Бүгінгі жаhандану үрдісінің жай-күйін тану, "жан берісіп,жан алысып жатқан аласапыран"бәсекелестік дүниенің көзіне тура қарап,суыртпақтап сыр тартып ұғу өмірлік мәні өлшесіз зор әлеуметтік қажеттілік боп отырғаны баршаға мәлім.Біздің мақсатымыз-осындай жаңа заман талаптарына жедел бейімделіп,әлемдік бәсекелестікке бейім болу.Жаhанданудың жаңаша талаптарына сай,көздеген мақсаттарға жету үшін ,нағыз кәсіби шебер педагог болуы керек.
Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық.Біз болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми ауқымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» деді.Білім шаңырағында жүргізілетін көптеген тәрбие жұмыстарының бір саласы өскелең жас ұрпақты халқымыздың ұлттық қолөнеріне баулуға бағытталады, өнерге бейімділіктің алғашқы қадамы баланың өскен ұясынан бастау алып, мектеп қабырғасында оқу-тәрбие жұмыстары барысында ілгері дамытылып, байытылады.
Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден желісі үзілмей келіп жеткен көне де, ізгі дәстүрі жас ұрпақты ұлттық, сәндік қолданбалы қолөнерінің тұнығынан сусындап, халық шеберлерінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан таңғаларлық тамаша шығармалармен таныстыра отырып, өнерге қанат қаққан шәкірттерді шеберлік шыңына жетелеп дұрыс бағыт сілтеу, ұлттық қолөнерге баулу басты мақсатым. Баланың білімін тереңдетуде, шығармашылығы, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарылату барысында қолөнерге деген бағыт-бағдар ерекше.
Сәндік қолданбалы өнер пәні жұмысының іс-тәжірибесіне көңіл аударар болсақ, баланың шығармашылық кезеңдерінде танымдық мүддесінің дамуы бейнелеу өнері, геометрия, математика, жануартану,сызу,т.с.с пәндерге тікелей байланысты болатындығы аңғарылады. Бала оқу процесінде алған білімін, іс-тәжірибе жүзінде қолданып, қолөнер бұйымдарын дайындау кезеңдерінде пайдаланады. Сыныптан тыс бағытта оқушының сабақта алған білімін, әрі қарай жалғастырып, дамытудың негізгі жолы болып есептеледі. Мұның өзі түптеп келгенде баладан шыдамдылық пен төзімділікті қажет етіп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді.
Дарынды балалармен жұмыс жасау нәтижесінде, үйірмеге қатысатын оқушылар, үйірмеге қатыспайтын құрбыларына қарағанда анағұрлым толық мағлұматтарға қанығып, шеберлігі шыңдалып, ой-өрісі кеңи түседі.Қазіргі оқыту технологиясы барысында бала тек үйренуші ғана емес үйренуші-шәкірттен белсенді үйретуші, өзіндік ой-пікір бар жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесінде болу керек. Сәндік қолданбалы өнер пәнінде немесе үйірмелерде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге оған талдау жасап, жасалу технологиясына өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Осылайша балалар әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, баға берумен өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады.
"Дарынды баланы дарынды мұғалім ғана оқыта алады"деген талаптың қойылғанына да аз болған жоқ.ХІІ ғасыр-бәсеке ғасыры,бұл бәсеке енжарлықты,керітартпалықты көтермейді. Егемендік алған еліміз бүгінгі таңда дарынды,қабілетті,жан-жақты жетілген адамды қажет етеді.Сондықтан да мұғалімдердің алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы- салауатты,саналы,білімді өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында озық ойлы жеке тұлға тәрбиелеуге ұмтылу,қабілетін аша білуге талпыну әрбір ұстаздың басты міндетіне айналуы тиіс.Сол кезде ғана елімізде бәсекеге қабілетті маман дайындауға жол ашылады. Мен осы ұсынысымды пайдалана отырып, сәндік қолданбалы өнер пәнінде « Сәндік қолданбалы өнерді үйрету арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» деген тақырыпта жұмыс жасап келемін. Мақсатым: «Жасөспірімдердің ұлт өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қолданбалы өнер жайлы бастапқы түсініктерін қалыптастырып, сәндік қолданбалы өнер сабақтарында шағын бұйым жасай білуіне, үйренгендерін тұрмыста пайдалануына бағыт беру, қолөнерді сүюге тәрбиелеу»
Міндетім:халық педагогикасы бойынша оқушыларға,халық қолөнерін үйрету. Бағытым: Сәндік қолданбалы өнерді үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың кең көлемде мәдениетін, рухани байлығын дамыта отырып, халқымыздың өнерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Бүгінгі оқушы ертеңгі жас маман екені даусыз.Оқушы бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-тәсілдерге сүйеніп,сабақ жүргізсе, өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алады. Дәстүрден тыс сабақтарды оқушылармен жүйелі өткізу олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үлкен қажырлылықты талап етеді.Ұрпақты жан-жақты дамыту үшін мұғалім шығармашылықпен ізденуі тиіс.Ол үшін оқытудың дәстүрлі емес түрлерін,жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану,логикалық сұрақтар,көрмелер,сабақтан тыс жұмыстарды жүйелі түрде үздіксіз өткізу керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың тәсілдері:
-Оқушы білімінің өмірімен байланысы.
