ,  жер бетімен  жылжып , ғұмыр  жете алмайтындайсың.

          Бір қызығы , оның  бойынан Алтайдан Атырауға  дейін  көсіліп  жатқан  қазақ даласына  тән  қай қасиет , қай сипаттың  бәрін де  табасың . Тіпті , қазақ даласында  бұдан басқа  ұшыраса қоймайтын  ерекше нысандар  да көзге түспей  қалмайды . Ұлы Тұранның  теріскейі  мен күнгейінің , батысы мен шығысының  ежелгі , кешегі, ертеңгі  кескіндері  түгел қылаң береді  » деп , туған жердің керемітін айтса айтқандай , ғажап келбетті , осындай даланың ескерткіштерінің қаншама сыр шертетіндігімен таныстық . 362 әулиелі Маңғыстау жеріндегі Пір атамыз Ер Бекеттің аруағы қолдап еліміз тыныш, жерміз аман болсын деп , тәрбие сағатымызды  Сайын Назарбекұлының  мына өлең жолдарымен аяқтаймыз:

Шұғыла шашып  мейірін маңға тарта ,

Алысты жақын етеді  ғажап бір Ата ,

Желей гөр , Ата , жебей гөр Ата – бата бер,

Ер Бекет – Ата , Әулие – Ата , Пір – Ата!

Ер Бекет – Ата , Әулие – Ата ,  бата  бер ,Ата ,

Пір Бекет  – Ата!

 

 

 

 

213 0
Нурбану Койбагарова Тобанияз атындағы жалпы білім беретін мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы Ұлы дала ұстазы № 000614
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: