Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?-деп Абай атамыз айтып кеткендей ойынсыз бала өмірін елестету мүмкін емес.
Ойын- балалар өмірінің нәрі,жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өсетіні бәрімізге мәлім. Қазақта «баланы ойын өсіреді» - деген әдемі сөз бар.Сондықтанда бала ойнап жүріп ақ ойланады, көңіл –күйі көтеріледі, дене бітімі шымырланып, ойы дамиды.
Ойын баланың мектепке барғанға дейінгі ең басты жұмысы.Сол себепті ойынның – балабақшада алатын орны ерекше. Ойын – бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі баланы дамытатында, өсіретінде, тәрбиелейтінде осы – ойын.
Балабақшаның қазіргі заман талабына сай бала тәрбиесіне, балалар ойындарына ерекше мән беріліп отыруыт иіс. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойы, зейіні тұрақсыз болып келеді.Олардың қайталана беретін бір істен тез жалығуы қалыпты жағдай. Сондықтанда балалардың жалықпауы үшін, көбіне ойын түрінде жүргізген ыңғайлы.
Ойын түрлері өте көп. Солардың ішінде сергіу ойындары, дидактикалық ойын , қимыл –қозғалыс ойындары ,логикалық ойындар, ұлттық ойындар т.б түрлері бар. Бұл ойындар арқылы ұйымдастырылған оқу қызметі балаларға жеңіл, әрі түсінікті келеді және іс- шаралар ойын арқылы көңілді әрі қызықты болады. Ойынды іріктеп алуға ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы мен мақсатына және балалардың жас ерекшелігіне ерекше назар аудару керек деп ойлаймын. Мектеп жасына дейінгі балаларға ең маңызды ойын түрлері-дидактикалық және қимылды ойындар. Дидактикалық ойын баланың білімін оятып, қызығушылығын арттырады, ал қимылды ойын баланы шапшаңдыққа үйретеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету керек. Сонда ғана ойынның өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі деп ойлаймын.