Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білім, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты
Ақпараттың көптеген анықтамалары бар, сондықтан академик Н.Н.Моисеев бұл тұжырымдаманың кеңдігіне байланысты ақпараттың қатаң және жеткілікті әмбебап анықтамасы жоқ деп есептейді.
Халықаралық стандарттарда ақпарат сөзіне келесі анықтамалар берілген:
- адамдар белгілі бір контексте алмасуға болатын объектілер, фактілер, идеялар және т.б. туралы білім (ISO / IEC 10746-2: 1996) [2];
- белгілі бір контексте нақты мағынасы бар фактілер, оқиғалар, заттар, идеялар мен ұғымдар туралы білім (ISO / IEC 2382: 2015) [3];
- адам және (немесе) арнайы құрылғылармен қарым-қатынас процесінде материалдық немесе рухани әлем фактілерінің бейнесі ретінде қабылданатын ақпарат (ГОСТ 7.0-99)
Ақпарат алмасу үшін ақпараттың қандай да бір түрін (яғни деректерге айналуы) қажет болса да, ақпарат, ең алдымен, мұндай ұсыныстың түсіндірмесі (мағынасы) болып табылады (ISO / IEC / IEEE 24765: 2010) [10] . Сондықтан, қатаң мағынада ақпарат мәліметтерден ерекшеленеді, дегенмен бейресми контексте бұл екі термин бір-бірінің орнына қолданылады.
Адамның өмір сүруі деңгейі технологиялар дамыған сайын көтірілу үстінде. Бүгінгі күні Smart Home немесе дауыс арқылы басқарылатын виртуалды көмекшілер (Siri, Alexa, Google Assistant, Алиса) сөзімен ешкімді таң қалдыра алмаймыз. Себебі жаңа технологиялар біздің өмірімізге барынша еніп, өміріміздің барлық саласына әсер етуде. Смартфоны бар кез келген адам мобильді банкинг, онлайн такси шақыру қызметі немесе әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді жиі қолданады. Бос уақытында тіл үйренуге арналған қосымшалар арқылы шет тілдерін үйрену немесе https://www.edx.org/ сияқты арнайы платформалардың көмегімен әлемнің ең үздік университеттерінің курстарына қатысып, өз білімін жетілдіре алады.
Ақпараттық жүйелердің дамуы арқасында қағазбастылықтан айырылып, әр түрлі құжаттарды онлайн түрде алу функциясы пайда болды. Элетронды үкімет порталы арқылы азаматтар өзіне керек құжаттардың көбін үйінен шықпай ақ аз уақытта онлайн алу мүмкіндігіне қол жеткізді.
БҰҰ Интернетке қол жетімділікті адамның базалық құқықтарының бірі ретінде мойындады. Ендігі кезекте азаматтардың Интернеттегі ақпаратқа қол жетімділігін шектеу халықаралық тұрғыда адамдардың құқығын шектеу болып табылады [5].
Ақпараттық технологиялардың дамуы қолданушылар үшін көптеген мүмкіндіктер ашқанымен, оның жағымсыз жақтары да бар. Ең алдымен, бұл ақпараттың көптігі.
International Data Corporation (IDC) компаниясы сарапшыларының бағалауы бойынша, 2020 жылы алынған деректердің жалпы көлемі 64,2 зеттабайтты құрады (1 зеттабайт – миллиард терабайт). Ақпараттың 2%-дан азы болашақта пайдалану үшін сақталғаны хабарланды. Деректердің көпшілігі уақытша болды [6].
We Are Social және Hootsuite өздерінің жыл сайынғы Global Digital 2021 сандық сферасындағы жағдай туралы есебінде ақпаратқа қатысты қызықты мәліметтерді жариялады (1-3 суреттер) [7].
1-сурет.
2-сурет.
3-сурет.
Ақпарат көлемінің үнемі өсуі мен білімнің тез ескіруі – қазіргі білім берудің негізгі мәселелерінің бірі. Америкалық экономистердің айтуынша, әр саладағы 5% теориялық және 20% практикалық білім жыл сайын жаңартылып отырады. Білімдер мен ақпараттардың ескіруіне келесідей мысал келтірсе болады: жарнама индустриясында білім шамамен бес жылда бір рет ескіреді, бизнесте – екі жылда бір рет, ал IT саласында – жыл сайын немесе оданда жиі.
2000 жылы сол кездегі Сауд Арабиясының мұнай министрі Шейх Ямани айтқан «Тас дәуірі тастар таусылғандықтан аяқталған жоқ» деген сөзінде үлкен мағына бар. Себебі 2020 жылдың 19-тамызында Apple компаниясы нарықтық құны $2 трлн жеткен әлемдегі екінші компания болды. Бұл межені 2019 жылдың желтоқсан айында аз уақытқа болса да алғашқы болып бағындырған саудиялық Saudi Aramco мұнай компаниясы еді. Мұнай компаниясын бірінші орыннан ақпараттық технологиялар саласындағы компанияның сырғытқаны – жаңа технологиялық дәуірдің басталғанының символы секілді.
Біз тарихшылар «ақпараттық ғасыр» деп атайтын заманда өмір сүріп жатырмыз. Технологиялардың, әсіресе ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы ақпараттың әлеуметтік дамудың қозғаушы күшіне айналуына әкелді. Деректер бізді барлық жерде қоршайды – біз онымен үнемі бетпе-бет келеміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- https://ru.wikipedia.org/
- SO/IEC 10746-2:1996, Information technology— Open Distributed Processing — Reference Model: Foundations.3.2.5: knowledge that is exchangeable amongst users about things, facts, concepts, and so on, in a universe of discourse
- ISO/IEC 2382:2015 Information technology — Vocabulary: knowledge concerning objects, such as facts, events, things, processes, or ideas, including concepts, that within a certain context has a particular meaning
- ГОСТ 7.0-99 Информационно-библиотечная деятельность, библиография. Термины и определения
- https://ru.euronews.com/2016/07/05/un-denounces-disruption-of-internet-access-as-human-rights-violation
- https://www.ferra.ru/news/techlife/cifra-dnya-skolko-dannykh-sozdalo-chelovechestvo-v-2020-godu-26-03-2021.htm
https://www.web-canape.ru/business/vsya-statistika-interneta-i-socsetej-na-2021-god-cifry-i-trendy-v-mire-i-v-rossii/