«Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады. Біз жылдан жылға жаңғырып, жаңарып келеміз. Қазақ: «Елу жылда ел жаңа» - дейді. Біз жиырма жылдан асар уақытта жүз жылға бергісіз жолды артта қалдырдық» - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мінбелердің бірінде айтқандай, қазақ елі барлық салада дамып келеді. Тәуелсіздігімізге дейінгі және кейінгі 30 жылдағы өзгерістерді салыстыру мүмкін емес. Бұл өзгерістер техника дамуының жемісі екендігі баршамызға аян.
Бүгінде техника дамуының шапшаңдағаны сонша, бүгін ашқан жаңалық ертең-ақ ескіреді. Кешегі Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев сынды іргелі тұлғаларымыздың ғарышты бағындырғаны да, бүгін тек тарих беттерінен көргеніміз болмаса, таң қаларлық жайт емес. Адамдар ғылымды түрлі салада меңгеріп, техниканың түр-түрін ойлап табуда. Біздің ғалам біз ойлағаннан да көп жылдамдықпен дамуда. Кешегі ойлап, армандап қана жүрген дүниелер бүгін көзалдымызда. Әлемге әйгілі техникалардың құлаш жаюына тежеу жоқ. Компьютерлер, теледидарлар, смартфондар, түрлі тұрмыстық өмірде қолданылатын техникалар секілді құралдардың жаңарған нұсқалары өте көп. Тіпті бір техниканы тапсырыспен әмбебап етіп те жасауға болады. Әлемнің осыншалықты тез дамуына үлес қосып отырған мемлекеттер баршылық. Олардың алдыңғы қатарында Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Ұлы Британия, Германия сынды алпауыт мемлекеттер тұр. Ғылым мен техниканың дамуына ықпал етіп отырған аталған мемлекеттер бір-біріне бәсекелестікке түсе отырып, көптеген белестерді бағындырып отыр:
Біріншісі – жүргізушісіз автомобильдер. Әлем мемлекеттері енді адам нұсқауын қажет етпейтін көліктер ойлап тауып отыр. Олар жай көліктерге қарағанда анағұрлым тиімді әрі қауіпсіз. Ендігі алдағы онжылдықта бұл іс қолға алынып, барлық мемлекеттерге таратылып, жай көліктермен орын алмастырары белгілі.
Екіншісі – жасанды ет өсіру. Табиғаттың бізге берген сыйлары өте көп. Тіршіліктің талайды төңкерері де белгілі. Біраз жыл еңбек етңп, үйір-үйір мал өсіріп жүрудің ендігі маңызы болмайтын секілді. Өйткені қазіргі лабораторияларда жасанды ет шығару ісі қолға алынып отыр. Әрине табиғи өнімнің орны бөлек. Дегенмен бұның да өз кезегінде пайдасы бар.
Үшіншісі – адам ағзаларын 3D-баспасы арқылы басып шығару. Дамыған технологиялар енді ауырған адамның ағзасын донор іздеместен алмастыра алады. Адам ағзасына деген тапшылық өз актуалдылыған жою алдында тұр. көзілеспен жылдамдықпен дамып жатқан ғылым адамның кез келген мүшесін жасап беруге қауқарлы.
Төртіншісі –жаппай алгоритмдеу. Ақылды алгоритмдер бүгін біздің жарнамамен өзара әрекеттесуімізді тіпті, кімге дауыс беретінімізді біліп отыр. Олар біздің қалауымызды ең жақын адамдарымыздан да жақсы тани алу мүмкіндігіне ие. Өзіндік артықшылықтарын пайдалана отырып, олар біздің өз қалауымызды айтуды қажет етпейді,тек іштей ойлансақ жеткілікті. Егер бұл құрылғы өз дамуын жоймаса қоғамдағы сөйлей алмайтын адамдарды бізбен теңестірер еді.
Бесіншісі – ақылды үй құрылғылары. Бүгінде адам санасының кеңейгені сонша олар үйлерін жинап та, ас әзірлеп те әуре болмайды. Барлығын ақылды үй құрылғылары жасайды. Игерушіні қажет етпестен үйді тазалайтын шаңсорғыштың қолданысқа енгендігі белгілі. Осы секілді басқа да үй қажеттіліктері өзі істейтін күнде алыс емес.
Алтыншы – ұшатын көлік. Ертеде ұшақ болмаған уақытта ұшатын кілем туралы ертегі айтылды. Иә, күн санап сандық технологияның дамығаны сонша, бұрынғы қиял-ғажайып қиссалар ақырындап ақиқатқа айнала бастады. «Terrafugia» компаниясы өзінің ««TerrafugiaTransition» ұшатын көлігін қашан сатылымға шығаратынын мәлімдеді. Ең ұзақ ұшу қашықтығы – 644 шақырым. Ал жерге түскенде бұл көлік сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүреді. Ұшатын көлік газ-электр қозғалтқышымен қозғалады және «Boost» функциясымен жабдықталған. Аталмыш жүйе қозғалтқыштың қуатын қысқа уақыт ішінде арттыра алады. Сонымен қатар, онда 4 қауіпсіздік жастығы және парашютпен қамтылған.
Жетіншісі – адамдарды аугментациялау. Бұл дегеніміз – биноника. Яғни, бұл кибернитиканың бір бөлімі адам ағзасының инженер-техникалық тапсырмаларды шешуге қарай икемдеп келеді. Мәселен, бейне бақылаулардың көзге жасалған имплантациясы, жоғары секіру, жылдам жүгіру қабілеттілігі немесе электронды құрылғыларды санамыз арқылы басқару – мұның бәрі адам мен машина арасындағы байланысты бекемдеп, басқару жүйесін шынайы ету. Осылайша ашылып жатқан жаңа технологиялық мүмкіндіктер арқылы біз бұған дейін ести алмаған дыбыстарды, сезіне алмаған сәттерге қол жеткізе аламыз. Мұның бәрі жасанды интеллектің бір көрінісі ғана. Мұнан өзге әлемді өзгертерлік тың трендтер мен жеделдетілген технологиялар жетерлік.
Елбасы Жолдауындағы басым бағыттың бірі – сандық технологияны жаңғырту. Бұл дегеніміз – Қазақстанда алдағы уақытта ғылыми технология дамып, инновациялық игіліктер кең қанат жаюы тиіс. Оған қоса, құнды құжатта адами капитал сапасын арттыру назарға алынған. Мұның бәрі түптеп келгенде, егеменді елдің бәсекеге қабілетті 30 озық елдің қатарына енуіне жол ашады.
Білім мен ғылым, инновация дамыған жерде ілкімді істердің алға қадам басатыны белгілі. Сол үшін де бағдарламалық құжатта айтылған ІТ-технология саласын бүгінгі заман жастар меңгеруге барын салуы тиіс. Себебі, бұл – заман талабы. Осылайша қазақ жастары интернетті игілігіне икемдеп, инновацияның мол мүмкіндігін меңгеріп, Қазақ елінің қарыштап дамуына өзіндік үлесін қоса алады.
Тек белсенділік танытып, заманау иілімнің заңғар шыңына шығуға мақсат қойса болғаны. Сонда ғана, қуатты Қазақстанның сандық технологиясы отандық ғылымның өрісін кеңейтуге тынысын ашады.