Қазақстан Республикасының әр азаматы өзінің туған тілін қолдануға, кез келген қарым-қатынас тілін еркін таңдауға, тәрбие алуға, оқуға және шығармашылықпен айналысуға құқығы бар. Сондықтан тіл сауаттылығын қалыптастыру: фонетика, лексика, грамматика саласында тіл жүйесі туралы білімді меңгеру ҚР-дағы заманауи білім алудың бірден бір маңызды құзыретіне кіреді.
Алайда осы міндеттерді шешу оқыту тілі қазақ тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқытудың бірыңғай әдістемесі жоқ екендігімен күрделене түсуде. Бірінші сыныптан бастап мұғалімдер мен оқушылар қазақ тілінің төл дыбыстарын айту мен жазуда бұзушылықтар сияқты мәселелерге тап болады. Мұндай олқылықтарды таза билингвистикалық деп санауға болмайды, себебі ол мәселелер тек қазақ тілін білетін балаларда да байқалады. Жұмыс тәжірибесінен шыға отырып, мен осындай қателіктерді бастауыш сынып оқушыларында ғана емес, сондай-ақ, жоғары сынып оқушыларында да және ересек адамдарда да (мысалы, ата-аналарында да) кездесетінін де нақты айта аламын.
Ана тіліндегі төл дыбыстарды жазудағы бұзушылықтар оны айтудағы бұзушылықтармен, дыбыстарды фонематикалық қабылдаудың қалыптаспауынан, грамматикалық ережелерді білмейтіндіктерімен байланысты.
Кеңес және Ресей логопедиясынан аударылған материалдарға негізделген, қазақ тіліне бейімделмеген, жаңадан дамып келе жатқан қазақ логопедиясын ескере отырсақ, қазақ тіліңің тілдік бұзушылықтарының арнайы түрлерімен байланысты бұзушылықтарды жіктей алмайды.
Тақырыптың өзектілігі келесі ережелермен расталады:
- Қазақ тіліндегі логопедия дамымаған;
- Қазақ тілінің төл дыбыстарын айтудағы бұзушылықтар мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда кең таралған тілдік бұзушылықтар болып табылады;
- Бұл жұмыста мұғалім-логопедтер Е.Ф.Архипованың, Т.В.Сорочинскаяның, Фомичева М.Ф. еңбектерін жұмыста пайдалану негізінде артикуляциялық және ұсақ моториканың кешенді тәуелділігі қарастырылады;
- Осы ереже түзетудің жаңа жолдарын іздеумен, тиімді әдістемені құрумен шарттастырылады.
Мақсаты: қазақ тілінің төл дыбыстарының бұзушылықты жеңуге бағытталған тактильді-кинестикалық әсер етуді пайдалана отырып, логопедиялық түзету жұмысының жолдарын көрсету.
Міндеттері:
- Арнайы педагогикалық және психологиялық әдебиетті зерделеу.
- Кузнецовтың тактильді-кинестикалық әсер ету иппликатор құралын қосу арқылы түзету жаттығуларын жұмыста пайдалануды көрсету.
- Өз жұмысымда ғылыми тұрғыда дәлелденген және іс-тәжірибеде пайдаланылған жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану.
Бұл жұмыста мен Е.Ф.Архипова бойынша тактильді-кинестикалық әсер етуді пайдалану арқылы «Ң» дыбысын түзету, автоматтандыру, дифференциялау кезінде Кузнецовтың иппликаторын қолдану барысын көрсеткім келді.
Қос қол саусақтарының рецепторлық аймақтарына әсер ету, түзету жұмысын қосу кезінде тактильді-кинестикалық модальдықты сезіну күшейеді. Әсер етуді дауысты дыбыстарды бір уақытта айта отырып, жоғары жағы ұшталған затқа саусақтарды басу арқылы жүзеге асырады.
Әсер ету үшін, әр түрлі қолданылатын заттар:
массажерлар, мысалы, Кузнецовтың иппликаторы, массаж жасайтын щеткалар, үсті ине тәріздес пластмассалық сабынсалғыш, т.с.с.
Тілдік қызмет жүйесінде барлық анализаторлар қолданылуы керек: есту, қозғалғыш, тері- кинестикалық, көру. Олардың әрбірі тілдің афференттік, эфференттік негізіне өзіндік үлесін қосады.
Қол саусақтарының қозғалысы орталық жүйке жүйесінің жетілуіне әсер етеді және оның бір көрінісі ретінде баланың тілі жетіледі.
Кузнецовтың иппликаторының әсерінен тері бұзылмайды. Тек кейбір созылуды сезінеді. Иппликатор шағын циркуляцияны арттырады, бұлшық еттерді тыныштандырады, қан айналымын арттырады, соның есебінен ағзаның қоректендіру жүйесін жақсартады.
«Ң» дыбысын қою, автоматтандыру
«Ң» дыбысының артикуляциясы:
- «Ң» - мұрын жолды, тіл арты, дауыссыз үнді дыбыс.
- Еріндер жымқырылады, тілдің артқы жағы жоғары көтеріліп, жұмсақ таңдайға көтеріліп, онымен тоғысады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауаны жауып тастайды, дауыс желбезегі мол тербеледі.
Айтудағы бұзушылықтар: 1. Тіл ұшы мен жоғарғы тіс аралығында таңдайдың алдынғы жағында болады. Дыбыс тіл алды дыбыс болып, «Н» дыбысына ауысып кетеді.
Дайындық жаттығуларыды орындаған кезде, балаға тіл ұшының қозғалыстарын сезінуіне мүмкіндік беру керек. Тіл ұшы төменгі жақтан көтеріледі, ал тілдің артқы жағы жоғары көтеріліп, жұмсақ таңдайға тиеді. Бала аузын кең ашқанда тіл артын жоғары көтереді, таңдайға тигізеді және жібереді. Осы жаттығулар бірнеше рет қайталанып, тіл түбірінің көтерілуін дағдыландырады.
Дыбысты қою
- Еліктеу бойынша: «Қақпа»- «Терезе»- «Көпір»- «Төбешік». Содан соң балаға «Қақпа»- «Терезе»- «Көпір»- «Төбешік» жаттығуын орындауды ұсынады және «н» дыбысын айтқызыды, төл дыбыс «ң» шығуы керек.
- Механикалық әдіс: Логопед шпательмен немесе логопедиялық зондпен тілдің алдыңғы арқа жағын басады және тілді ауыздың артқы қуысына жылжытады. Ауыз қуысы ашық қалады. Тілді ұстай тұрып, баланың «ан» буынын айтуын сұрайды, алғашқы кезде «н» дыбысы шығады, сосын тілді тереңірек жылжытқанда «ң» дыбысы естіледі. Баланың назарын дыбысты айтуына аудартады.
Тактильді-кинетикалық әсер етуді пайдалана отырып «Ң» дыбысын автоматтандыру
Оқыту кезеңі келесі түрдегідей жүзеге асырылады:
Логопед белгілі бір ізділікпен дауысты дыбыстарды айтып, кезекпен саусақ жастықшаларымен Кузнецовтың иппликаторын басып жаттығуды орындайды. Содан соң бала еліктеу арқылы жаттығуды орындайды.
Егер бала жаттығуды синхронды орындай алмаса, оқыту процесі кезеңдерге бөлінеді:
1-кезең. Бүкіл алалқанмен иппликаторды басып, дауысты дыбыстар айтылады.
- А----------------бас бармақ
- О----------------ортаңғы бармақ
- У----------------сұқ бармақ
- И---------------- шылдыр шүмек
- Ы --------------- шынашақ
- Э---------------- алақан
2-кезең. Жекелей және бірізді бас бармақтан шынашаққа дейін саусақтардың жастықшаларын басып, бір мезгілде анық дауысты дыбыстарды айтылады.
3-кезең. Саусақтардың қозғалысы және артикуляциялық аппарат біріктіріліп, автоматтандырылуға жеткізеді.
4-кезең. Қозғалыстың нақтылығы, ырғақтылығы, бірқалыптылығы өңделеді. Осы кезеңде дауысты дыбыстарды күшейте және төмендеу дауыспен айтқан жөн.
Кузнецовтың иппликаторында жасалған жаттығу дағдыларын қалыптасқан соң, бірізділікті сақтай отырып, буындардағы дыбыстарды автоматтандыру ұсынылады.
