Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI676

Білім берудегі жаңашыл технологиялар және оның маңызы

 

Қазіргі уақытта оқыту парадигмасы өзгерді. Білім беру мазмұны жаңартылып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты мұғалімдердің алдында оқыту әдістерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды игеру, оларды тиімді пайдалану міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-бұл болашақ ұрпақтың заманауи талаптарына сай келетін жаңа бағдарлама.

Сабақтың сапасы — мектептің маңызды міндеттерінің бірі. Көпшілік шет тілі пәнінің мұғалімдері оқушылардың өздері оқу сабағының сапасына еш қатысы жоқ деген нық сенімде: «Көбірек қаталдық жəне тəртіп, көбірек сабақтағы жұмыс, сонда біз жоғарғы сапаны қамтамасыз етеміз». Жоқ, олай болмайды. Бүгінгі білімнің сипаты өзгерген. Қазіргі жылдам, жанталасқан үрдістер, құндылықтардың бағалануы білімді бүкіл өмір бойына түгел алып шығуға мүмкіндік бермейді. Бұл, ендеше, ағылшын тілін оқыту үрдісін өзгертуді талап етеді, ол дегеніміз — басты міндет болып білімді игеру əдістемесі тұр деген сөз.

Қазіргі  адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың зияткерлік қабілеттерін арттыратын компьютерлік технологиялар мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің ең басты міндеті - мектеп оқушыларының білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру. Қазіргі кезеңде білім және ғылым саласындағы инновациялық педагогикалық технологиялар өзекті болып, педагогикалық инновациялық технологиялар ұғымы мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде кеңінен қолданылатын технологиялардың біріне айналды. 

Ал мен шет тілі пәнінің мұғалімі ретінде өз сабақтарымда ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраны жадында сақтаған білікті тұлғаны қалыптастыруға үйретуде жаңа амалдың 7 модулін қолданамын. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан айырмашылығы жеті модульде жатыр. "Сабақ - бұл мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы", - деді А.Сухомлинский, осы жеті модульдің ішінен мен өзімнің пәнім үшін пайдалы, оны жарықтандыратын, оқушының қызығушылығын тудыратын, білімін жетілдіретін нәрсе туралы көп ойлағаным рас. Саралау арқылы мен әр сабақта бірден бір немесе бірнеше модульді қолдануға болатындығын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Ал оқушыны дұрыс бағыттай білу ол мұғалімнің, яғни біздің өз шеберлігімізге байланысты. Жалпы, оқудағы менің міндетім-оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып түсіндіру. 

Білім беру саласында озық технологияларды енгізу мұғалімнің ойлау стилін, оның жеке бағдарын өзгертеді. Шет тілін оқытуда озық технологияларды қолданудағы басты мақсатым - оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Ерекше орын алатын: оқу бағдарламалары, виртуалды географиялық карталар, оқуда қолдануға арналған электронды оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тесттер, өзіндік жұмыс.

Соңғы кезде педагогика ғылымына «инновация» деген термин енді. Ол өткен ғасырдың 50-ші жылдарында АҚШ, Германияда пайда болды. Ғылымда пайда болған жаңалықтарды зерттейтін орталықтар жұмыс істей бастады. Инновация дегеніміз – кез келген үрдіске, не процесске жаңалық ендіріп, мәселені жаңаша шешу. Қазір әлем қарқынды өзгеру үстінде. Ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан кезеңдері. Жас ұрпақ ұялы телефонсыз және интернетсіз сабақ жасай алмайтын дәрежеге жеткен уақыт. Сол себепті біз оқулықты оқушының қолынан көре алмаймыз. Ендігі кезекте оқушыға білім беріп, оны жан-жақты тәрбиелеу мұғалім жұмысының өзекті мәселесіне айналды. Сондықтан мұғалім уақыт талабына сәйкес өзгеруі керек. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін  білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде болуы. Жаһанда болып жатқан өзгерістер мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесіне де әсер етеді.

Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін» деген даналығы білім алу­шының білімге ықыласын атты­руда ақпараттық – комму­никатив­тік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.

 Қазіргі қоғамдағы маңызды міндеттердің бірі ақпараттандыруда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласында педагог – мұғалімдердің біліктілігін арттыру болды. Әрбір мұғалім заманауи тәрбие мен таным саласындағы жаңа тенденцияларды игеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды практикада қолдана отырып, білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруы керек. Дана халқымыз «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деп бекер айтпаса керек.

Егеменді еліміздің талаптарына сәйкес мектеп оқушыларын оқыту, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ тәрбиелеу - білікті мұғалімдердің қолында. Уақыт өзгереді, әдістер көбейтіледі, жаңартылады және толықтырылады. Өзімнің тәжірибемде балалардың сөйлеуін дамыту, қызықты оқыту үшін жаңа әдістер мен технологияларды қолдануға асығамын. Қазіргі заманғы мектептерге шығармашылықпен үздіксіз дами алатын, біліктілігін үнемі көтеріп отыратын және біздің жаһанданған  әлемде өзгеретін мұғалімдер қажет.

