Білім қазынасын балабақшадағы тәрбиеленуші бүлдіршіндердің бойына сіңіріп, олардың болашақтарына игі ықпал ету негізі міндетіміз. Еліміздің болашағы – ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру баршаға ортақ іс, әрі міндет. Бүгінгі жас ұрпақты тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы – балабақша.
Балабақша табалдырығын аттаған сәби бес жасқа толып алтын ұя метепке қанат қағады. Баланың сәби кезеңіндегі аса жауапты тіршілік әрекеттері, отырып – тұрудан бастап, тамақ ішу, тазалық сақтау, бір-біріне қайырымдылық жасау, тіл үйрену, айналаны танып – білу балабақшадағы тәрбиеден басталып қалыптасатыны белгілі. Ендеше , жас ұрпақтың тәрбие жүйесінде балабақшаның орны ерекше. Мұнда жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижесі ертеңгі күнгі баланың мектептегі алатын білімінің алғашқы баспалдағы болмақ. Білім алу жолындағы қажетті тәжиірбені бала тек балабақшада жинап түсінетіні анық. Балабақшадағы баланың көпшілікпен бірге алған тәрбиенің әсері оның жан-жақты болып өсуіне көп жеңілдік жасайды.
«Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек» - деп М.Шақанов атамыз айтқандай біздің тәрбиешілеріміз бүлдіршіндер тәрбиесіне өз үлестерін қосып қана қоймай, оларға өз ата-анасындай мейірімділік танытып, балапандарды бауырына тарта біледі. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педогогикалық ұстаным – үнемі жаңалыққы ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу, яғни әр баланың бейімділігін білу арқылы биік мақсаттарға жетелейді. Балабақшада дұрыс тәлім – тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білм алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады.Балабақшада түрлі болашақ маман иелерін тәрбиеленіп жатыр – десем артық болмас. Болашақ заңгерлерді – әділдікке үйрету, дәрігерлерді – жауапкершілікке баулу, мейірімділікке тәрбиелеу, құрылысшыларды – нақтылыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтауға тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Осының бәрі балабақшада үйретіліп жатқандықтан, «Балабақша – бақыт баспалдағы» - деп айтқанымыз жөн болар. Балабақша – бала бағбандарының мекені деп тани отырып, «Балабақшаны – бақыт баспалдағы» - деп білуіміз керек. Бақыт баспалдағы – әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдерді жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін «алтын баспалдақ» болуы тиіс. Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамы деп білемін.
«Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» -деп бекер айтылмаған. Балабақша бақаттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.