-Ғылыми негіздердің зертханалық-сарамандық жұмыстарымен байланысы.
-Алған білімін сапалы,жүйелі меңгеруі.
-Теория мен сарамандық әдістердің байланысты болуы.
-Іздену жұмыстарының ғылыми тұрғыда орындалуы.
Қабілетті,дарынды баламен жұмыс істеуде алдымен нәтижеге жету ынтасын қалыптастыру,шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету өте маңызды.
Шығармашылық-бұл жекелеген мотивациялық құрылым арқылы берілетін ақыл-ой жемісі,ол жеке тұлғаның бойындағы білім мен ептілік,қызығушылық қабілеттерінің әсерімен дамитын қоғамдық маңызды нәтиже.
Өз тәжірибемде қабілетті оқушыларды іріктеу үшін әр түрлі зерттеулер жүргіземін.
1.Пәнге қызығушылығын арттыру.
2.Қабілетін анықтау.
3.Оқушының мінез-құлқын зерттеу.
4.Ерекше бағыттағы мүмкіндігін байқау.
5.Қолдан бұйымдар жасату,тақырып бойынша суреттер салғызу.
Сәндік қолданбалы өнер және дизайн пәндері бойынша, өз пәніме деген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын.Оқушыларды сабақтан жалықтырып алмас үшін, бүгінгі күндегі жаңа технология бойынша сабақ үлгілерін ойластырып, күнделікті жоспарға өзгерістер ендіріп, сайыс, ХХІ ғасыр көшбасшысы түрінде сабақтар өткіземін.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
«Дарындылық тұжырымдамалары» атты психологтар дайындаған құжатта «Дарынды бала дегеніміз – айрықша жетістіктермен ерекшеленетін және іс-әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтамыз» делінген.
Сонымен, дарынды деп, психология ғылымында атап көрсетілгендей, адамның бір іске айрықша қабілеттілігі,өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуін айтамыз.
Баланың бойында күш- қуаты жеткілікті,шын дарынды екеніне сендіру-ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Сондай оқушылардың бірі - "Шалқар аудандық көркемсурет лицейі МКҚК"-не қатысып,қылқалам шеберлігін арттыру мақсатында,білім алып жүрген оқушыларым да аз емес.Бұл оқушылардың ерекшелігі білім алумен қатар,қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып,көңілге қаяу түсірмей,үнемі жаныңнан табылары сөзсіз.Бала-біздің болашағымыз,бүгінгі оқушы-ертеңгі білімдар маман.Сондықтан жастарға тиянақты білім беру ұстаздар қауымына жүктелері белгілі. «Елдің ертеңі-бүгінгі жас шәкірт» атты мұғалім мен оқушылардың шығармашылық кешінде,көрмеге қолдан жасалған бұйымдарын қойып,дарынды тұлға қатарынан табылып, бұқаралық баспа беттерінен орын алуда.
Ұстаздар -талайларға сауле шашар шырақ секілді.Оның жарығы өзінен басқаларға құйылады.Әркез маздап жанып,айналасындағылардың жанына сәуле боп енуі үшін сол шырақтың түгесуіне жол бермеуіміз қажет. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін ашу – мұғалімнің міндеті.
Қорыта келгенде, Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. "Әрбір бала бір жұлдыз,жарқырауына жәрдем бер"дегендей әрбір баланың бойында мүмкіншілігі мен ерекшелігі болады,тек оны ашып,қолдау көрсетіп,дамыту қажет.Адамның көпшілік, қоғамшыл болып өсуі үшін де өнерлі болуының маңызы зор. Өнер адамның дүниетанымына,сеніміне,адамгершілік-моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақты, алдына қойған мақсатының айқындала түсіуіне игілікті әсер етеді.Балалық шақ өнер үйретуге таптырмайтын кезең. Осы кезде қызығу да, құмарлықта күшті болады. Қызығу мен құмарлық, еңбексіз өрге баспайды.Сондықтан халқымыз ежелден қалыптасқан қолөнерінің сан алуан түрлері, ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз берілуін басты назарға алған. Заман талабына сай мамандықты сапалы меңгеру қажеттігі туындайды ."Әрбір бала бір жұлдыз,жарқырауына жәрдем бер"дегендей әрбір баланың бойында мүмкіншілігі мен ерекшелігі болады,тек оны ашып,қолдау көрсетіп,дамыту қажет.