Тәрбие мен білім егіз ұғым. Жаңа технологияларды қолдана отырып әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану үздіксіз тәрбие мен білім беру сапасын арттыратыны сөзсіз. Біздің мектепте оқушыларға білім беруді жалғастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Мектебімізде балалардың жеке басын қалыптастыру мен дамытуда мұғалімдердің педагогикалық технологияларды қолдану қабілеті өте жоғары. Өзім осы уақытқа дейін педагог ретінде балаларды үздіксіз оқыту мен қатар заманауи педагогикалық технологияларды кеңінен қолдануға тырысамын. Себебі қазіргі заманғы балалардың ақпаратты көбірек қабылдайтындығынан, олардың есте сақтау қабілеттері жоғары деңгейде дамығандығынан деп ойлаймын. Заман талабына сай мектеп оқушыларын оқыту, үздіксіз тәрбие беру мен қатар болашақ ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашылық қызметіне тікелей әсер ететін педагогтар яғни біз. 

Дамыған елдердің білім беру жүйесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Мен өзімнің еңбек өтілімнен алған тәжірибем бойынша айтар болсам, ақпараттық технологияларды қолдану - оқушылардың танымын жан-жақты дамытудың басты құралы екені маған таныс. Мультимедиялық оқулықтарды тиімді қолданып, білім беру қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруға болады. Мұндай оқулықтарды пайдалану, ең алдымен, балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын, білімі мен белсенділігін арттырар еді. Мультимедиялық оқулықтар – балалар үшін таптырмас құрал. Ақпараттық технологияларды қолдану балалардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал етеді деп ойлаймын. Электрондық оқытуда мультимедияны қолдану оқушылардың ақпарат беру және түсіну жылдамдығын арттырып қана қоймай, интуицияны, елестететін ойлауды және басқа да маңызды қасиеттерді дамытады деп нақты айта аламын. Интерактивті тақтаны мектеп оқушыларына қолданудың көптеген әдістері бар. Бұл презентациялар, интерактивті оқулықтар, графикалық дизайн, бағдарламалық жасақтама орталықтарындағы жобалар. Сонымен, интерактивті оқыту технологиясының басты ерекшелігі – оқушы білім беру процесінің пассивті тыңдаушысы емес, қажетті материалмен тікелей жұмыс жасайтын белсенді қатысушы. Бұл заманауи білім берудің жаңа технологияларының арқасында мүмкін болды деп ойлаймын. 

Өзімнің тәжірибемде инновацияның үш кезеңін бөліп ұсынбақпын. Бірінші кезеңде инновация туралы ақпарат жинаймын, инновацияның қажеттілігін дәлелдеймін, содан кейін әр түрлі инновациялардан қажетті жаңалықты таңдап, оны қолдану туралы шешім қабылдаймын. Осылай инновациялық қызметтің екінші кезеңіне өте отырып, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеймін, іске асыру жоспарын жасаймын және жаңалықты пайдаланамын. Бұл кезеңде мен жаңалықтарды енгізуге кедергі келтіретін факторларды ескере отырып, оқу–тәрбие процесіне өзгерістер енгізуіме болады, жаңашылдық мерзімдерімен байланысты жұмыстарды жүргіземін. Инновацияны енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық қызмет үшінші кезеңіне өтемін. Бұл кезеңде ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижелерін арттыруға инновацияның әсерін анықтаймын, оқу – тәрбие жұмысына жаңашылдықты тиімді енгізу шарттарын белгілей келе және оны таратуды ұсынамын. Оқытудың инновациялық жүйесі, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білуіміз қалыптасуы тиіс. Мектеп оқушыларына инновациялық ақпараттық қарым-қатынас технологиясының құралдарын қолданудың мақсаты - оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Яғни, оқушының танымдық қызығушылығының болуы оларға білім беру іс-әрекетінде белсенді, білімінде сапалы болуға, жағымды мінез-құлықты қалыптастыруға мүмкіндік береді деген пікірдемін.

Қорытындылай келе, мұғалім ең алдымен инновация туралы түсінікке ие болуы керек деп келесідегідей ойымды тұжырымдаймын. Қазіргі педагогикадағы инновация – білім беру, тәрбие жұмысына жаңашылдықты енгізу, яғни жаңа әдістер, құралдар, жаңа тұжырымдар жасау және оларды қолдану ретінде анықталады. Инновация құрал және процесс ретінде кез-келген жаңалық енгізу жұмыстарын қамтиды. Инновацияға деген қажеттілік белгілі бір мәселені шешу жолында туындайды. Кез келген педагогикалық ұжым, кез келген педагог инновациялық қызметті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ инновацияны дайындау және ұйымдастыру процесінде ол белгілі бір тапсырманы өз мойнына алуы керек, өйткені кез-келген педагогикалық бастаманың объектісі оқушы екенін ұмытпауымыз керек. 

Мектеп кезеңі - бұл адам өміріндегі ең маңызды кезең. Себебі дәл осы кезде оқушының табиғи дарыны жан-жақты дами бастайды. Сондықтан, егер осы уақытта оқушылармен жүйелі түрде жан-жақты дамыту жұмыстары жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Мұндағы білім мен оқыту балаларда жас кезінен бастап табиғи сипат пен қабілеттерді дамытады. Білімді, тәрбиелі ұрпақ мектепке дайын оқушы болады. Бала - біздің болашағымыз, бала - біздің қуанышымыз. Ендеше, менің басты мақсаттарымның бірі – мектеп оқушыларын ақпараттандыра отырып, инновациялық әдістер арқылы үздіксіз біліммен тәрбиемен қамту деп қуана айта аламын.

447 0
Актоты Ауезханова «№11 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қоскөл ауылы Ұлы дала ұстазы № 000325
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: