Бүгінгі таңда мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.Білім беру мазмұнын жаңарту сапалы білім, жарқын болашаққа негізделіп,бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Бүгінгі күнде білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келді. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» -деген жолдар соның дәлелі
Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсақ,
- әлем стандартына сай білім беру;
- бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;
- табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;
- әлем азаматын тәрбиелеу;
- тәжірибелік дағдыларды дамыту;
- функционалдық сауаттылықты арттыру;
- мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсаты мен міндеттерін айқындады. Айта кетсем, бағдардарлама мақсаты:
Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Қазіргі жаһандану заманында ХХΙ ғасырдың азаматтарының бойында қандай білік, дағды қалыптасу керек? сұрағы негізгі мәселеге айналып отыр. Ал оны қалыптастыратын бірден-бір жауапты адам — бастауыш сынып мұғалімі. Бастауыш сынып мұғалімдерінің көтерер жүгі жеңіл емес. Өйткені мектепке келген жас бүлдіршіннің бойында ең алғаш білік, дағдаларды қалыптастырушы осы бастауыш сынып мұғалімдері. Бұл кезекте жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасының ерекшеліктерін жете түсініп, меңгерген бастауыш сынып мұғалімі болашаққа бағдарланған оқушыны қалыптастырады деп ойлаймын.Бастауыш сыныптағы оқушылардың дамуына, қалыптасуына әсер етуші негізгі күш оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынасы кері байланыс болып табылады.
Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруға сабақта үздіксіз жүргізіліп отыратын кері байланыстың қосар үлесі өте зор.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.