Автоматтандыруды дауысты дыбыстарды дұрыс айту арқылы бастау керек. Балаларды дыбыстарды ұзақ, дұрыс, нақты айтуға үйретеді. Көру тіректері еңгізіледі - дауысты дыбыстардың символдары айту барысында есте сақталады, еріндер де белсенді жұмыс істейді.
| А- ауыз қуысы кең ашылады |
О- еріндер тұмсыққа тартылады | |
У-еріндер бір жерге жиырылады | |
И-еріндер созылады | |
Ы- төменгі ерін тырысып, ашылады | |
Э-еріндер жоғарғы және төменгі тістерге жабысады. |
Баланың үстелінде орналасқан Кузнецовтың иппликаторымен бірге төменде берілген кестелерді ұсынған абзал.
Жаттығулар келесідей орындалады:
Даустылардың белгісі |
|
|
|
|
|
|
Дауыстылар | А | 0 | У | И | Ы | Э |
Саусақтардың қатысуы | 1-й п | 2-й п | 3-й п | 4-й п | 5-й п | бүкіл сасақтар |
Саусақтардың атауы | бас бармақ | ортаңғы бармақ | сұқ бармақ | шылдыр шүмек | шынашақ | алақан |
Дауысты дыбыстардың артикуляциясын анықтап, балаларды үйреткен соң, дауысты дыбыстарды айту барысында еріндермен белсенді жұмыс істей білген соң, қойылған дыбыстарды автоматтандыруға көшуге болады. Біз қарастырып отырған – «Ң» дыбысы. Балалар берілген кестеге қарап, алынған модульдер бойынша «Ң» дыбысын даусты дыбыстармен қосып айтады.
Е.Ф.Архипова бойынша кез келген қойылған дыбыстарды автоматтандыру үшін 11 модуль ұсынылады. Біз тек қана бірнешесін қарастырамыз.
1-модуль. Дауыссыз-дауыстыны жекелей айтуда олар үзікпен бұрмалау арқылы ұзақ айтылады: «Ң-А, Ң-О, Ң-У, Ң-И, Ң-Ы».
Инелі тренажердың жоғарғы жағына қол саусақтарын кезекпен басып, дауысты дыбыстар айтылады. Балаға дауысты дыбыстарлы айту кезінде еріндер белсенді жұмыс істеу керектігі ескертіледі.
2-модуль.
Дауыссыз- дауысты дыбыстар қосылып айтылады. Қойылған дыбыстар дауысты дыбыстармен бірге қосылады: «ҢА, ҢО, ҢУ, ҢИ, ҢЫ». Балаларға ескерту керек: Қазақ тілінде «ң» төл дыбысы сөздің басында айтылмайды. Қос қол саусақтары иппликаторға басылу арқылы саусақ қозғалысы жасалады.
3-модуль Дауысты – дауыссыз дыбыстар үзікпен бұрмалау арқылы ұзақ айтылады: «А-Ң, О-Ң, У-Ң, И-Ң, Ы-Ң».
4-модуль. Дауысты дыбыс қойылған дауыссыз дыбыспен қосылып айтылады: «АҢ, ОҢ, УҢ, ИҢ, ЫҢ, ЭҢ»
Қорытынды:
Кузнецовтың иппликаторымен тактильді-кинестикалық әсер етуді қосу арқылы, балалардың сөйлеу моторикасының жай-күйі сапалы да оң динамиканы көрсетті:
- Бұзылған дыбысты қою мерзімінің жылдамдығы артты;
- Қозғалысты нақты және тура орындау өсті;
- Бір артикуляциядан екінші артикуляцияға өту жақсарды;
- Дыбыстарды дифференциациялау жақсарды.
Бұл өзгерістер оқшауланған дыбыстарды дұрыс айту жағдайына өз әсерін тигізді. Тәсіл бала бақшасында, мектептерде, үй жағдайларында балалардың тілдік ақауларын түзетуге қол жетімді және тәжірибеде қолдануға болатынын дәлелдеді.
Пайдаланған әдебиет:
1. Архипова Е.Ф. Коррекционно-логопедическая работа по преодолению стертой дизартрии, изд, «Астрель», 2008
2. Сорочинская Т.В. Способ коррекции речевых нарушений у детей. патент РФ на изобретение №2092150, 10.10.1997
3. Фомичева М.Ф. Воспитание у детей правильного произношения, - М., 1989