«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы жобасы
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері ( 8 бағыт) «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы жобасы арқылы іске асады. Оқушылар қауымдастығының мақсаты – біріңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбіршілікке, бір тұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқкшылары арасында бауырмалдық, қамқорлық –қарым қатынас орнату. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығына жас аралығындағы әр түрлі екі сынып біріктіріледі. Әр «Шаңырақтың» өз аты, белгілері, ұраны болады.
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының міндеттері:
- Оқушыларды салауатты бәсекелестікке баулу;
- Кішілерге үлкен топтардың басшылық етуі арқылы жоғары сынып оқушыларының бойында көшбасшылық қасиетін дамыту;
- Бірлескен, біріккен, ұйымшыл командалар құру, бірігіп бос уақытты тиімді пайдалану; «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының негізгі міндеті біртұтас команда құру,көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету. Оқушылардың көшбасшылық қасиетін шыңдау .
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының артықшылықтары: -Әр түрлі жастағы оқушылардың өзара ынтымақтастығы; - Жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып оқушыларына қамқорлық танытуы өзара әріптестік мәдениетін қалыптастырады, көшбасшылық қабілеттерін дамытады; Сабаққа дайындық барысында және сабақтан тыс уақытты ұымдастыруда бір-біріне көмек береді; Оқу жылы барысында «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы арасында әр түрлі жарыстар мен сайыстар ( спорттық, зияткерлік, мәдени) өтеді, сол байқауларға қатысқаны мен жеңістер үшін оқушылардың әр қауымдастығы ұпай сандарын жинақтайды.Оқу жылы соңында «Шаңырақ» қауымдастығының ең жоғары ұпай жинап, жеңіске жеткен топ «Туған елге тағзым» жобасы бойынша киелі-тарихи жерлерге саяхатқа шығады.. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы мүшелері мектепішілік және өз қалаулары бойынша жобаларға белсене араласады. Бүгінгі қоғам мектеп алдына өзін-өзі реттей алатын,еркін қарым-қатынас жасай білетін, жаңа әлеуметтік ортаға бейім тұлға қалыптастыруды міндеттейді. Осыны ескере отырып, біздің мектебімізде тұлғаны тәрбиелеу,баланы дамытып,жетілдіру үшін түрлі жобалар арқылы іске асырылуда. Әлеуметтік жобалар – оқушы бойында адами қасиеттерді қалыптастыруға әсер етуші қызмет түрі. Жобалардың басты міндеті: - Оқушылардың бойында үлкенге деген құрмет, толеранттылық,әр түрлі көзқарастағы адамдар арасындағы өзара түсінушілік сынды адами қасиеттердің қалыптасуына жағдай жасау; - Оқушылардың айналадағы қоғаммен бірге дамуына жағдай туғызу; - Ұжымда жұмыс жасауға, алдына мақсат қоюға, оқу мен шығармашылық жұмыстарды жоспарлауға және ұйымдастыруға тәрбиелеу; «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы аясында жүзеге асырылатын жобалар:
- «Оқуға құштар мектеп»;
«Отбасы –орта мектеп»
- «Құқықтық сана-қауымға пана»
- «Дәстүр мен ғұрып»
- «Еңбек елдің мұраты»
«Үнем –қоғам қуаты»
- «Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет»
- «Психологиялық көмек көрсету және мектептің татуластыру қызметтерін ұйымдастыру»
- «Қоғамға қызмет»
- «Мектеп өмірінің бір күні»
- «Дебат» қозғалысы
- Оқушылардың «Өзін-өзі басқару» ұйымдары
- «Музей сабақтары» -«Музей күні»
Жан-жақты жетілген , сындарлы ойлайтын тұлға мейірбан ортада қалыптасады.Сондықтан да оқушылардың әлеуметтік ортада дұрыс жетілуіне қашандай жағдай жасалу керек. Жастар болашақтың тұтқасы демекші, бүгінгі күні өзіне-өзі сенімді, ерік жігері мол, патриот , сауатты да, саналы тұлға тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.