«Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» – деп алашшыл ақын А.Байтұрсынов айтқандай, жастардың білімді болуы ел ісінің алға басатындығына сенімді ете түседі. Бүгінгі жастар – ертеңгі қазақтың басшылары болатындығы рас болса, жастардың білімін арттыру жұмыстарының маңызы зор. Елімізде Менделеев кестесіндегә элементтердің 99 түрі бар, дегенмен оны өндіре алмай, тек шикізат көзіне айналып отырмыз. Мұндай дәрежеге біліміміздің жетпеу салдарынан түсіп отырмыз. Сондықтан еліміздегі әр баланың сапалы білім алуын қадағалауымыз керек. Бізде әсіресе жаратылыстану бағытындағы мамандар тапшы. Бұл бағытта математика, физика, химия, биология, география секілді ғылымдарды сөз ете аламыз. Әсіресе физика пәні бойынша мамандар тапшы.
Физика (көне грекше – табиғат) – зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. тұжырымдамалармен шұғылданады. Физика негізінен тәжірибелік және теориялық болып екі салаға бөлінеді. Физиктердің көпшілігі таза теоритик немесе таза тәжірибеші болғанымен, екі физика екі бөлек болып көрінгенмен шын мәнінде ол олай емес. Тәжірибелік және теориялық физика бірге хабарласа отырып дамиды. Бір мәселемен теорититктер де, тәжірибешілер де шұғылдануы мүмкін. Алғашқылары қолда бар тәжірибелік хабарларды сипаттай отырып болашақ нәтижелерді теориялармен болжам жасайды, екіншілері бар теорияларды тәжірибелер қойып, тексере отырып жаңа тәжірибелер табады.
Физиканы мектептерде оқыту үшін де мұғалім ұтқыр жоспар әзірлеу керек. Ол үшін төмендегі критерийлерді есте сақтаған жөн:
- Оқушы білу керек ақпараттарды жинап, реттестіру керек;
- Оқушының деңгейіне, жас ерекшелігіне қарай топтастыру қажет;
- Тұтас 5 жыл ішінде білу керек ақпараттарды жазып, жылдарға бөлу қажет, 1 жыл ішіндегілерде де айларға, апталарға бөлген абзал;
- Оқушы нақты ұғыну керек ақпараттарға акциент қоя отырып, сабақ жоспарларын құру қажет
- Сабақ жоспарын неғұрлым оқушы көңілінен шығатындай, қызығатындай етіп дайындау қажет.
Бұл критерийлерге мән бере отырып, күнделікті сабақта оқушыларға пысықтатып отырған да тиімді болмақ. Арнайы он минутты бөліп, физика пәнінен теорияларды, терминдерді, формулаларды еске түсіріп тұрған жөн. Көпшілік оқушылар термин жаттаудан қиналады. Сондықтан төмендегі нұсқаулықтарды ескерсек оларға жаттау да жылдам әрі сіңімді болмақ:
- Әр оқушыда өз қолымен жазылған глоссарий болғаны дұрыс;
- Терминдердің анықтамасы мейлінше қысқа болғаны жөн. Егер анықтама оқулықта көлемді болса оқытушы өзі ықшамдап ұсыну керек;
- Терминдерді ғылыми мағынасында жаттатып, қолданғанда қарапайым сөздерді қолданған жөн. Олардың мағынасын ашық түрде түсіндіру керек;
- Әр терминнің басқа терминдермен байланысын ашу, дыбысталуы ұқсас терминдерді қайталап айту арқылы ұғындыру керек;
Терминдерді ұғынған оқушыны есептер күтіп тұратыны анық. Сондықтан оған формулаларды жетік білген абзал. Формула жаттау да оқушыға қиындық түсіретіні барлығымызға белгілі. Осы жолда формуланы оқушыларға жаттатқызу да мұғалім үшін бір белесті бағындырғанмен тең. Ол үшін төмендегі кеңестерді пайдалану артықтық етпес:
- Оқушыда міндетті түрде формулалар жазылған кітапша үнемі жанында жүруі қажет;
- Оқушының математикалық тұрғыдан теңдеулерді, қатынастарды шешу деңгейін жетілдіру керек (пропорциялық есептерді шеше алмайтын оқушы есеп барысында белгісізді табу үшін формуланы қорыта алмайды);
- Формула ішіндегі белгілердің қайсы нені білдіретіндігін анық түсіндіру керек;
- Формулаларды өлшем бірліктерімен де құрастырып екеуін қатар үйреткен абзал.
Қорыта келгенде, оқушының физика пәнін қаншалықты жақсы үйренсе, соншалықты оқытушының сабақ беру, түсіндіру шеберлігінің деңгейін көре аламыз. Оқушыларға сабақтарды пысықтату, қосымша сабақтарды жиілету пәнді тереңірек түсіндіруге жол ашады. Балаларды деңгейлеріне қарай топтастырып, деңгейлік тапсырмалар беру де жақсы әдіс-тәсілдердің бірі.