Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI683

Педагогикалық мониторинг

Оқыту мен оқудың нәтижелерін тексеру және бағалау жүйесін жетілдіру-қазіргі кезде күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Оқыту нәтижесін бағалау мен талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту үрдісінің нәтижесін бағалау, контигенттегі оқушылардың ерекшелігін ескере отырып оқу үлгерімін талдау және мұғалімнің тәжірибесін жинақтап озат тәжірибелерді тарату мақсатында педагогикалық мониторинг жүргізіле бастады. Педагогикалық мониторинг дегеніміз не? Ол қалай жүргізіледі? деген сұрақтар аясында жауап іздесек... 

Мониторинг дегеніміз – «мұғалім-оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау формасының бір түрі.

Басқаша айтқанда, мониторинг оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің нәтижесін талдау мен мектептің даму аймағын болжаудың динамикалық жүйесі.

Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылау түрлерінен оқушының оқу деңгейі мен оқыту жағдайында үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін өзінің ұйымдастыру түрі, жинақтау, сақтау, мәліметті өңдеу және тарату қызметтері бойынша ерекшеленеді.

Мектептегі жүргізілуі төмендегідей бағыттардан тұратын бақылауды  кешенді аналитикалық жүйе деп есептеуге болады.

1.Білім беру сапасының диагностикасы

2.Әлеуметтік жағдайларға талдау

3.Білім беру мазмұнына талдау

4.Психодиагностика

5.Мұғалімдердің педагогикалық мәдениетіне талдау

6.Медициналық диагностика

7.Мектеп бөлімдерінің әрекетін талдау

Диагностика көмегімен білім беру мекемелерінің басшылары білім берудегі олқылықтар мен қажеттіліктерді анықтайды, нәтижелерінің жетістігін қорытындылап, оқыту үрдісінің алдағы кезеңдеріне жоспар құрады.

Педагогикалық ұжымның оқу –тәрбие үрдісіндегі мүмкіндігін, оқушының жеке дамуын, оқыту үрдісінің бөліктері жағдайын зерттеу педагогикалық мониторингтің мазмұнын құрайды, мұғалімнің іс-әрекетін зерттеу үлкен нәтиже береді.

Сондай-ақ педагогикалық мониторинг нәтижесінде оқу мен оқыту, білімді игеру дәрежесі, оқушының танымдық қызығуын, нашар үлгерімнің дидактикалық себептерін анықтау мүмкіндіктерін қадағалауға болады. Алайда білім беру үрдісінде мұғалім мен оқушының қанағаттану дәрежесі мен оқушылардың эмоционалдық жағдайын, мектепішілік қарым-қатынас сипатын анықтауда педагогикалық мониторингтің маңызды екендігіне қарамастан бұл мәселелерді айқындауда мониторинг аз жүргізіледі, ұлттық мектепте бұл салада әлі де көп жұмыстар атқару қажеттігі байқалады.

Оқу орнының материалдық- техникалық базасы, дидактикалық құралдар қоры, педагогтардың мәдениеті, шеберлігі, әкімшілік – басқару әрекеті педагогикалық мониторинг арқылы нақты анықталса да, әлі бағыт беруші еңбектер тым аз.

Мониторингтің барлық қызметтері оқыту мен тәрбиелеу сапасын көтеру мақсатында, басқаруды ғылыми тәсілмен қамтамасыз етуге бағынады.

Мақсат пен міндетті айқындай отырып, негізгі көрсеткіштер мен критерийлерін белгілеп диагностика әдістерін таңдаумен жалғасады.

Диагностика әдістеріне әдеттегідей дәстүрлі сауалнамалар, тест, сұрақ-жауап, бақылау жұмыстары, диктанттарды алуға болады. Дәстүрлі емес әдістерге заманауи үлгідегі бақылау түрлерін жатқызуға болады.

Әрекеттік –технологиялық кезеңінде педагогикалық үрдісті түзету іске асырылып, баланың джамуын тежейтін немесе ынтасын әлсірететін себептерді және кемшіліктерді жою қажет.

Аралық-диагностикалық кезеңде нормативті көрсеткіштермен салыстыру және логикалық талдауға негізделген нормативті көрсеткіштерден ауытқу себептері анықталып, түзету-даму жұмыстарының стратегиясы жасалады.

Соңғы қорытынды – диагностикалық кезеңінде мониторинг нысаны жағдайына баға беріліп, алынған нәтиже алғашқысымен салыстырылады, мақсаты мен міндетіне сай логикалық талдауға негізделіп жүргізілген жұмыс нәтижесі анықталады.

Зерттеудің бұл түрі өте тиімді, оңай. Жаңартылған білім берудегі бағалаудың  үлгілері оқушының деңгейін дәл көрсете алуымен қатар, мұғалімнің сараптама жұмысына жеңілдік бере алады. Зерттеулер нәтижесі арқылы мұғалімнің кәсіби деңгейін болжай отырып, оқушымен нәтижелі жұмыс жасау жолдары белгіленеді.

Мектептің жылдық жоспары бойынша мектепішілік бақылаудың мақсатты, жүйелі, тиімді ұйымдастырылуы педагогикалық мониторинг жасаудың бірден-бір сара жолы.

 

2016-2017 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, халықаралық стандартқа сай келетін оқу бағдарламалары негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыдан ойлау қабылттерін бақылау мақсатында бағалау түрлері өзгерді. Пән мұғалімдері қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстарына сараптама жұмыстарын тиімді жүргізіп отырса, тоқсандық жиынтық бағалау жақсы нәтиже беретіні сөзсіз. Сараптама жасау арқылы салыстыру жүреді. Мониторинг деректерін бастапқы жоспарланған көрсеткіштерімен салыстыру, қолданылған әдістер мен тәсілдердің тиімділігін бағалауға, оларды түзетуге мүмкіндік жасайды. Әрине, мониторингті тәжірибелі мұғалімдер жүргізгені дұрыс. Зерделеу жұмыстары арқылы деректер базасы құрылады, терең талдау арқылы дер кезінде түзетулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Әр бала –жеке тұлға. Барлық адам бірдей ойлап, бірдей тұжырымдап немесе бірдей шабыттана алмайды. Әр түрлі мамандық иелері бірі қуанғанда, бірі жабырқағанда , бірі тыныштықта әртүрлі жағдайда шабыттанады.Ұстаз өз шәкіртінің іс-әрекетіне қарап марқаяды. Өскелең ұрпағымыздың сындарлы ойлап, жүйелі жұмыс жасап, өз бетінше шешім шығарып, саналы әрекеті, әлемдік білім кеңістігінің талаптарына сәйкес болуы заман талабы. Сондықтан заманауи үлгідегі білім көкжиегінен көріну үшін сынның айтылуы маңызды , міннің түзелуі міндетті.

774 0
Тлеуова Шайзат «№11 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қоскөл ауылы Ұлы дала ұстазы № 000332
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: